Зиянды заттар келесі критерийлер бойынша жіктеледі:
I. Әсер ету дәрежесі бойынша:
өте қауіпті;
аса қауіпті;
орташа қауіпті;
шамалы қауіпті.
II. Уыттылық сипаты бойынша:
Тітіркендіргіш – тері мен шырышты қабықтарды бұзатын (фтор, хлор және т.б.);
Тұншықтырғыш – тыныс алу жүйесін бұзу (аммиак, күкіртті сутек, көміртек тотығы және т.б.);
Есірткі – қанға әсер етуші (ацетилен, бензол, финол және т.б.);
Соматикалық – жүйке жүйесіне әсер етуші (қорғасын, мышьяк, метил спирті, күкіртті сутек)
III. Адам ағзасына әсер ету сипаты бойынша:
Тұтас организмнің улануын тудыратын жалпы улы заттар (көміртек тотығы, қорғасын, сынап, бензол, мышьяк және оның қосылыстары және т.б.).
Тыныс алу жолдарының және шырышты қабаттардың тітіркенуін тудыратын тітіркендіргіш заттар (хлор, аммиак, күкірт диоксиді, озон және т.б.).
Аллергендер ретінде әрекет ететін сенсибилизаторлық заттар (формальдегид, нитроқосылыстар негізіндегі әртүрлі еріткіштер мен лактар және т.б.).
Қатерлі ісік ауруларының дамуын тудыратын канцерогенді заттар (бензопирен, асбест, бериллий және оның қосылыстары және т.б.).
Генетикалық кодтың бұзылуына, тұқым қуалайтын ақпараттың өзгеруіне әкелетін мутагендік заттар (қорғасын, марганец, радиоактивті изотоптар және т.б.).
Репродуктивті (құнарлылық) қызметіне әсер ететін заттар (сынап, қорғасын, стирол, радиоактивті изотоптар және т.б.).
Адам ағзасына түсетін шаңмен тыныс алу жолдарының шырышты қабығының тітіркенуінен тұратын фиброгендік әсерді атап өту керек. Шаң өкпеге қонып, оларда кідіреді. Шаңды ұзақ ингаляциялау кезінде кәсіптік аурулар пайда болады - пневмокониоз.