4)
дәлдік
Біртұтастық – кәсіпорынның әлеуметтік экономикалық дамуының
жалпы және жиынтықтық жоспарын қарастырады.
Үздіксіздік - әрбір кәсіпорындарда жоспарлау,
ұйымдастыру және
өндірісті басқару процессі, еңбек қызметі сияқты өзара тығыз байланысты
болады, әрдайым тоқтаусыз жүргізілуі тиіс.
Бұл принцип бойынша
стратегияның жоспардан тактикалық жоспарға, одан оперативті жоспарға
біртіндеп көшу және қысқа мерзімді жоспарлар мен ұзақ мерзімді жоспарлау
өзара тығыз байланыста болуы шарт.
Иілгіштік – жоспарлаудың үздіксіздігімен
тығыз байланысты, және
жоспарда көрсетілген көрсеткіштерді түзету мүмкінділігін кәсіпорынның
жоспарлы экономикалық қызметінің үйлесімділігін білдіреді.
Дәлдік – көптеген фирма ішілік факторлар мен оның сыртқы ортасымен
анықталады. Әрбір жоспар кәсіпорынның қаржылық жағдайымен оның
нарықтағы
орнын ескере отырып, кәсіпорынның қандай жетістікке жетуге
талпынатын нақты дәлдікпен құруы шарт. Кейінірек Акофф Р. – Файольдің
жоспарлау қағидасына –
Қатысу қағидасын қосқан.
Қатысу – біртұтастықпен тығыз байланысты, қатысу бойынша ұйымның
әрбір мүшесі қызметі мен атқаратын жұмысына
байланыссыз жоспарлау
қызметінің қатысушысы бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: