Өндірістегі шумдар Діріл және ультрадыбыс Орындаған: Ерсін Ә. Н



Дата19.05.2022
өлшемі1.34 Mb.
#457559
Ерсін Ә.Н Өндірістегі шумдар (2)

Өндірістегі шумдар Діріл және ультрадыбыс

Орындаған: Ерсін Ә.Н

Қабылдаған: Аркабаев У.Б


http://presentation-creation.ru/

Өндірістердегі шу

Өндірістердегі шу


Шу дегеніміз – ол қатты, сұйық немесе газ тәрізді ортада болатын, адамның есту мүшелерімен қабылданатын материалдық бөлшектердің немесе денелердің ретсіз тербелісі.
Өндірістердегі шудың көздеріне ұнтақтайтын, жарылатын жабдықтар, желдеткіштер, компрессорлар және сорғыштар, ұрып-соғатын қол құралдары тасмалдайтын жүйелер, құбырлардағы газ бен сұйықтардың ағыны және т.б. жатады.
Өндірістегі шумның әсері адамдарғы есту органы арқылы қабылданады. Шу кезінде тіке есту қаблеті төмендейді де, тек қана адамның құлағында бірнеше қоспалы дыбыстар тұрады. Бұл дегеніміз – қан айналымды, жұмысқа деген қаблеттілікті азайтып, шаршатады. Осындай жағдайларда өндірісте бақытсыз жағдайлар тууы мүмкін. Сондықтан көп өндірістерде ауысымды (сменный) жұмыс бағыты қалыптасқан.

Шудың ағзаға тигізетін әсері


Қарқынды шу әсері есту анализаторында ағзаның арнайы реакциясын құрайтын өзгеріс-терді тудырады. Есту жүйесінің бейімделу үрдісі уақытша жылжумен сипатталады . Ұзақ уақыт акустикалық әсер ету кезінде, алдымен баяу бастапқы деңгейіне қайта оралатын , содан кейін кезекті шулы әсер етудің басталуына дейін сақталынатын , есту табалдырықтарының жоға -рылауы қалыптасады.
Шудың адам ағзасына әсерінің көріністері ар -найы (есту анализато -рында болатын өзгеріс -тер) және арнайы емес (басқа жүйелер мен ағзаларда болатын өзге-рістер) болып бөлінеді.
Жұмыс орындарында шуылдың жалпы деңгейі мен октавтік жиіліктер жолағындағы шуылдың деңгейін өлшеу үшін әртүрлі шуылөлшеуіш аппараттарын пайдаланады. Денсаулыққа қауіпсіз шуылдың деңгейі 80 дБ, осындай жағдайда адам 8 сағат жұмыс істей алады, яғни толық жұмыс уақытын өтейді.
Адамның есітитін органдары қабылдайтын дыбыстар ауқымы - 0 ...140 дБ шектерінде болады. 130дБ дыбыс деңгейі ауыртатын сезімді шақырады, ал 150 дБ әр жиілікте есіту қабілетін зақымдайды. 

Шуды өлшеу әдісі


Шуды өлшеу үшін 1-ші және 2-ші шумомерлер қолданылады. Анализаторлар октавалы, жартылай октавалы, үш октавалы фильтрлер болып табылады. Қажет болған жағдайда қосымша құралдар – осциллографмагнитофон, деңгейін өзі жазатын құрал және т.б. құралдар қолданылады.
Іс-тәжірибелік жұмыста көбінесе қолданылатын құралдар: “Шум”- 1, ШИВ-1 түріндегі шумомерлер, ШВК-1 шу тербелісті өлшейтін комплекстер, “Брюль және Къер” (Дания) фирмасының құралы ВШВОООЗ. Шумомер 4 негізгі түйіннен тұратын (микрофон, күшейтілген, жиілік анализаторы, өлшегіш қондырғы) блок схемадан құралады.
1
2
3
2
3
4
Шуды төмендетудің негізгі шаралары
шумен күресудің техникалық шаралары
құрылыс – акустикалық шаралары;
жеке қорғану құралдарын (шараларын) қолдану;
ұйымдастырушылық нормалары.

Жеке қорғаныс құралдары


Тығындар құлақтың есту арнасына салынады. Оларды пластикалық пішінін қатты өзгертпейтін материал -дардан жасайды. Қатты тығындарды қысқа мерзімде қолдану керек, себебі олар есту мүшелерін зақымдайды. Дұрыс таңдалған құлақ тығындары жоғары жиіліктердегі шуды біршама төмендетеді.
  • Шахта жұмыстарына

  • арналған құлаққап

Құлаққаптар құлақ жарғағын толық жабады және доға тәрізді серіппе, шлем, жіппен тығыз киіледі. Қазіргі таңда ВЦНИИОТ-2 және «Киевский» түріндегі құлаққаптар жиі қолданылады. ВЦНИИОТ-2 типті құлаққаптар қолдануға қолайлы және жеңіл, әсіресе жоғары жиілікті спектр бөлімдеріндегі жағымсыз дыбыстарды төмендетуге өте тиімді. Олар өңдеушілерге, сүзгілеушілерге, авиатехникалармен жұмыс жасаушыларға және т.б кәсіби жұмыстарда қолдануға ұсынылады.
Вибрация – (тербелу) – белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын қондырғының, механизмдердің, серпімді денелерінің механикалық қозғалуларының жиынтығы. Көп жағдайларда вибрация шумен бірге жүреді.
Вибрация амплитудамен, жиілікпен, жылдамдықпен және үдеумен сипатталады. Осы параметрлер вибрацияның адамға, құралдарға, құрылыс конструкцияға әсерін анықтайды. Вибрацияның басқада құрылыс конструкцияларына таралуын азайту үшін вибрацияланатын қондырғыларды бөлек орнатады және қондырғылардың конструктивті бекітілуін жақсарту қажет.
Ультрадыбыс – адам құлағы естімейтін, жиілігі 20 кГц артық серпімді тербелістер мен толқындар. Ультрадыбыстың әсері кезінде газ тәрізді және сұйық орталардың шекарасында газдың немесе будың көпіршіктері пайда болады, олар жарылғанда тіндердің бұзылуына әкеп соғатын көп мөлшерде энергия бөлінеді (кавитация құбылысы). Ультрадыбыстың қатты денелерден өтуі кезіндегі әсері жоғары жиілікті дірілдің пайда болуымен байланысты.

Назарыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет