Омөж тақырыбы: ҚР жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары Орындаған: Акынтаева С., Құқықтану Тексерген: п.ғ. к., доцент Есенгулова М. Н. Ақтөбе 2021 ж. Жоспары


«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы білім



бет3/4
Дата02.01.2022
өлшемі28.06 Kb.
#452607
1   2   3   4
ОМӨЖ 1, Акынтаева С., құқықтану

«Қазақстан-2050» Стратегиясындағы білім

Стратегияда «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары» деп осы мәселеге арнайы тоқталу арқылы оның маңыздылығын көрсетеді. Қазақстандағы білім беру саласын дамыту бойынша аталған құжатта мынадай негізгі төрт басымдықтары анықталған:

- Мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу;

-Халықаралық үлгідегі куәліктер беру арқылы инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамытуды қамтамасыз ету;

-Жеке бизнестің, үкіметтік емес және қайырымдылық ұйымдарының, жеке адамдардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыру;

-Оқыту әдістемелерін жаңғырту және өңірлік мектеп орталықтарын құра отырып, білім берудің онлайн-жүйелерін дамыту.

Стратегияда айтылған ең алғашқы басымдық бойынша, балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіруге арналған «Балапан» бағдарламасының маңыздылығы арта түсетіні анық. Осы бағдарлама жүзеге асырылған уақыттан бері елімізде 3 956 жаңа балабақша мен шағын орталықтар іске қосылған. Алайда еліміздегі соңғы жылдардағы туу көрсеткішінің артуы және ішкі миграция себебінен облыс орталықтарында және Астана, Алматы қалаларында мемлекеттік балабақшалардың жетіспеу мәселесі туындайды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында осы өзекті мәселе назарға алына отырып, «Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту шешімі жайлы айтылды. Сондай-ақ, Үкімет пен әкімдердің алдына балаларды мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен 100% қамту міндеті нақты қойылды. Балалар кез-келген мемлекеттің келешегін қалыптастырушы және тұрақты қолдауды қажет ететін қоғамның бөлігі.

Екіншіден, Президент бірқатар Жолдауларында техникалық білім беруді дамыту туралы жиі сөз қозғап келеді. Өйткені, мемлекеттің индустриалды-инновациялық дамуы, экономикалық өркендеуі үшін ең алдымен осындай мамандық иелерінің маңызы артады. Стратегиядағы инженерлік білім беру мәселесі де осы мақсаттан туындаған деп есептейміз. Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек. Бұл жұмыспен қамту мәселесін шешуге де едәуір септігін тигізеді.

Сонымен қатар, ЖОО тек оқыту ғана емес, ғылыми-зерттеу және инновациялық орталық ретінде орны туралы жиі айтылып келеді. Жолдауда қозғалған осы мәселенің нақты іске асуы ретінде «Назарбаев» ДББҰ ашылуын келтіреміз. Бұл заманауи университет Қазақстандағы білім беру саласының жаңа кезеңі болып табылады. «Назарбаев» университеті академиялық автономия кепілдігі берілген жоғары оқу орны ретінде оқу бағдарламаларын жетілдіріп қана қоймай, ғылыми-зерттеушілік қызметін де дамытып келеді.

Үшіншіден, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мәселесіне орай Стратегияда: жоғары және орта білім беру жүйесін дамыту үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі желісін құру; кәсіпорындардағы міндетті өндірістік тәжірибені заңнамалық тұрғыда бекіту тапсырмалары енгізілген. Еліміздегі ірі корпорациялар мен кәсіпорындар, кәсіпкерлер әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды оқыту, балалар үйі тәрбиеленушілерінің ЖОО оқу ақысын төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жауапкершілік алуы қажет.

Төртіншіден, оқыту әдістемелерін жаңғырту бағыты бойынша сұраныс жоқ ғылыми және білім пәндерінен арылу, пәндерді қажеттілігіне қарай оқыту, елдің даму жағдайына бейімдеу ұсыныстары айтылды. Жалпы, Жолдауда ерекше аталып өткен осы мәселелер Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бергі білім беру саласының олқылықтары мен жетістіктерін терең саралау нәтижесінде туындаған тапсырмалар деп білеміз. Өйткені, білім беру бойынша жаңа көзқарасты қажет ететін сұрақтар да жоқ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет