Өрт сөндіру – бұл өртке қарсы қызмет жеке құрамының жауынгерлік тапсырмасының құрама бөлігі. Өрт сөндіру табыстылығы мынадай жағдайларда жүзеге асады: өртте шешуші бағытты дұрыс анықтау, күштер мен құралдарды уақытында жұмылдыру, бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын басқара білу, жоғары тактикалық білімділік, шешуші бағытта белсенді және шешуші іс-әрекеттер.
Өрт сөндіру - өртті жоюға және мүліктер мен адамдарды құтқаруға бағытталған жауынгерлік іс-қимылдар. Өрт сөндіру өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінің негізгі функциясы болып табылады.
Өртте отты тоқтатудың негізгі әдістері:
-
жану аймағын отсөндіргіш заттармен немесе жанғыш материалдарды араластыру арқылы суыту;
-
жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды от сөндіргіш заттармен араластыру;
-
жанғыш материалдарды немесе тотықтырғыштарды жану аймағынан от сөндіргіш заттар және құралдармен оқшаулау;
-
от сөндіргіш заттармен жану реакциясын химиялық тоқтату.
Жану аталған әдістерді қолдануымен тоқтатылады.
Берілетін от сөндіргіш заттарды таңдау жауынгерлік тапсырмамен талап етілген жанғыштың физико-химиялық қасиеттерімен, жануды тоқтататын және басқа жағдайлармен анықталады.
Жауынгерлік тапсырманы орындау үшін, қажетті берілетін от сөндіргіш заттар шығыны және мөлшері өрттің даму негіздері және оны сөндіруді ұйымдастырумен, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктерімен, қолданылатын өрт техникасының тактико-техникалық сипаттамасымен шартталған және оларды беру қарқындылығымен, сол сияқты өрт сөндірудің практикалық тәжірибиесі негізінде анықталады.
Егер жауынгерлік тапсырмаларды табысты орындау үшін от сөндіргіш заттар жетіспесе, қотару әдісі, өрт автокөліктерімен немесе өрт сөндіру мақсатындағы техникалармен және от сөндіргіш заттарды басқа да әдіс-тәсілдермен оларды өрт орнына жеткізу ұйымдастырылады.
Өрт сөндіру екі кезеңнен тұрады:
-
жануды тоқтату;
-
жануды жою.
Өртте жануды тоқтату мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
-
талап етілетін күштер мен құралдарды уақытында енгізу және жұмылдыру;
-
оқпаншылардың позицияға дереу шығуы және олардың білгірлік әрекеттері;
-
өртке қарсы бөліктерді құру;
-
от сөндіргіш заттарды үздіксіз берумен.
-
Өртте жануды жою мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
-
жануды тоқтатуда енгізілген күштер мен құралдарды отқа шешімді түрде бағыттау;
-
оқпан әдістерін білу;
-
өртті жою барысында өрт ауданының тереңдігініне орын ауыстыру;
-
тоқтатуда берілген отсөндіргіш заттарды сол мөлшерде беру.
Өртке келген өртке қарсы қызметінің бөлімшелері енгізілген күштер мен құралдарға сүйене отырып, өртті қысқа уақыт аралығында жоюы тиіс.
Жауынгерлік есепте жаңа өрт автокөліктерінің, тиімді от сөндіргіш заттардың, жеке құрамның дем алу органдарының қорғау құралдарының пайда болуынан, өрт сөндіру тактикасы белсендірек болып табылады.
Бұл өрт бөлімшелерінің жұмыс уақытын қысқартады, жауынгерлік қанат жаю ұзақтылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Өрт бөлімшелерінің өртке келу сәтінен бастап, от сөндіргіш және техникалық құралдарды бір уақытта қолдану арқылы өртке әсер ету белсенділігі жүзеге асырылады.
Төмен және орта қысқалықты көбіктердің, суландырғыш және қоюландырғыш түріндегі су қоспаларының пайда болуы өрт сөндіру тактикасының дамуына оң нәтиже берді. Өз кезегінде, жаңа от сөндіргіш заттардың пайда болуы, өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жаңа техникалық құралдармен жабдықталуын қажет етті: көбік генераторларын, турбиналы типті шашыранды оқпандарды, әр түрлі көбік көтергіш түрлерін және т.с.с.
Өрт сөндіру табыстылығы сөндіруге қатысушылардың біркелкі шабуылды қимылдарымен жүзеге асады және шешуші бағытта бірінші оқпанды уақытында енгізуіне тәуелді.
Өртте жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты негізгі жауынгерлік тапсырманы шешу жағдайындағы өртке қарсы қызметінің күштер мен құралдарды қолдануын қамтамасыз ету бағыты болып табылады.
Өртке бірінші болып келген бөлімше бастығы, бірінші бөлімшенің барлық күштерін адамдарға көмек көрсетуге және қосымша күштер мен құралдарды енгізуге бағыттауы тиіс.
Өрт сөндіруде екі кезеңді атап өтуге болады, яғни өртті жою және тоқтату.
Адамдар мен жануарларға қаупі жоқ, ал өрт дамуы қолда бар күштер мен құралдармен шектелген болған жағдайда, өрт жойылған деп саналады.
Жану тоқтағанда және жанудың қайта жануын болдырмайтын шаралар қолданылса, өрт тоқтатылған деп саналады.
Тоқтату кезеңіне бірінші сөндіру құралдарын енгізу сәтінен, өрттің алдағыда таралуы тоқтатылған сәтіне дейінгі уақыт аралығы сәйкес келеді, яғни сызықты таралу жылдамдығы нөлге тең.
Өртті тоқтату анықтамасынан көрініп тұрғандай, ол тек оттың алдағыда таралуын тоқтатпайды, сонымен қатар адам өмірінің қауіпсіздігін, жарылыс қаупін және конструкциялардың бұзылуын қарастырады.
Өртті тоқтатудың жалпы ұзақтылығы қорғау қимылдарына және шабуылға жұмсалған уақытымен алынады. Оларға жататындар: оттың барлық таралу бағыттарына өрт сөндіруге қажетті күштер мен құралдарды енгізу, от сөндіргіш заттарды үздіксіз беру, көшіру, конструкцияларды ашу және бұзу, түтінмен күрес шараларын жүзеге асыру, барлау нәтижелері немесе жағдайдың өзгеруі бойынша жауынгерлік іс-қимылдарды түзету.
Тоқтату кезеңінде бөлімшелердің шабуыл қимылдарының ұйымдастырылған деңгейімен әрдайым күресе біл керек.
Өртті жою тоқтату сәтінен жану толық тоқтатуға дейінгі уақыт аралығына сәйкес келеді. Бұд кезең үшін негізгі шарттар мінездемелі: жанудың толық тоқтатылуы; қайта тұтанудың болмауы.
Өртті жою кезеңі үздіксіз жауынгерлік іс-қимылдармен, жұмыстың жалпы көлемінің және өрт ауданының өлшемімен сипатталады.
Өрт сөндіру нәтижесін анықтайтын негізгі көрсеткіш жою және тоқтату болып табылады, ол келесі факторларға тәуелді:
-
өрттің бос даму ұзақтылығы;
-
бірінші күштер мен құралдарды енгізу сәтіндегі өрттің өлшемі мен түріне;
-
қолданылатын күштер мен құралдар түрі және мөлшеріне, сол сияқты олады орналастыру әдісіне.
Ауданы бірнеше шаршы метрді иеленген дамыған өрт кезінде және өртке бірінші болып келген бөлімшелердің от сөндіргіш заттардың қарқынды беру қажеттілігін қамтамасыз ете алмаған кезде сөндіру екі стадияда жүзеге асырылады.
Өртті тоқтатудың бірінші стадиясында, өрт бөлімшелерінің келуімен жалын майданының таралуы шектеледі, яғни өрт белгілі шектерде тоқтатылады, оны тоқтату шаралары құрылады.
Екінші стадияда, от сөндіргіш заттардың нақты шығыны жеткілікті болғанда, өрт ауданын барлық майданы бойынша сөндіру процесі жүреді, ал жану процесінің тоқтауы жалынның таралу жылдамдығын 3-4 рет төмендеткен кезде басталады.
Жою барысында қосымша күштерді енгізу, олардың топтастырылуы, конструкцияларды ашу және бұзу, конструкциялардың бұзылу және деформациялану қаупін жою, артық төгілген сумен күрес, материалдық құндылықтарды көшіру, жеке жану ошақтарын сөндіру, өрт туралы мәліметтер жинау және акт құру бойынша жауынгерлік іс-қимылдары өткізіледі.
Өртте адамдардың қауіпсіздігіне, жарылыс қауіптілігі, оттың ең қарқынды тарауы және берілген жағдайда өрт сөндіру табыстылығына бағытталған бағыт жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты болып табылады.
Шешуші бағытта күштер мен құралдар енгізілгеннен кейін, күштер мен құралдар басқа бағыттарға енгізіледі.
Өрттегі жауынгерлік іс-қимылдардың шешуші бағыты келесі принциптермен анықталады:
-
ӨҚФ адам өміріне қауіп төндіреді және оларды оқпандарсыз құтқару мүмкін емес болағн жағдайда – күштер мен құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз етуге енгізіледі;
-
жарылыс қаупі пайда болғанда – күштер мен құралдар бөлімшелер қимылдарының жарылысты тоқтату орнына жұмылдырылады;
-
жанумен объектінің бір бөлігі қамтылған, және ол оның басқа бөліктеріне немесе көршілес құрылыстарға таралғанда – күштер мен құралдар оттың келесі таралуы ең үлкен шығынға әкелетін участокқа жұмылдырылады;
-
жанумен жеке тұрған ғимарат қамтылған және көршілес объектілерге от таралу қаупі жоқ болғанда – негізгі күштер мен құралдар ең қарқынды жану орындарына енгізіледі;
-
жанумен құндылықтары жоқ ғимарат қамтылған және жақын орналасқан объектілерге қаупі болмағанда – негізгі күштер мен құралдар жанбаған ғимарат жағынан енгізіледі.
Өртті тоқтату үшін күштер мен құралдар жетіспегенде осындай мөлшерде өртке қарсы қызметінің қосымша күштері мен құралдары, сол сияқты өртке қарсы апаттық-құтқару ұйымдары, халық, әскери бөлімдер мен ішкі істер органдарының бөлімшелері жауынгерлік тапсырманы қысқа мерзімде орындауға шақырылады.
Бұл жағдайда қосымша күштер мен құралдар келгенге дейін, бірінші өрт бөлімшелерімен өрт дамуын тоқтату шаралары жүзеге асырылады.
Жанып жатқан және қос бөлмелерде түтіннің, газдың, жоғары температураның бар болуы, өртті тоқтату және жою жұмыстарын төмендетпеуі тиіс, ол үшін өртті сөндіру және бөлмеден газ бен түтінді жою, шашыранды ағыс немесе көбік беру жолымен жоғары температураны төмендету жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Дем алуға жарамсыз ортада сөндіру жұмыстары ТОЖҚҚ өткізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдарын қолданумен.
Қарауыл өз жауынгерлік учатогынан тек ӨСБ немесе жауынгерлік участок бастығының рұқсатымен ғана кете алады.
Өрттерді сөндіру үшін тиімді от сөндіргіш заттарды (көбікті, ұнтақты, суландырғышы бар суды) қолдану қажет және бірінші кезекте ішкі өртке қарсы сумен қамтамасыз ету және стационарлы өрт сөндіру құралдарын қимылға келтіру қажет.
Бірінші автоцистерна өрт орнына шешуші бағытта оқпанды беру жеріне жақын орналастырылады, ал келесі өрт автоцистерналар өрт орнына жақын жердегі су көздеріне магистралдық желіні өткізумен орналастырылады.
Өрт автоцистернасынан су шығындалғаннан кейін, оқпан су көзіне орнатылған өрт автокөлігінің магистралдық желісіне қосылады.
Дамыған өртті сөндіруге "А" және лафетті оқпандары беріледі, оны жою шаралары бойынша олар кейін кіші диаметрлі оқпандарға ауыстырылады.
Ғимарат конструкцияларының бостықтарында және желдету каналдарында жану кезінде "А" су оқпандары және көбік оқпандары беріледі, ғимараттың жанатын конструкцияларын бұзу ұйымдастырылады.
Жану орнын суландыру үшін "Б" оқпандары беріледі, ішкі өрт крандары қолданылады.
Қотару арқылы суды беру кезінде қажетті өрт автокөліктер мөлшері, жеңдік желілерді салу әдістері мен тәсілдері анықталады.
Жеңдік желілерді өткізу үшін бірінші кезекте жеңдік өрт автокөліктері және жеңдік катушкалар қолданылады.
Қуатты сорғышы бар өрт автокөлігі су көзіне орналастырылады және өрт орнына одан магистралды жең желілері тартылады, ал қуаты төмен автокөліктер өрт орнына жақын жерге орналастырылады және одан бір уақытта су көзі мен өрт орнына жеңдік желілер тартылады.
Жанып жатқан бөлмелерді көбікпен толтыру кезінде ӨСБ анықтау тиіс:
-
көбікпен толтыруға жарамды бөлем көлемін;
-
көбіктің ағуына бөгет жасайтын тосқауылдарды орнату орнын;
-
қажетті көбіктүзгіш, көбік оқпандарының мөлшерін және оларды орналастыру орнын;
-
берілген бағытта көбіктің қозғалуына жағдай жасайтын өрт түтін сорғыштарын орналастыру орнын.
-
Бөлмеге көбік беру кезінде талап етіледі:
-
көбік оқпандарын жану деңгейінен жоғары орналастыру;
-
түтін сорғыштарды және басқа да желдету агрегаттарын көбік оқпандарын орналастыру орнына қарама-қарсы орнату және жану өнімдерін жою;
-
бөлмені көбікпен толтырғаннан кейін газтүтіннен қорғау буынын қалып қойған жану ошақтарын жоюға және жағдайды анықтауға бағыттау.
-
Судың артық төгілуін болдырмас үшін қажет етіледі:
-
жабылмалы оқпандар, оқпан-шашыратқыштарды қолдану;
-
резеңкеленген өрт жеңдерін қолдану;
-
көбікті, ұнтақты, су суландырғыштарын қолдану;
-
оқпан жұмыстарын уақытында тоқтату немесе оларды сыртқа шығару.
Егер адамдар мен жануарларға қауіп жоқ болса, ал өрт дамуы шектелген және қолда бар күштер мен құралдармен оны тоқтату мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, өрт тоқтатылған деп саналады.
Егер жану тоқтатылса және оның қайта жанбауына шаралар қолданылса, өрт жойылған деп саналады.
1.2 Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі
құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Адамдар көп келетін ғимарат бұл бір уақытта 50 және одан көп адамдар болатын ғимарат. Бұған театрлар, мәдениет сарайлары, кинотеатрлар, клубтар, концерт залдары, оқу орындары, сауда орындары, әкімшілік мекемелер, ауруханалар, көрмелер, мұражайлар, қонақ үйлері жатады.
Адамдар көп келетін ғимараттардағы коридорлар қабат көлемінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлденең коммуникация болып табылады, сонымен қатар бөлмелерден сатыға бару жолдары.
Қөзғалыс көп коридорлардың минималды ені 1,5м (тазалықта) және екінші дәрежелі (ұзындығы 10м) 1,25м. Емдеу профилактикалық ғимараттарында коридорлардың ені 2,2 м кем емес. Оқу бөлмелерінің есіктері кіретін коридорлар коридорға ашылатын есіктермен ені 1,8 м кем емес етіп жасалынады.
Адамдар көп келетін ғимараттарда тік коммуникация ретінде баспалдақтар, кезеңді және үзіліссіз қозғалыстағы көтергіштер, ададар және жүк лифттері және экскалаторлар қолданылады.
Адамдардың өліміне немесе есінен тануына әкелетін өртте шынайы жағдайда негізгі факторлар болып табылады: жалынмен тікелей байланыс, жоғары температура, оттегі детіспеушілігі, түтін құрамындағы көмртегі тотығы және басқа улы заттар, механикалық әсер ету. Ең қауіптісі оттегі жәтіспкушілігі мен улы заттардың бар болуы, өиткені өлімнің 50-60% түншығудан және уланудан болады.
Өрт пайда болғаннан бастап 1-2 минут ішінде жабық бөлмелерде оттегі концентрациясы төмендеуі мүмкін. Мысалы, театрларда көрермен залы мен сақынаның көлемі 25000 м3 декорация жанған кезде оттегі концентрациясы 2-3 мин ішінде қауіпті мағынаға дейін төмендеді.
Өрттерде адам өміріне аса қауіп төндіретін жану өнімдерінің құрамында улы заттар бар түтінді газдар және әртүрлі заттар мен материалдардың бөлінуі. Көміртегі тотығының концентрациясы түтінде 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда түтінді газ құрамында күкірт газы, азот тотығы, күкірт қышқылы және басқа улы заттар болады, олар адам ағзасына аз уақыт әсер еткен кезде (күкірт газы 0,05%; азот тотығы 0,025%; күкірт қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.
Адам өміріне синтетикалық полимерлі материалдардың жануы төтенше жоғары қауіпті.
Қауіпті концентрациялар тіпті термиялық тотығу кезінде және синтетикалық полимерлі материалдардың аз көлемде бұзылуы кезінде де түзіледі.
Осыны ескере отырып, қазіргі кездегі бөлмелердегі синтетикалық полимерлі материалдар 50% жоғары, өрт жағдайында адам үшін олар қандай қауіп төндіретіні белгілі.
Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда адам өміріне қауіп төнуі оданда жоғарылайды. Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда жану өнімдері ғимараттың қабаттары бойынша 2-3 мин ішінде тарайды. Сол уақытта адамдарды көшіру үшін, тіпті жақсы жағдай кезінде, 1,-15 мин кем емес уақыт керек, кейде оданда көп.
Сонымен қатар адам өміріне жану өнімдерінің жоғары температурасыда қауіпті. Қыздырылған газдар температурасы адам денесінің температурасынан асып кетсе мұндай жағдайда жылу соққысына әкеледі. Температура 42-46оС жоғарылаған кезде-ақ суыру сезімдері сезіледі. Қоршаған орта температурасы 60-70оС болғанда адам өміріне қауіпті болып табылады, көбінесе мәнге сәйкес ылғалдылық және ыстық газдарды шығарған кезде, ал температура 100оС кезінде есінен танады және бірнеше минуттан кейін өлім келеді.
Жоғары температурадан кем емес адам денесінің ашық жерлеріне жылулық сәуле әсері қауіпті болып табылады. Жылуылық сәуленің интенсивтілігі 1,1-1,4 кВт/м2 болғанда адамда 42-46оС температура кезіндегідей әсер тудырады.
Критикалық сәулелену интенсивтілігін 4,2 кВт/м2 тең интенсивтілігін санайды. Кестеде уақыт мәліметтері келтірілген, онда адам жылулық сәулесін қолдың қорғалмаған буынымен әртүрлі интенсивті сәулелену кезінде төзе алады.
Жылулық ағынның тығыздығы,
кВт/м2
|
Адамдар келуінің берілу уақыты, мин.
|
Адамдардың талапты қорғанысы
|
Адам терісіне жылулық әсердің дәрежесі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
3,0
|
шектелмейді
|
қорғаныссыз
|
Ауыру сезімдері жоқ
|
4,2
|
шектелмейді
|
Жауынгерлік киімде және қор-
ғаныс шыны- сымен каскада
|
20 с кейін шыдамсыз ауыру сезімдері
|
7,0
|
5
|
Сол сияқты
|
Шыдамсыз ауыру сезімдері кенеттен туады
|
8,5
|
5
|
Суланған жауын-герлік киімде, және қорғаныс шынысымен каскада
|
Күйіктер 20 с кейін
|
10,5
|
5
|
Сол сияқты, бірақ шашыранды су ағнының қорғанысында
|
Тез арадағы күйіктер
|
14,0
|
5
|
Жылу шағылыстыру костюмінде сулы ағын қорғанысымен
|
Сол сияқты
|
85,0
|
1
|
Сол сияқты, бірақ жекелей қорғану құралдарымен
|
,,
|
Адамдарға тағыда үлкен қауіп жалынмен тікелей байланыста төнеді, мысалы, құтқару жолдары отпен кесілген жағдайда. Кейбір жағдайларда өрттің тарау жылдамдығы жоғары болады, бұл кезде өртке шалдыққан адамды құтқару өте қиын немесе арнайы қорғаныссыз құтқару мүмкін емес. Адам үстіндегі киімнің жаныуда аса қауіпті. Егер уақытында киімнен жалынды сөндірмесе адам өлімге әкелетін күйіктер алуы мүмкін.
Өрттегі ең қауіптісі ол үрей, ол көп адамда болатын кенеттен, есепсіз, ұстамсыз қорқыныш әкеледі.
Ол кенеттен қауіп төнгенде пайда болады. Адамдардың есі мен еркі өрт елесімен басылып қалады, содан туындаған жағдайдан тез арада шығу есігін таба алмайды.
Адамдарды құтқару үшін ең алдымен қысқа және қаупсіз жолдар таңдайды.
Адамдарды құтқару әдісі адамдар мен өрт жағдайына байланысты анықталады. Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылатындар: адамдардың өз бетімен шығуы, адамдарды өрт сөндірушілердің көмегімен шығару; адамдарды көтеріп шығару; құтқарушыларды жоғарыдан түсіру.
Көп жағдайларда қауіп төнгенін байқап адамдар бөлмеден өрт бөлімдері келгенге дейін шығады.
Құтқару жолдары қатты түтінденген болса және құтқарушыларға жол белгісіз болса, сонымен бірге құтқарылушылардық жағдайы мен жасы өз беттерімен қауіпті аймақтан шығуларына күмән келтірсе (адамдар қатты қобалжыған болса немесе бұлар балалар, қарттар, аурулар болса), онда құтқарылушыларды шығару ұйымдастырылады.
Адамдарды қауіпті аймақтан көтеріп шығару олар өз беттерімен жүре алмаған кезде (есінен тану немесе жатқан науқастар, томен жастағы балалар, мүгедектер және т.б.) жасалады.
Адамдарды жоғарыдан түсіру құтқару жолдары отпен қиылған жағдайда және басқа әдістерді қолдануға болмаған жағдайда орындалады. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, стационарлы, жылжымалы және тасымалы сатылар, көтергіштер, құтқару жібтері және т.б. құралдар қолданылады.
Кейбір жағдайларда құтқару әдістерін комбинациямен орындайды. Мысалы, өз бетімен анықталған орынға дейін шығу және әрі қарай өрт сөндіруші көмегімен шығу; адамдарды шатырға немесе балконға шығару және тік ұшақтардың, құтқару жібінің, жылжымалы сатының және басқалардың көмегімен төмен түсіру.
Шақыру орынына ӨСБ келісімен объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатуы керек және жанып жатқан бөлмедегі адамдар саны туралы мәліметтер алуы керек (кейде бұл мәліметтер өрт туралы хабарлаған кезде жеткізіледі), содан кейін түтінденген бөлмелерде жақсылап барлау жүргізеді.
Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіпін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).
Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін
Адамдарды бөлмелерде іздеу кезінде дауыстап айғайлау керек. Үлкендерді есік, терезе маңынан, коридорларда, яғни бөлмеден шығу жолдарында іздеу керек. Балаларды төсек астынан, пеш артынан, столдардың астынан, қызмет көрсету бөлмелерінен іздеу керек.
Бөлмелер тексерісін барлық жағдайларда жүргізеді, оны жанып жатқан ғимаратта адамдар жоқтығына көз жеткізіп толық тексергеннен кейін тоқтатады.
Өртті барлау кезіндегі алынған мәліметтер негізінде ӨСБ адамдарды құтқару бойынша шешім қабылдап қажетті бұйрықтар береді. Бұл кезде әртүрлі мүмкін бөлімдер әрекетінің нұсқалары:
-
егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе және құтқару жұмыстарын жүргізу қажетті болса, ӨСБ тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға міндетті. Бұл кезде ӨСБ құтқару жұмыстарын өзі басқаруы керек, сонымен қатар өрт сөндіруді басқаруы керек;
-
егер адамдарға өрт қауіп төндірсе және құтқару жолдары отпен қиылған болса адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті;
-
егер өртке күш пен құрал жеткілікті келсе және адамдарға тікелей қауіп төнбесе, ал ӨСБ өртті өрт тарау жодарында енгізілген оқпандармен сөндіруге сенімді болса және бұл кезде адамдар үшін қауіпіздік қамтамасыз етілсе, бөлімдердің әрекеті үрейді басуға және бір уақытта өрт сөндіруге бағытталады;
-
адамдарды құтқару мен өртті сөндіру жұмыстарына бір уақытта күш пен құралдар жеткіліксіз кезде, барлық ьөрт бөлімдерінен келген жеке құрам құтқару жұмыстарына жіберілуі мүмкін, өртті содан кейін сөндірумен. Бұл жағдайда адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті, адамдарға өрт тікелей қауіп төндірген кезде және өрт тарау орындары мүмкін жерлерге.
Практикада өртке қарсы қызметінің бөлімдерінің жұмысы адамдарды құтқару бойынша өрттегі жағдай бойынша басқа әрекеттер нұсқасы қолданылуы мүмкін.
Адамдарды құтқару кезектігі адам санына байланысты емес, ал олардың өміріне қауіптілік дәрежесінен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды өте кауіпті жерлерден құтқарады. Қауіптілік дәрежелері бірдей кезінде алдымен балаларды, науқастарды және қарттарды құтқарады.
Құтқару жұмыстарын жргізген кездегі барлық жағдайларда ӨСБ күш пен қралдарды жаю кезінде сонымен бірге жедел жәрдем шақыруы керек. өртке медицина персоналы келгенге дейін алғашқы көмекті жарақаттанғандарға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көрсетуі керек.
1.3 Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар
Барлық қонақ үйлер мекемелері адамдар көп келетін объектке жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификасының барымен үлкен қиындық ұсынады.
Көшіруге қажетті уақыт - өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары.
Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.
Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.
Ресей федерациясының ТЖМ МӨҚ Мәскеу Академиясында жарақаттанғандарды көшіру бойынша кейбір параметрлерді анықтау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді. Мобильді емес адамдарды көшіруді зерттеу бойынша эксперименттің бірінші сериясының қорытындысы бойынша (қысылмаған бос жағдайда қозғалыс параметрлері анықталды), носилкада жатқан адамдарды тасу жылдамдығы және қозғалыс жылдамдығына носилканың адаммен мәнге сәйкес салмағының әсері туралы мәлметтер алынды.
Мақсатқа келесі мәліметтерді алу қойылды:
-
носилкада адамдарды тасудың шекті жылдамдығын (бұл қозғалыс жүгіріп орындалады деп жобаланды);
-
көшіру жылдамдығының жағдайын келтіріп носилкада адамды тасу орташа жылдамдығын;
-
баспалдақ бойымен жоғары қозғалу жылдамдығын;
-
баспалдақ бойымен төмен қозғалу жылдамдығын;
-
қозғалыс жылдамдығының төмендеуіне носилка салмағының әсерін;
-
носилкада көлденең адамды тасуға болатын шекті арақашықтықты.
Көлденең бойынша қозғалыс кезіндегі қажетті параметрлерді анықтау үшін сәйкес түрде эксперимент өткізу үшін алаң белгіленді және таңдалды (стадион). Жүргізуші бұйрығы бойынша носилкада жатқан адамдарды тасу үшін №1 бақылау нүктесінде адамдардың қозғалысы басталды (3.4.1 сур.). Тасымалдау қозғалысты жалғастыру мүмкін болмағанша жасалады. Бақылау аймағында қозғалыс уақыты белгіленіп отырған бақылау посттары арқылы шеңбер бойымен қозғалыс болды. Шеңбер ұзындығы 100 м құрайды, пункттер арасындағы арақашықтық – 50 м, қозғалыс уақыты ұзындығы 50 м әр аймақта беліленіп отырды. Қозғалыс уақытының мәнін алып, аймақтағы қозғалыс жылдамдығы анықталып отырды. Әр бақылау аймағындағы қозғалыс жылдамдығын салыстыра отырып жұмыс уақытына байланысты құлау жылдамдығының көлемі анықталды. Содан басқа носилкада жатқан адамды тасудың мүмкін шекті арақашықтығы анықталады. Осындай схема бойынша бір қатар эксперименттер жүргізілді.
Баспалдақ бойымен қозғалыс жылдамдығы қозғалыс уақытына жол ұзындығын бөлумен анықталды. Жұмыс қабілеттілік келесі түрде анықталды. Носилкада адамдарды көшіретін адамдар мобильді емес адамдарды 2 қбатқа (келесі циклдерде 4, содан 6 және 8 қабаттарға, басқа серияларда төмен) орналастырады және кезекті мобильді емес адамға қайтып оралады (3.4.2 сур.), физикалық мүмкіндік шегіне жеткенге дейін. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан әр бақылау нүктесінде қозғалыс (жылдамдық) уақыты белгіленіп отырды. Әр шеңберде жылдамдықтарды салыстыру қорытындысы бойынша жылдамдық көлемінің төмендеуі анықталып отырды.
3.4.1 сур. Көлденең бойымен қозғалыс кезіндегі эксперимент жүргізу схемасы.
1 - бақылау пункттары 2 – орын ауыстыратын носилкалар
2 сур. Баспалдақ бойымен қозғалыс кезіндегі эксперимент жүргізу схемасы.
1 - бақылау пункттары 2 – орын ауыстыратын носилкалар
Жүргізілген эксперимент қорытындысы бойынша келесі мәліметтер алынды:
• шекті жылдамдықтың (жугіру) орташа мағынасы – 140 м/мин;
• адыммен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы -95 м/мин;
• баспалдақ бойымен төмен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – 65 ммин;
• баспалдақ бойымен жоғары қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – м/мин;
• шамамен 350 м құрайтын адамды носилкамен тасығандағы көлденең бойынша орташа арақашықтық.
Алынған мәліметтердің анализі мобильді емес адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Үзіліссіз қозғалыстың шекті уақыты – адамдарды носилкада тасу – 2-3 мин. құрайды; көп емес үзілістермен (5-10 с) – 5 мин; ұзақ үзілістермен (30 с дейін) – 10 мин.
Жұмыстың 10 минуты өткеннен кейін жұмыс қабілеттіліктің тез төмендеуі бақыланады, қорытындысында жұмыс жасауға болады, бірақ ағза функциясының бұзылуына қауіп төнуімен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі 1 мин жұмыс ішінде (адамды носилкада тасу) шамамен 10% құрайды.
Жүкті тасу адам қозғалысының жылдамдығына қатты әсер етеді, осының қорытындысы болып адамдардың физикалық дайындық деңгейінен қозғалыс жылдамдығы байланыстылығы табылады.
Барлық эксперименттерді жүргізуде Ресей ІІМ МӨҚ Академиясының
I-IV курс курсанттары анықтаған, сондықтан алынған жылдамдықтардың мағынасы мобильді емес адамдарды шынайы көшіру процессі үшін сипатты болмайды. Дұрыс қолданулар үшін және алынған мәліметтерді салыстыру үшін дұрыстау коэффициентін енгізу қажет.
Физикалық дайындық Тлімдемесінде [1, 2] келтірілген күшті кешенді жаттығуларды орындау бойынша нормативтерді қайта есептеу және анализ түсіндірілуінде, орташа (көшірілетін адам кез-келген жыныста және жаста болуы мүмкін) жылдамдықтың алынған мәліметтерін 0,58 коэффициентіне көбейту керек.
Көшіру жолдарының өлшемдері мен жарақаттанғандарды көшіру жылдамдығының арасында тікелей байланыс бар. Бұл байланыс негізінен мобильді емес адамдарды көшіру кезінде бақыланады. Коммуникациялық жолдар жолдар өлшемі мен носилкалар арасындағы байланыс меңгерілген және жобалы шешімдерде өзінің бейнесін табады, бірақ жобалау үшін және басқа тексеру шешімдері үшін мұндай мәліметтер жоқ. Бұны орындау үшін моделдеу әдісімен зерттеу жүргізілді.
Эксперименталды қондырғы өз алдына 1:25 мсштабты белгі салынған жалпақ ағаш бетін ұсынады, масштабты номилклардың моделі және қоршау конструкциялары орындалған.
Лифтті холл шегінде және баспалдақ маршы бойымен жолдың көлденең қозғалысы кезінде «адам – носилка – адам» жүйесінің маневрлеу жүйесі зерттелді.
Бізді қызықтыратын обылыста лифтті холлдарда және баспалдақ торларының жоспарлау шешімі ғимараттан ғимаратқа өзгермейді. Көлденең аймақ бойынша қозғалыс жолдарының коммуникациялық схемасы әртүрлі, бірақ барлық кездесетін схемаларды қарастыру мүмкін еместігінен барлық ғимараттардың жоспарлы схемасында кездесетін көбіне типтілер бізбен қарастырылды.
Көлденең аймақ. Ауызша баяндамада ұсынылған көлденең жол бойымен қозғалысты модельдеу кезінде алынған қорытындылар кестеде келтірілген.
Носилка 1800 айналу үшін коридордың минималды ені 2,4 м құрауы керек.
Баспалдақ бойымен қозғалу. Бір қатар құжаттардың нормативті талаптарын орындау кезінде «...баспалдақ алаңының ені марш енінен кем болмауы керек...» және ҚНжЕ «...баспалдақ марштарының арасындағы арақашықтық 75 мм кем емес...» кедергісіз носилкаларды тасымалдау үшін баспалдақ маршының ені 1,2 м кем болмауы керек.
Өрт кезіндегі жарақаттанғандарды
көшіру уақытының есебі.
Сол мәліметтерге сүйене отырып мобильді емес адамдар шамамен 30% болады (үрей қорытындысында), көшіру уақытын есептеуге болады:
-
көшіру жолдарының ұзындығын табамыз:
Конақ үй ғимараты 6 қабатты, яғни 6 қабаттан бірінші қабатқа дейін баспалдақ маршы бойымен жүріп өту қажет, коридр бойынша ең алсы нүктеге дейінгі арақашықтық 120 м тең.
-
Мобильді емес жарақаттанғандардың санын табамыз:
Nн.п. = (Nобщ /100)*30 = 24 адам
мұндағы: Nн.п – мобильді емес жарақаттанғандардың саны
Nобщ – жарақаттанғандардың жалпы саны.
-
Бір жарақаттанғанды көшіру уақыты тең:
τэ = 2*Lэ.п./ Vп.п. = 2*65/95 = 1,36 мин.
τэ – бір жарақаттанғанды көшіру уақыты;
Lэ.п – көшіру жолдарының ұзындығы;
Vп.п – жарақаттанғандарда таымалдау жылдамдығы.
Егер 30 секундтан зіліс жасаса, онда жұмыс қабілеттілікті 10 минутқа дейін сақтауға болады.
-
Он минут ішінде екі құтқарушы 7 жарақаттанғанды шығарады:
Nэ.п. = τр/τэ = 10/1,36 = 7,35
-
Бөлмедегі орташа көлемді температураның өсуін ескеруімен жарақаттанғандарды көшіру уақыты 4 мин-қа дейін қысқарады.
-
Сонда: Nэ.п. = τр/τэ = 4/1,36 = 3
-
Жарақаттанғандарды көшіруді жүргізу үшін персонал санын анықтаймыз:
Nл.с. = Nн.п. / Nэ.п. = 24/3 = 8 пар – 16 адам
1.4 Өрттің дамуы және сөндіру ерекшеліктері
Қонақ үй, ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Қонақ үй корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Қонақ үй сыйымдылығы 500 орынға дейін болады, ал биіктігі 3-тен 5-ке дейінгі және оданда биік қабатта болады. Қазіргі уақытта корпустарын 800-1000 орынға дейін тұрғызып жатыр. Жаңа конақ үйлерінде қабаттарының биіктігі 3,3 м.
Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыстағы мектептерде көп.
Ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда мұғалімдердің бөлмесі, кітапхана, асхана, 25-30 орынды класстар, дәрігерлік көмек көрсету пункті, информатика кабинеті т.б. бөлмелер орналастырады.
Көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауалы жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, телевидение және т.б. кеңінен қолданылады. Өрт ауыртпалығы бірдей емес, ол 80-100 құрайды, 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2.
I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және оқушыларға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады.
Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі мектептердің ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, кітапханалардағы және т.б. әсер етеді.
ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, оқушыларды көшіру бойынша, көшіруге жататын оқушылардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын оқушыларды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез оқушыларды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.
Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіпін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).
Барлық жағдайда құтқару жұмыстарына персоналы қатыстырылады, әсіресе адамдарды бастауыш сыныптардан көшіру кезінде қатыстырылады. Бұл жағдайларда құтқарудың әдіс-тәсілдерін мектеп персоналының ұсыныстары бойынша анықтайды. Ең алдымен ауыр науқастарды шығарады. Оларды дәрігерлердің көрсетуімен ғана носилкаға салады. Жүретін науқастар өздігінен мектеп жұмыскерлерінің және өрт сөндірушілердің көрсетуімен сыртқа шығады. Қатты түтіндеген кезде бөлмелерден науқастарды ГТҚҚ буынымен және бөлімімен жүргізеді.
Барлық құтқару жұмыстарын өртке қарсы қызмет жұмыскерлерінің бақылауымен ұйымдастырады және жүргізеді. Оқушыларды бірнеше бағытта көшірген кезде ӨСБ олардың ішінен жауапы адамды тағайындайды, ал өзі аса жауапты аймақтағы көшіруді басқарады және сол уақытта өрт сөндіру бойынша жауынгерлік әрекетті басқарады.
Оқушыларды көшіріп болғаннан кейін ӨСБ олар жүргізілген жолдарды, бөлмелерді тексереді, ал қызмет көрсету перслналы оқушыларды тізім бойынша тексереді. Іздеу-құтқару жұмыстары барлық адамдар құтқарылғаннан кейін тоқтайды.
Өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамының және қызмет көрсету персоналының жылдам және жинақы жұмыстары үшін алдымен әкімшілікпен қызмет көрсету персоналының әрекеттері көрсетілген оқушыларды көшіру жоспары жасалады, мектептің персоналымен бірге тактикалық жаттығуларға жоспар жасалады және оның бір нұсқасын өрт сөндіру жоспарының құрам бөлігіне кіргізеді.
Өртке бару кезінде мектеп ауданында және әсіресе емдеу мекемелеріне жақындаған кезде "дабыл" дыбысын қоспаған жөн, ал өрт машиналарын аймақ сыртында орналасқан су көздеріне қойған жөн.
Магистралды жең сызықтарын ғимарат артындағы қосымша шығу есіктеріне жаю керек, стационарлы өрт сатыларымен, ал егер өрт туралы оқушылар білсе негізгі шығу есігінеде беру керек. Ғимарат ішінде жұмыс сызықтарын оқушылардың көшіруіне бөгет жасамайтындай етіп жаю керек. ӨСБ үрейді басу туралы шаралар қолдануы керек.
мектептердегі өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру заттарын қолданады. Суды және сулы ерітінді ылғалдандарғышты шатырлардағы, класстарды, мұғалімдер кабинеттеріндегі, асханадағы және т.б. өртті сөндіргенде қолданады.
Ауа-механикалық көбікті асханаларда, дәрігерлік көмек көрсету пунктерінде, кітапханаларда т.б. сондіру кезінде қолданады.
Өрт сөндіру кезінде РСК-50, РС-50 оқпандарын, шашыранды және компактті ағындарды қолданады, ал IV өрт төзімділік мектеп ғимараттардағы дамыған өрт кезінде оданда күшті оқпандарды қоданады. Өрт сөндіру үшін оқпандар санын су берудің қажетті интенсивтілігін ескеріп анықтайды, 0,1 л/(м2 с) кем емес.
Жағдайға және күш пен құралдардың санына байланысты ӨСБ бір мезгілде адамдарды құтқару жұмыстары мен өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыра алады. Егер күш пен құралдар осы екі тапсырманы орындауға жеткіліксіз болса, онда ӨСБ барлық күш пен құралдарды адамдарды көшіру үшін қолдануы мүмкін немесе науқастар арасында үрейді басуға және оқпандарды беру үшін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етсе және өртті тез сөндіруіне сенімді болса.
ӨСБ және жауынгерлік аймақтардағы командирлер өрт сөндірумен бірге қымбат қондырғылардың, дәрі-дәрмек қорының, рентген пленкаларының, газдармен баллондардың, жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың бар екенін анықтайды, оларды оттан, түтіннен және құйылатын судан қорғау үшін тез арада күш пен құралдарды жібереді, ал қажет жағдайда оларды көшіруді ұйымдастырады.
Жауынгерлік аймақтарды ұйымдастыру, сонымен қатар мектептердегі өрт кезіндегі техника қауіпсіздік шараларын тұрғын және қоғамдық ғимараттармен жасайды.
2.Жедел- тактикалық қатынастағы объекттің
сипаттамасы.
2.1 Жалпы сипаттамасы
«Грант-отель ВИКТОРИЯ» қонақ үйі 8-қабатты Актау каласында 13 микрарайонда орналасқан. Арақташықтығы ең жақын ӨСБ-нен 4 км. Жертолесі бар ғимарат. Қабаттар арасы темір бетоннан жабылған ,едені бетоннан, темір плитадан,мраморлы крошкамен цементтелген. Ғимарат көлемі 17,50*81,50м Жарық көзі электрлі,орталықтандырылған жылу жүйесі, өртке төзімдігі 2 дәрежеге жатады.
Жүк пен жолаушыларды таситын лифті бар. Қонақ үйде 3 текпішек , 4 эвакуациялық шығытын есік бар. Қонақ үйде өрт қарсы сигнализация орнатылған.
Қонақ үй жертөлесінде материалдық қоймалар, қонақ үй, мейрамхана, фин моншасы, кір жүатын бөлме орналасқан. Электирлі рубилнігі жертөлесінде орналасқан.
Қонақ үйдің 1-ші қабатында сауда залдары, ресторан орналасқан. Түнгі бардың іші жанғыш материалдардан және ағаш пластикпен қаптплған.
2.2 Архитектуралық-жоспарлық шешім
КОНСТРУКЦИЯЛАР СИПАТТАМАЛАРЫ
Фундаменттер – жиналған темір-бетонды және жиналған бетонды блоктардан ленталы, столбты.
Ішкі және сыртқы қабырғалары силикатты кірпіштен.
Аралықтары - қалыңдығы 120,99 мм силикатты кірпіштен.
Аражапқыштары – жиналған темірбетонды плиталар.
Прогондары – жиналған темірбетонды.
Перемычкалары – жиналған темірбетонды.
Сатылары жиналған темірбетонды марштардан және алаңдардан.
Кровля жұмсақ битум негізіндегі 5 қабатты руберойд.
ВЕНТИЛЯЦИЯ
Вентиляция табиғи терезелерден. №1 корпуста тартылған механикалық вентиляция функцияланбайды.
ӨРТ АУЫРТПАЛЫҒЫ
Негізгі жану ауыртпалықтары:
-
жиһаз;
-
парталар мен орындықтар;
-
қағаз;
-
кеңсе заттары;
-
компьютерлер;
-
қабырға қаптаулары.
КӨШІРУ ЖОЛДАРЫ
Қабаттардан персоналдарды және науқастарға келушілерді көшіруге саты торлары, сыртқы өрт сатысы сонымен қатар негізгі кіру және шығу есіктері және корпустар арасындағы өтпелер қарастырылған. Науқастарды көшіру мектептепке қарама-қарсы тұрған колледж ғимаратына жүргізіледі.
ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ
Жылу жүйесі орталық (сулы)
2.3 Сыртқы және ішкі өртке қарсы сумен жабдықтау
Өрт сөндіру мақсатында диаметрі 200 мм. сақиналы су өткізу құбыры қарастырылған, 10 метр қашықтықта коледж ауласнда, 5 метр қашықтықта 4 атм. 50 м ара-қашықтықта ӨГ-121 К-150, ал 5 м ара-қашықтықта ӨГ-120 К-150 орналасқан.
Ғимаратта диаметрі 51 мм өртке қарсы су құбыры бар, 12 өрт краны орнатылған. Өтке қарсы су құбыры жұмыс жасамайды. Өрт сөндірудің алғашқы құралдары 10 шт. ОП-5.
2.4 Технологиялық процесстердің өрт қауіпсіздігі
(заттар мен материалдардың)
Ғимаратты пайдалану процесінде өрт себебі болуы мүмкін:
-
отты абайсыз пайдалану;
-
электр жабдықтарын пайдаланудың ережесін бұзу;
-
электр сымдарының қысқа тұйықталуы;
-
құрылыс-жөндеу жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;
-
өртеу.
Достарыңызбен бөлісу: |