Кәсіптік патология- гигиеналық еңбекпен тығыз байланысқан, бұндада қауіпті және зиянды факторларды зерттейді
Өндірістегі ауа кеңістігі, оны сауықтыру іс-шаралары- өндіріс цехтары мен бөлімшелерінің ауасы тазарып тұруы үшін терезелерін кең қылып орналастырады және оның ашылатын терезесі бар бөлімше аурасы таза болуы үшін терезе әйнектері тазаланып тұруы қажет сырттан келетін күн сәулесі ішкі ауаның микроптарын өлтірсе терезе саңылауынан ішке таза ауа енеді. Бөлмелерге гүл отырғызу арнайы ыдысқа ағаш гүл отырғызуы керек. Әр жұмысшы өзі жұмыс істейтін бөлімше ішін таза ұстауы және көгалдандыруы тиіс. Ол бірінші кезекте өз денсаулығы мен көңіл күйіне әсер ететіні анық. Сондықтан бөлме ішіне ашық тусті сырлар пайдаланып әктелінеді.
2. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы
Өндірістік санитария дегеніміз – еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттанудың орын алуына жол бермейтін санитарлық –техникалық шаралардың жүйесі.
Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
1.Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
2.Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
3.Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
4.Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
5.Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
7.Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
8.Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
9.Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарақаттандыруға көшу.
Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:
-өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы, жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ығалдылығы , бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т.с.с факторлар;
-технологиялық үдеріске байланысты факторлар. Мысалы, технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;
-еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы, жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін, шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.
Адамның еңбек ету жағдайы белгілі бір өндірістік орта жағдайында өтеді. Гигиеналық талаптарды орындамаған кезде адамның денсаулығына және жұмысқа қабілеттілігіне қолайсыз жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |