Өмірбаяны Мәшһүр Жүсіп Көпеев 858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын



бет1/4
Дата12.10.2023
өлшемі1.11 Mb.
#480497
түріӨмірбаяны
  1   2   3   4
М. Жүсіп

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Өмірбаяны

Мәшһүр Жүсіп Көпеев – 1858 жылы Павлодар облысының Баянауыл деген жерде әкесі Көпейдің 42 жасында, анасы Ұлбаланың 18 жасында дүниеге келген ақын, фольклортанушы. 5 жасында Баянауылдағы Байжанның медресесінде Нәжімолдин хазіреттен білім алады. 8 жасынан бастап Камараддин хазіреттің қолында 15 жасына дейін оқиды. 1874 жылдан бастап 16 жасынан ұстаз бола бастайды. 20-25 жас аралығында Сарыарқа мен Жетісуды аралайды. Ташкент, Бұқара қалаларына барып білімін жетілдіріп отырған. 1887 жылы алғаш рет Бұқараға барады. Араб, парсы, шағатай тілдерінде еркін сөйлеген. 1931 жылы дүние салады.

М.Ж.Көпеев - зерттеуші

Ол ел арасынан: “Қамбар батыр”, “Ер Тарғын”, “Ер Көкше”, “Ер Са­йын”, “Нәрік ұлы Шора батыр”, т.б. тәрізді батырлар жырында, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Алтынбас-Күмісаяқ” т.т. лиро-эпос­тық жырларды да, сондай-ақ “Киік”, “Боз­торғай”, “Дін үйренетұғын” тәрізді басқа шығармаларды да жинаған. Қолжазбалар ішінде “Сайын батыр” жырының көлемі 2000 жолдан тұрады деген де дерек бар. Зерттеуші ел арасынан түрлі ертегілер де жинаған – “Еділ-Жайық”, “Көр ақтарған Жаманбай”, “Баһырам патша ту­ралы”, “Есен тентек туралы”, “Ертеде бір хан болыпты” , “ Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама”, “ Еңсегей бойлы Ер Есім”, “Алаша хан”, “ 7 жасар Жел­кілдек”, “Ер Төстік”, “Әз Жәнібек және бір ұста”, “Екі патша”, “Әділ би”, “Сүйіндік:Олжабай батыр, “Тама Сарыбас мерген”, т.б.

Жүсіп сондай-ақ ақындар айтысының не бір тың үлгілерін де жинаған. Мәселен, “Ұлбике қыз бен Күдері қожа айтысы”, “Ұлбике қыз бен Қарақалпақ Жанкел ақын айтысы”, “Ұлы жүз Үйсіннен шыққан Үмсін қыз бен Заман қожа айтысы”, тәрізді ақындардың сөз қағыстырулары Мәшһүр Жүсіп қолжазбаларында белгілі бір тәртіппен, реттілікпен берілген және қанша жолдан тұратынын да айтып кеткен. Ақын қолжазбаларында көптеген ақын жыраулардың өлең мен қиссалары, дастандары т.б. бар: Бұхар жырау, Мәделі қожа, Сақау ақын, Ақан сері, Шернияз т.б. өлеңдері, Қоңырат Сапақ датқа ақ­ын, Үйсін Үмсін қыз, Заман қожа, Тоғжан, Қалдыбай қожа, Шөже ақын, Арғын- Қамбар Жанақ, Найман Сабырбай, Най­ман Түбек, Найман-Опан қыз, Орынбай, Шортанбай қожа, Күлік-Жамшыбай, Қаракесек Бал­та, Көтеш, Ақмолла, т.б. ақындар туындыларын қағазға түсірген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет