- Ойынның түзету қызметі; Ойын – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.
Ойын анықтамаларына келсек: Ойын — баланың «ішкі әлеуметтенуінің» кеңістігі, әлеуметтік нұсқауларды игеру құралы (Л. С. Выготский). Ойын — бұл тұлға қиялындағы еркіндік, «орындалмайтын мүдделерді иллюзорлық іске асыру» (А. Н. Леонтьев). Ойын — бұл нақты анықталған және болжамды нәтижесі бар бір-бірінің артынан жалғасатын жасырын қосымша трансакциялар сериясы (Э. Берн). Ойын — бұл өзін-өзі басқарудағы мінез-құлықты дамытатын және жетілдіретін, әлеуметтік тәжірибені қалпына келтіруге және игеруге бағытталған ахуал шарттарындағы қызмет түрі (Г. К. Селевко).
Достарыңызбен бөлісу: |