Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері


Өндірістік санитария дегеніміз



бет3/3
Дата16.01.2023
өлшемі21.06 Kb.
#468437
1   2   3
2. ЛПС Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері

Өндірістік санитария дегеніміз – еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Ондай шараларға мыналар жатады:
1.Жұмыс орнында тиісті микроклиматты қамтамасыз ету;
2.Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
4.Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
5.Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
7.Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
8. Қызметкерлердің арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілу;
9.Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақтандыруға көшу.
Дәрігерлік алдын-алу және санитарлық-гигиеналық шараларға – дәрігерлік бақылаудан өткізіп тұру, түрлі ауруларға қарсы егу мен өндірістік гимнастиканы жүргізу, қызметкерлердің тамақтануы мен демалуы, жеке гигиенасын қатаң сақтау жұмыстары жатады. Техникалық шараларға – техниканы және технологиялық үдерістерді жетілдіру, оларды зиянды өндірістік факторларды тудырмайтын әдістермен салыстыру, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру және қашықтан басқаруды ұйымдастыру, жеткілікті жарықпен қамтамасыз ету жатады.
Ұйымдастыру шараларына – қызметкерлерді жұмыс істеуге рұқсат ету талаптарын орындау, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау, өндірістің жоғары мәдениетін қалыптастыру, өндірістік бөлмелер мен тұрмыстық бөлмелерде санитарлық ережелерді сақтау жатады.
Өндірісте еңбек қауіпсіздік шараларын, санитарлық қолайлығын талаптарға сай қамтамасыз етуді, сондай-ақ, олардың өндірістік және тұрмыстық бөлмелерін еңбекке қолайлы етіп жасап шығару. Санитарлық-гигиеналық талаптардың қанағаттандырылмағаны тек қана кәсіптік ауруларға ғана шалдықтыра қоймай, сонымен қатар өндірістегі жарақаттанудың бірден-бір себебі болуы да мүмкін. Сондықтан да, өндірістік санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалуы керек.
Қорыта айтқанда, өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ әрбір адам өндірісте жеке бас гигиенасын сақтай білуі қажет. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің орындалуы өте маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет