Омарова А. Т., Мамытканов Д. К. ӘЛеуметтік жұмыстың этикалық негіздері алматы 2018



бет12/27
Дата25.10.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463349
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27
annotation140522

Төзімділік әлеуметтік қызметкердің күнделікті қызметіне қажет, солай болғандықтан, ол әр түрлі клиенттермен жұмыс істейді, олардың көбісімен қарым-қатынасқа түсу өте қиын. Осындай қиындықтар жас ерекшеліктері ретінде (мысалы, есте сақтауы нашар болуы), сонымен қоса клиенттің қызбалығымен (мысалы, ашуланшақтық) сипатталады. Әлеуметтік қызметкер барлығына шыдамды болуы керек, мағынасы жоқ әңгімені тыңдауға дайын болуы қажет, қызу қанды клиентті тыңдауға төзімді болуы, тіпті егер осы эмоциялар әлеуметтік қызметкерге себепсіз бағытталса да төзімділік танытуы керек. Ол үшін бастысы – мәселесі бойынша клиентке ойын айтуға мүмкіндік беру, жағымсыз эмоциясын алу және әңгімені сындарлы арнаға бағыттау, яғни ақпаратты толық көңілге алу және жіберу, ортақ қызметтерге мотивация жасау және түсіндірушілікке жету үшін бағытталады. Мотивациялық функция әлеуметтік және кәсіби мотивтердің әлеуметтік жұмыс барысында қалыптасып, нәтижелі түрленуіне қызмет етеді.
Жақсылық тілеу әлеуметтік қызметкердің адамгершілік мәдениетінің негізі болып табылады. Әлеуметтік жұмыстың мазмұнының өзі кәсіби қызмет ретінде адамға жақсылық тілеу мен жақсылық жасауға негізделген. Жақсылық тілеу маман мен клиент арасындағы қарым-қатынастың барлық этаптарында болуы керек. Клиентке жақсылық тілей отырып, әлеуметтік қызметкер оның әрекеттеріне басшылық жасайды, оның қателіктерін көрсетіп, қиын мәселелерін шешуге көмектеседі. Әлеуметтік қызметкердің жақсылық тілеуі оның адамдарға деген сүйіспеншілігінің көрінісі болып табылады.
Ақниеттілік – әлеуметтік жұмысқа ең қажетті принциптердің бірі. Бұл принцип әлеуметтік қызметкер мен клиентке бағытталады. Себебі, әлеуметтік қызметкер өз ісі үшін ақыны клиенттен емес, арнайы әлеуметтік ұйымнан алады және де керісінше. Яғни, егер де клиентке ақылы қызмет көрсетілсе де осы жағдай қайталанады. Әлеуметтік қызметкердің бұл принципі маманның клиентке деген қосымша көмегімен, оған деген қосымша құн сұрамауымен де бағаланады.
Тіл тапқыштық – әлеуметтік қызметкердің маңызды сапасы. Клиентпен танысудан қарым-қатынас басталады, жұмыспен қарым-қатынас та онымен бітеді. Әлеуметтік қызметкердің тіл тапқыштығы көбінесе оның қызметінің сәттілігіне тәуелді, өйткені, ол клиенттің үмітін ақтаудағы қарым-қатынасы арқылы біледі. Қарым-қатынасқа түскенде клиенттің өзгерген жағдайлары ашылуы мүмкін, бұл жұмысқа түзету енгізуге рұқсат етеді, оны одан әрі тиімді етеді. Әлеуметтік қызметкер әріптестермен қарым-қатынасқа түскенде жұмыс тәжірибесін іріктейді, таратады және де оған қатысты толғандыратын сұрақтарды шешеді, жалпы мәселелерді талқылайды. Басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер мен ұйымдармен қарам-қатынасқа түскенде әлеуметтік қызметтің дамуы қалыпты функциялауға қажетті сұрақтарды шешеді.
Оптимизм – бұл әлеуметтік жұмыстағы өте қиын сапаның бірі, солай болғандықтан, әлеуметтік қызметкер қандай қызметте істесе де көптеген қиын мәселелері бар, бақытсыздыққа ұшыраған адам түрінде көрінеді, ол бүкіл мәселелерді обьективті және субьективті себептерге байланысты шеше алмайтындығын біледі. Сонымен қоса әлеуметтік қызметкер адамдарға көмек көрсетеді, яғни, кішкене болса да олардың қайғыларын жеңілдетеді, демек, жақсылық жағдай оның оптимизмінің қайнар көзіне қызмет етеді. Өзінің айналасындағы адамның қайғысын бақылайтын маманға жақсылыққа және әділеттілікке сүйену, оптимизімді сақтау қиын, бірақ материалдық, тұрмыстық және әр түрлі басқа көмекті қажет етеді, әлеуметтік қызметкер адамдарға қуаныш, үміт және сенімді сыйлауы керек, егер сенім де, үміт те болмаса, көмекті іске асыру мүмкін емес. Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік оптимизмі үнемі өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіруде. Адамның әлеуметтік әділеттікті іске асыруға сенімі болады. Әлеуметтік қызметкерде әлеуметтік оптимизмнің болуы тек қана клиентке оны «жұқтырмайды», сонымен қатар жағдайды жақсартуға әр түрлі амал-тәсілдер жасайды. Сонымен қоса оптимизм әлеуметтік қызметкердің күйі мен клиенттің белсенділігіне байланысты. Оптимизм әлеуметтік қызметкердің тұлғасының басты бөлігі болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет