Қолма-қол ақшамен операциялардың және есеп айырысу операцияларының есебі. Орындаған: Агадилова Айгерім iii-курс 32 топ студенті


III Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге кассалық қызмет көрсетулер



бет3/3
Дата14.06.2016
өлшемі460.3 Kb.
#136162
1   2   3

III Бөлім. Есеп айырысу-кассалық бөліміндегі клиенттерге кассалық қызмет көрсетулер

3.1. Нақты ақша қабылдау кассалық қызметін көрсету

Екінші деңгейлі банктің клиенттерге кассалық қызмет көрсетуі және нақты ақшаны орнықтыруы үшін есеп айырысу кассалық бөлімде кассалық операция бөлімшесі ашылған. Кассалық операция қызметі Ұлттық Банктің екінші денгейлі банк және банк операцияларының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелердегі кассалақ операцяны жүргізу бойынша 2001 жыл үшінші наурыздағы № 58 ережесіне сәкес орындалады. Заңда қолданылатын түсініктемелер - касса нақты ақша және басқа да құндылықтарды қабылдау және беруге арналған арнай бөлімше; кассалық операция, бұл қабылдау, қайта санау, айырбастау, нақты ақша беру және құндылықтарды сақтау операциялары.



Орындалған жұмыс көлеміне байланысты келесі кассалар құрылуы мүмкін;

1. Кіріс кассасы;

2. Шығыс кассасы;

3. Ақша түсімін қайта есептеу кассасы;

4. Валюталық касса;

5. Кітапша беру бойынша касса т.б.

Ақша және басқада құндылықтарды қабылдау және беру үшін касса жұмысына басқару және бақылау жүргізетін касса меңгерушісімен басқарылатын касса құрылуы мүмкін.

Кассалық жұмыстың ұйымдастырылуына материалды жауапты тұлғалар мыналар:


    1. Банк басшысы;

    2. Бас бухгалтер;

    3. Касса меңгерушісі.

Банк басшысы кассалық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы мен құрылуына жауапты, яғни банк қоймасындағы нақты ақшаларды кіргізу және шығару тәртібіне қойманың өз уавқтында ашылып және жабылуына Бас бухгалтер кассалық операциялардың бухгалтерлік есебінің дұрыс жүргізуіне қарайды. Нақты ақшаларды қабылдау және құндылықтарды беру бойынша жұмыспен кассалық аппарат айналысады. Әрбір касса қызметкеріне жеке іс жүргізіледі, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттар, материалды жауаптылық тұралы келісім, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық көшірмесі сақталынады. Кассирдің жұмыс орны міндетті түрде сейф есептеу техникаларымен бір-бірінен алыстатылған үстелдерімен жабдықталу керек. Касса қызметкері өз жұмысын банктің басқа қызметкеріне сеніп тапсырмайды. Әрбір банк мекемесінде арнайы қоймалар және ол жерде міндетті түрде сақталуда:

  1. нақты аұша қалдыға;

  2. қатаң есеп беру бланкілері;

  3. бағалы қағаздар;

  4. шетел валютасы.

  5. ағымды жылдағы кассалық құжаттар.

Қойма барлық техникалық талаптарға сай келуі керек. Қойманы ашу және жабу материалды жауапты тұлғамен беітілген бір уақытта жүргізіледі.

клиенттерден банктерге ағымды және корреспонденттік шоттарына ақша аудару екі құжат бойнша жүргізіледі:

  1. хабарламаға қолма-қол жарна (Қосымша 7);

  2. кіріс касалық ордер (Қосымша 8).

Хабарламаға қолма-қол жарна үш бөлімнен тұрады:

    1. хабарлама;

    2. түбіртек;

    3. ордер.

Клиент хабарламаны толтырып аяқтаған соң, шот менеджеріне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексереді және кіріс кассалық журналға тіркейді. Хабарлама кассаға өткізіледі. Клиенттен нақты ақша қабылданады, хабарлама кассада қалады, түбіртек клиентке мөр басылып беріледі, ал ордер бухгалтерияға немесе бэк-офиске өткізіледі. Келесі өткізбе құрылады

Дт -1001


Кт – 2203

Нақты ақша беру үшін клиент кіріс кассалық құжатты толтырады, шот менеджеоіне ұсынады. Шот менеджері реквизиттердің дұрыстығын тексеріп, бухгалтер контралерге береді. Бухгалтер контралер құжатты кассалық журналға тіркейді және клиенттің қол мөр үлгісі бар құжатын тексереді. Құжат тексерілгенннен кейін клиенттен нақты ақша қабылданады. Қабылданған сумма мен құжатта көрсетілген сумма салыстырылады. Егер жетіспеушілік табылса акт жазылады. Операциялық күннің соңында айналым кассалық журнал мен кіріс кассалық журнал тексеріледі. Барлық қабылданған нақты ақшалар клиенттің шотына сол күні аударылуы керек.




    1. Нақты ақша беру кассалық қызметін көрсету

Нақты ақшаны беру шығыс кассасы арқылы ақшалай чек және шығыс кассалық ордер (Қосымша 9) құжаттары бойынша жүргізіледі. Ақшалай чек – бұл қатаң есептегі құжат болып табылады, клиенттің өзінің шотынан ақша алуы үшін жазылады (Қосымша 10).

Шығын – 7339 – 1 тенге

Ақшалай чекті мына мақсаттарда ұсынады:


Ақшалай чек шот менеджеріне мыналарды тексеру үшін беріледі:

            • Ағымды шоттағы қаржы жеткіліктігін;

            • Клиентетрдің қол үлгілерін салыстру;

            • Берілген ақшалай чек номері;

            • Жеке бас куәлігі жәе басқа да реквизиттер.

Соннан кейін шот менеджері клиентке кассаға көрсету үшін чекпен бақылау маркасын береді. Кассир ақшалай чектің дұрыс толтырғандығын қайта тексереді:

  1. Клиент шоттарын жүргізетін жауапты қызметкерлер қолдарының болуы;

  2. Сома жазбаша және санмен жазылғандығын;

  3. Жеке бас куәлігін;

  4. Бақылау маркасының номері, оны чекке жабыстырады;

  5. Клиентке ақшаны береді және кассалық құжаттарға қолын қойады.

Ағымды шоттан ақшалай чекке сәйкес нақты ақша бергенде:

Дт – 2203

Кт – 1001

Басқа да құндлықтарды беру үшін баланстан тыс ордер құрылады. Кассадан нақты ақшаны бергенде реестірлік журналға тіркейді. Операциалық күн шегінде клиент ақшалай чек бойынша бір немесе, бірнеше рет нақты ақша алуға құқығы бар. Шот менеджері шығыс кассалық журналды бухгалтер контралерге тапсырады. Бухгалтер контралер міндетіне құжатта міндетті тұлғалар қол қойуын тексереді, суммаларды салыстырады. Сонымен қатар кіріс кассалық құжатты кассирге береді. Кассирдің міндетіне ақшалай чектік көрсетілген сома мен клиентке ұсынған соманы салыстыру, клиент құжатарын тексеру және де клиентке берілетін ақшаларды санау, тексеру маркасын салыстыру. Операциялық күннің соңында шығыс кассалық журнал айналым кассалық журналымен салыстырылады.




    1. касса және құндылықтарға тексеру

Ақша қаражаттары мен құндылықтарының сақталуын бақылау мақсатында банк мекемелерінде жоспарлы және кенеттен тексеру жүргізіледі. Банкнота мен монеталарды келесі жағдайлрда тексереді:

  1. банк басшысының тапсырысы бойынша тоқсанына бір рет;

  2. жыл сайын, қаңтардың 1-де;

  3. басшы касса менгерушісі ауысқанда;

  4. банк немесе Ұлттық Банк төрағасының өкімі бойынша.

Есеп айырысу - кассалық бөлімде тексеру кезінде ақша артығы табылса онда келесі өткізбе құрылады:

Дт -1001


Кт – 4802, 4920

Ал кассадан табылған жетіспеушілік кінәлі тұлғаға қойылады. Егер құндылықтардың артықшылығы табылса:

Кіріс – 7339 – 1 тенге

Операциялық күн соңында касса бойынша жүргізілген барлық операциялар Бас банкте көрсетіледі. Ұлттық Банк Орталық Кассалық Операция бөлімінде екінші деңгейлі банктердегі кассалық қызметті реттеу жүйесін жүзеге асырады. Бұл нақты ақша массасының реттеуге басты себеп болып табылады. Кассалық операция банк балансында ең өтімді актив операциялары болып табылады. өтімді активтердің көлемі мен үлесіне көңіл аудару керек. Бұны талдауда резервтік талаптың ең төменгі мөлшерін анықтау керек. Резервтік талаптың көлемі міндеттемелерде анықталады. Резервтік талаптың ең төменгі мөлшерінің орналастыруының екі түрі бар. Бірінші, ағымды айда ақшны резервтік активтерде орналастыру. Резервтік активтердің сомасы резервтік талаптан кем болмау керек. Бұл әдісті салымдарды кепілдендіру қорының мүшелері пайдаланады. .

Резервтік активтерге келесілер жатады:


Екінші әдісі - Ұлттық Банкте сақтайды.

Есеп кассалық бөлімде клиентке қызмет көрсетуде кассалық қызметтің маңызы зор. Қазіргі таңда кассалық қызмет көрсету жүйесі автоматтандырылған, яғни банкоматтар орнатылған.

Орталық Кассалық Бөлім жалпы кассалық қызмет көрсетулердің ережесін бекітеді. Кассада жүргізілетін операциялар бойынша бақылау жасайды, саясатын белгілейді, заң бойынша төлемсіз банкноттар мен монеталарды қабылдады, жәбірлену көлемі 70% дейін. Кассалық қызметтің көлемін кеңейтуді, оңтайлы кассалық қызмет көрсетудің әдістерін іздестіреді.


Қорытынды

Қазіргі таңда банкоматтармен қатар, есеп айырысудың электрондық әдісі, төлемдердің «Home-Банкинг» қызметі арқылы бонктік қызметті үйде тұтынуға болады.

Бұл жүйенің бастамасы 1982 жылы Nottingam Building Society құрылыс компаниясымен Шотландия банкі және британдық байланыс компаниясының Homeline жүйесін енгізуден басталады. Осы жүйені қолдану арқылы клиент банкке келмей-ақ банктік қызметтерді тұтынады, яғни;


  • Төлем құжаттарын электронды түрде ұсынады;

  • Шоты бойынша жүргізілген операциялар анықтамасын алады;

  • Банктен анықтамалық ақпараттарды алады;

  • Кәсіпорын-банк жүйесі арқылы операциялар орындайды;

Бұл жүйе қазақстанға 2003 жылдан бастап енгізілді. Санаулы банктер бұл жүйенің қызметін тұтынуда. « Home-Банкинг» жүйесінде сақтық әдісіне терең көңіл бөлінген.

Жұмыс барысында байқағандай есеп айырысу-кассалық бөлімдер көбеюде. Ең көп есеп айырысу-кассалық бөлім Халық Банкінде. Ол жерде есеп айрысу-кассалық бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін көтеру мақсатында курстық оқытулар жүргізеді. Есеп айрысу-кассалық бөлімінде ең ауқымды операцияның бірі төлем картасы бойынша жүргізілетін операциялар болып табылады. Банктің стратегиялық мақсаты сенімділікті сақтай білу болып табылады, яғни клиент алдындағы міндеттерін орындай білуі керек ол үшін банктің басқару жүйесі терең қарастырылуы карек, банктік ұсынылған өнімді жоғарғы дәрежеде бағалау үшін маркетингтік зеттеулер жүргізілуі тиіс. Банктер жеке клиенттер алдында «қарапайым», корпаративті клиенттер алдында респектабельді және де мемлекеттің тірегі, халықаралық деңгейде таңымал болуға ұмтылуы тиіс.

Банктік қызмет көрсету жүйесінің алдағы уақытта дамуы жөнінде батыс елінің экономистерінің айтуы бойынша болашақта банк жүйесінің дамуында елеулі өзгерістер болады. Барлық банктік қызметтер интернеттік жүйе арқылы орындалады, яғни миллиондаған қызметкерлер жұмыстарын үйіде орындай алады. Офистердегі орындар босап, әкімшілік мекемелердің қажеттілігі азаяды, осы кезекте еңбек өнімділігі 4 есе өседі, кәсіпорындар шығыны азаяды деген тұжырымдар бар.

Жалпы алғанда қазастандық банктердің қызметі жүйелі түрде дамуда, есеп айырысу-кассалық бөлімінде клиенттерге қызмет көрсету бойынша

операциялардың аса көптеген жүргізіледі. Егер осы қарқынмен банк жүйесі дамыса, келер шақта зор жетістіктерге жетуімізге сенімдімін.

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;

2.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II);

3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II);

4. Қазақстан Республикасының «Ақша төлемдері мен аударулары туралы» Заңы 29. 06. 1998. №237-I (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 29. 03. 2000. №42-II);


  1. «Пруденциалды нормативтер туралы» ережелер 23. 05. 1997. №219 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 02. 06. 2000. №265);

  2. Ұлттық Банктің Қаулысы «екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының минималды мөлшері» 02. 06. 2001. №192;

  3. Ұлттық Банктің «Екінші деңгейлі банктерде және банк операциясының жекеленген түрін жүзеге асыратын мекемелерде кассалық операцияны жүргізу» ережесі 03. 03. 2001. №58.

  4. Банковское дело. Под ред. Сейткасымов Г.С. – Алматы «Қаржы-Қаражат», 1998;

9.Қалғұлова Р. Ж. Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есеп –Алматы, 2005;

10. Банковское дело. Под ред. Лаврушина О.И. – М: «Финансы и статистика».1999



11.Словарь банковских и финансово-экономических терминов Под ред. Н. К. Мамырова.- Алматы: Экономика, 1999

12. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Хабаршысы

13. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Статистикалық Бюллетень

14.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Экономикалық шолу



15. Қазақстан Республикасының Банки казахстана







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет