Осы Қосымшада жанғыш газ, тезтұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар бар өндірістік объектілерде әртүрлі өрт сценарийлері кезінде іске асатын қауіпті өрт факторларын бағалаудың қазіргі заманғы отандық және шетелдік теориялық, эксперименталдық деректерге, нормативтік құжаттар мен басшылыққа алынатын құжаттарға негізделген әдістері берілген.
Егер өртқауіпті жағдайлардың және өрттердің сценарийлерін талдау кезінде олар үшін осы құжатта немесе өрт қауіпсіздігі жөніндегі басқа нормативтік құжаттарда қауіпті факторларды бағалау әдістері баяндалмаған сценарийлерді ескеру қажеттілігі туындаған немесе жекелеген жағдайларда төменде баяндалғаннан өзге әдістерді қолдану қажеттілігі туындаған жағдайда, қолданылу қажеттілігі тиісті түрде негізделген өзге де әдістемелерді пайдалануға болады.
3.1. Сұйықтықтар мен газдардың жылыстауы
Үйілген сұйыққойма қарастырылады (сур. 3.1).
жол берілген мыналар енгізіледі:
тесік арқылы бірфазалық жылыстау;
сұйыққойманың биіктігі бойынша тұрақты қима алаңы бар;
сұйыққойманың диаметрі тесіктің диаметрінен әлдеқайда кең;
тесіктік көлемі қабырға қалыңдығынан әлдеқайда артық;
сұйыққойма ішіндегі сұйықтықтың беті жазық;
сұйықтықтың температурасы жылыстап ағу кезіне тұрақты болып қалады.
Сұйықтықтың t (c) уақыт ішінде тесік арқылы массалық шығыны G (кг/с) мына арақатынаспен сипатталады:
, (3.1)
мұндағы G0 – уақыттың бастапқы сәтіндегі массалық шығын, кг/с, мына өрнекпен берілген:
, (3.2)
мұндағы - сұйықтықтың тығыздығы, кг/м3; g – еркін құлаудың жылдамдауы (9,81 м/с2); - жылыстау коэффициенті; Аhol – тесіктің алаңы, м2; hhol – тесіктің орналасу биіктігі, м; АR – сұйыққойма қимасының алаңы, м2; h0 – сұйыққоймадағы сұйықтық діңгегінің бастапқы биіктігі, м.
Сур. 3.1. Сұйықққоймағы тесіктен сұйықтықтың ағуын есептеуге арналған схема
Сұйыққоймадағы сұйықтық діңгегі биіктігінің h (м) t уақытына тәуелділігі мына формуламен сипатталады:
. (3.3)
Сұйықтық ағысының үйіндіден асып төгілуінің шарты (мына кезде h0 > hhol) былайша жақындатылып жазылуы мүмкін:
, (3.4)
мұндағы Н – үйіндінің биіктігі, м; L – сұйыққойманың қабырғасынан үйіндіге дейінгі қашықытық, м.
Үйіндіден асып ағудың толық уақыты ішіндегі сұйықтықтың мөлшері m (кг),мына өрнекпен беріледі:
, (3.5)
мұндағы tpour – сұйықтықтың үйіндіден асып ағу уақыты, с, (яғни (3.4) шарты орындалатын уақыт).
Шама tpour мына өрнекпен беріледі:
, (3.6)
мұндағы a, b, c – мына формулалармен берілетін параметрлер:
, м/с2 (3.7)
, м/с (3.8)
, м (3.9)
Егер сұйыққоймадағы сұйықтық артық қысым астында болған жағдайда ∆P (Па) қас-қағымдағы массалық шығынның шамасы G0 (кг/с) мына өрнекпен берілуі тиіс:
. (3.10)
Үйінді арқылы асып аққан сұйықтықтың мөлшерін және асып ағу уақытын анықтау үшін сәйкес теңдеулер жүйесін біріктіру қажет, ондағы шама ∆Р ауыспалы болуы мүмкін.
3.1.2. Сығылған газдың жылыстауы
Сұйыққоймадан сығылған газдың жылыстаының массалық жылдамдығы мына арақатынастармен беріледі:
шектіге дейінгі жылыстау:
мына кезде , (3.11)
, (3.12)
шектіден аса жылыстау:
мына кезде , (3.13)
, (3.14)
мұндағы G – массалық шығын, кг/с; – атмосфералық қысым, Па; РV – сұйыққоймадағы газ қысымы, Па; – газ адиабатасының көрсеткіші а; Аhol – тесіктің аумағы, м2; μ – жылыстау коэффициенті (0,6-0,8); ρV – сұйыққоймадағы газ тығыздығы, мына қысым кезінде РV, кг/м3.
3.1.3. Сұйыққоймадағы тесіктен сұйытылған газдың жылыстауы
Бу фазасының жылыстауының массалық жылдамдығы GV (кг/с) мына формуламен беріледі:
, (3.15)
мұндағы жылыстау коэффициенті; Аhol – тесіктің аумағы, м2; РС – сұйытылған газдың шекті қысымы, Па; М – молярлық масса, кг/моль; R – әмбебап газдық тұрақты, мынаған тең 8,31 Дж/(Кмоль); ТС – сұйытылғған газдың шекті температурасы, К; РR = PV/PC – сұйыққоймадағы сұйытылған газдың мөлшерсіз қысымы; РV – сұйыққоймадағы сұйытылған газдың қысымы, Па.
Бу фазасының жылыстауының массалық жылдамдығын мына формулалармен де есептеуге болады: (3.11) – (3.14).
Сұйық фазаның ағуының массалық жылдамдығы G (кг/с) мына формулмен сипатталады:
(3.16)
мұндағы ρL – сұйық фазаның тығыздығы, кг/м3; ρV – бу фазасының тығыздығы, кг/м3; ТR=T/TC – сұйытылған газдың мөлшерсіз температурасы; Т – сұйыққоймадағы сұйытылған газдың температурасы, К.
Достарыңызбен бөлісу: |