48
Тасты – Ұлытау өңіріндегі көне мекен орны (соның қалдықтары).
Қаз. тас сөзіне
–ты жұрнағын жалғау арқылы жасалған атау.
Татаркөл – Қарғанды облысының Ұлытау ауданындағы көл Татаркөл деп аталады.
Татар – Татарстанда және тағы басқа мемлекеттерде тұратын халықтың, ұлттың аты екені
белгілі.
Ғалымдар
татар этнонимінің шығу тегі жайлы әр түрлі топшылаулар жасайды. Бір
жорамалда
Татар аты Жошының немересі – Буваладан туған Татар ханның есімімен
байланыстырылса, екіншісінде татар сөзі
тат – (басқа, жат елден,
жат рудан, «ерікті
әскер» деген мағынада) және –
тар деген көптік жалғауынан бірігіп (тар+тар-татар)
жасалған атау деген пікір айтылады. Тағы бір жорамал бойынша бұл этноним
тата-р
(«хитрый», «своенравный») деген сөзден қалыптасқан деп қаралады. Татар этнонимі
Махмуд Қашқаридің сөздігінде де кездеседі. Алайда бұл этнонимнің мән-мағынасы,
этимологиясы әлі толық ашыла қойған жоқ.
Ұлытау – Сарыарқаның оңтүстік
батысындағы ұсақ шоқылы, аласа таулы жер.
Орташа биік. 400-600 м., орта бөлігі 800-1000 м., ең биік тұсы 1134 м. Гранит
жыныстарынан пайда болған тау. Етегіндегі жазықта қарағай және басқа ағаштар қалың
өседі. Ұлытау – село, аудан орталығы. Елді мекен іргесі 1846 ж. станса ретінде қаланған.
Көне түркі жазба ескерткіштері сөздік қорында «
ұлығ» тұлғалы сөздің «үлкен, ұлы,
күшті биік, өте» іспеттес бірнеше мағыналары бар. Бұлардың қай-қайсысы болса да мына
әңгіме болып отырған тау атауына сәйкес келмейді.
Ертедегі түркі тілдерінде бұл көрсетілген
«ұлығ» сөзінен басқа «ұлық» дыбыстық
құрамда айтылатын тұлға да бар. Оның беретін мағынасы; бірде – «шоқтық», кейде –
«ескі, тозған». Осындағы
«Ұлық»-тың
бірінші мағынасы «тау» сөзімен тіркесіп,
«Ұлық
тау» болып, сол кездегі түсінігі
«шоқтық тау» дегенді ұғындырып, бері келе, біріккен сөз
кіріге келіп,
«ұлытау» қалпында тұрақтауы нанбайтын нәрсе емес.
Ал монғолдарша –
«илүү», қалмақ тілінде –
«үлү» сияқты сөздер біздің тілімізде –
«артық, жоғары» түсініктермен мәндес. Тегіс, жазық жер деңгейіне қарағанда, төбе,
шоқылардың жоғары, артық болып көрінетінін ескерсек,
«илүү» немесе
«үлү» сөздері
арқылы да
«Ұлытау» атауы қалыптасуы шындыққа жуық.
Ең соңында, тунгус-маньчжур тобындағы тілдердің бірқатарында «
ала» сөзінің қазақ
тіліндегі – «аласа, төбе» мағыналары орнына жұмсалатындығын байқаймыз.
Қорыта айтсақ, «
Ұлытау» атауы қазіргі түсінігіміздей «биік, үлкен тау» дегенді
білдірмейді. Оның ертедегі тұлғасы «
ұлық тау» немесе
«ала тау» қалпында тіркесіп,
тұңғыш мағынасы – «шоқтық тау», «аласа тау» сияқты ұғымға мегзеген. Келе-келе «
ұлық
тау» немесе «
ала тау» дыбыстық өзгерістерге душар болуы нәтижесінде қазіргі кездегі –
Достарыңызбен бөлісу: