Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшеліктеріне (А.Диваев), ойын сипатына (М.Гуннер, Е.Сағындықов, Б.Төтенаев); дене қасиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға (М.Таникеев, Ж.Төлегенов, Т.Бекбатшаева, Т.Қуанышов); ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне ( А.К.Айтпаева) сәйкес жасалады.
Бастауыш сынып мұғалімі қойылатын төменгі әдістемелік талаптарды біліп орындап отыруы тиіс:
1
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.
2
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
3
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
4
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
5
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ойындар төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Әлеуметтендіру қызметі:
Ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.
- Ұлтаралық қатынас құралы қызметі:
Ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады.
- Ойынның қатысымдық қызметі:
Ойын – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегін айқын көрсетеді.
- Ойынның дамытушылық қызметі:
Ойын - аланың логикалық ойлауын, шығармашылығын, сөйлеу мәдениетін, қиялын жоғары дәрежеде дамытады.
Достарыңызбен бөлісу: |