Омөж тақырыбы: ҚР жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары Орындаған: Акынтаева С., Құқықтану Тексерген: п.ғ. к., доцент Есенгулова М. Н. Ақтөбе 2021 ж. Жоспары



бет2/4
Дата02.01.2022
өлшемі28.06 Kb.
#452607
1   2   3   4
ОМӨЖ 1, Акынтаева С., құқықтану

Жолдаудағы білім берудің бейнесі

Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында ұзақмерзімді стратегия арқылы білім реформасын жүзеге асыруға болады. Сол мақсатта ҚР білім беру жүйесі белгілі даму сатыларынан өтіп келеді. Оған ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдаулары негіз болуда. Атап айтқанда, «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білім беру мәселесі төртінші ұзақмерзімді басымдықта көрсетілді. Басымдық атауында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты» деп көрсетілгенімен, құжаттың аталған бөлігінде азаматтардың денсаулығы мен салауатты өмір салтын сақтау мәселесіне мән берілген.Атап айтқанда, тәуелсіздік жарияланған алғашқы жылдардағы өршіп тұрған нашақорлық пен наркобизнес, темекі мен алкогольді тұтыну мәселені ерекше көңіл аударылған. Білім беру мәселесі кейінгі бағдарламаларда тарқатылып айтылды.

Соңғы жылдардағы құжаттарға көңіл аударатын болсақ, 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының «Жаңа әлеуметтік саясат» тармағында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы – 29 пайызға дейін артатыны айтылды. Сонымен қоса 2017 жылдан «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы басталатыны жарияланды.

Бұл Жолдауда негізінен дағдарысқа қарсы күрес, қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясаты, жаңа инвестициялық саясатқа ден қойылған.

2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында үш тілдік оқыту, мұғалімдердің деңгейі, кәсіптік білім беру туралы қозғалады. «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту» бөлімі келесі жылғы жолдаудың алғышартындай көрінеді.

Яғни, әр жылдағы білім беру мәселесінің жолдаудағы өзектілігі әртүрлі деңгейде. Сол кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен бетбұрыстарға байланысты болып отырады.

2018 жылы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында білім беру мәселесі назардан тыс қалған жоқ. Бұл құжатта білім беру саласын дамыту «Қазақстан-2050» даму стратегиясы, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» қойылған міндеттер аясында қарастырылған.

Атап айтқанда, жаңа индустрияландыру талаптарына білім беру жүйесін, коммуникация мен стандарттау салаларын бейімдеу қажеттігі айтылды. Әдеттегідей оқу орындары жалпы аталмай, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында аграрлық университеттердің рөлін қайта қарау міндеті қойылды. Яғни, аграрлық университеттер ауыл шаруашылығымен біте қайнасқан ғылыми және оқыту орталығы болуы тиіс. Ол тапсырманы оқу орындары толықтай орындамай отырғаны белгілі.

Бұл жолдауда өнеркәсіптік төңкеріс жағдайында еліміздің бейімделуіне 10 даму қағидасы алға қойылған. Оның ішінде «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші қағидасында білім беру сапасын арттыру мен интеллектуалдық ұлт қалыптастыру сұрақтары қарастырылған. Жалпы, бұл Жолдаудағы негізгі идея заманның өзгерістеріне бейім болу, инновациялық дамудың көшінен қалып қалмау. Бұл жерде ең алдымен оқыту бағдарламасын жаңартқан жөн.

Ол дегеніңіз – мектептерді компьютерлік сыныптармен қамту арқылы жастарды жаңа технологиялық қалыпқа бейімдеу (3Д принтер, робот техникасы, жасанды интеллект және т.б); жекелеген пәндерді ағылшын тілінде оқытуды бастау, оқу орны мен кәсіпорын, корпорациялардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Педагог-мамандардың мәртебесі тұрақты көтеріліп келеді. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, ЖОО педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту туралы айтылғанымен, мәселе келесі Жолдауда қайталанып отыр.

2018 жылы 5 қазандағы Жолдауда «білім», «білім беру» сөзі 13 рет кездеседі. Бұл Жолдауда салыстырмалы түрде білім беру тақырыбына басымдық берілген. Білім саласы халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. «Тұрмыс сапасын арттыру» бөлімінде бес тармаққа жіктеліп қарастырылған. Егер биылғы Жолдаудағы білім бағытына қатысты ең маңызды ойларды тізбектейтін болсақ:

- 5 жыл ішінде әлеуметтік салаға бөлінетін қаражатты ЖІӨ 10 пайызына жеткізу.

- Мектепке дейінгі білім беруді жақсартудың «Жол картасын» әзірлеу.

- Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту жүйесі бірыңғай стандарт қылу;

- Үш ауысымда оқыту мәселесін шешу, оған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыру;

- «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдау;

- ЖОО жауапкершілігін күшейту, Назарбаев Университетінің тәжірибесін ел көлемінде енгізу. Бұл ретте Назарбаев Университетінде заманауи зерттеу орталығын ашу және «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламасын даярлау туралы да сөз болды. Яғни, аталған ЖОО тек білім беру ғана емес, ғылыми-инновациялық және мемлекеттік басқару саласындағы үлесі арта түспек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет