Өндірістік тәжірибе бағдарламасының орындалуы бойынша есепхат тақырыбы: «Желідегі компьютерлердің адресін жазу»



бет8/10
Дата15.06.2022
өлшемі0.56 Mb.
#459254
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Компьютерлік жел

ДК-ге
қойылатын талаптар

қолданушыларға ұсынылады.

Клиенттік ДК-ге қойылатын талаптарды қолданушы өзі анықтайды
(ОЗУ 32 – 64 Мб).

Қорғау

Желі қорғанысы төмен, себебі әрбір
қолданушы өзі анықтайды.

Деректерді жан-жақты,
орталықтандырылған қорғау

Қолданушы
ларды оқыту

Қолданушылардың білім деңгейлері
жеткілікті түрде жоғары

Қолданушының білім деңгейіне
жоғары талап қойылмайды



Екі негізгі желілер типтерінің сипаттамасы 1-ші кестеде келтірілген. 1- кесте

Сервердің аппараттық жабдықталуы

Жедел есептеу құрылғысы

12-32 Мб

64 Мб-тан жоғары

Процессор

386-ден жоғары

Pentium

Қатты диск

Қолданушы талабына сәйкес
анықталады.

Ұйым талабына сәйкес
анықталады (2 Мб жоғары)



  1. Негізгі топологиялар


Электрлік байланыстардың топологиясын таңдау желінің көптеген сипаттамасына әсер етеді. Мысалы, қосымша байланыстар желінің сенімділігін арттырып, жеке арналардың жүктелуін теңгеруге мүмкіндік береді. Кейбір топологияларға тән жаңа түйіндерді қосудың қарапайымдылығы желіні ұзартуды жеңілдетеді. Экономикалық жағынан тиімді болып есептелетін байланыс жолдарының ұзындығы минималды болып келетін топологияларға таңдау түсетіні түсінікті. Жиі кездесетін топологияларға тоқталайық.
Анықтама. Желі топологиясы дегеніміз – компьютерлердің, кабельдердің және желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы.
Қандай да бір топологияны таңдау келесіге әсер етеді:

Әртүрлі топологияны қалай пайдалануды түсінсек, түрлі желілердің қандай мүмкіндіктері барлығын да түсіну қиын емес. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

  • «шина»

  • «жұлдызша»

  • «сақина»

Анықтама. «Шина» компьютерлер магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған (1.1- сурет).
сурет. «Шина» топологиясымен қосылған қарапайым желі
«Шина» топологиясымен қосылған компьютерлердің әсерлесуі. Сигналдарды жіберу. Деректер электрлік сигналдар түрінде желінің барлық компьютерлеріне жіберіледі; бірақ ақпаратты тек адресат қана қабылдайды. Бір уақытта тек жалғыз компьютер ғана беріліске қатыса алады. Желіні құраушы компьютерлер саны өскен сайын, оның жылдамдығы кеми түседі. Бұл желі шапшаңдығына әсер етуші факторлардың бірі ғана. Одан басқа да факторлар жеткілікті:

  • желідегі компьютерлердің аппараттық жабдықтарының сипаттамасы

  • компьютерлердің деректерді жіберу жиілігі

  • жұмыс істеуші желілік қосымшалар типтері

  • желілік кабельдің типі

  • желідегі компьютерлердің бір-бірінен қашықтығы.

«Шина» – пассивті топология, яғни компьютерлер желі бойынша жіберілетін деректерді тек «тыңдайды», бірақ олардың жіберушіден қабылдаушыға ауысуын қамтамасыз етпейді. Сондықтан да бір компьютердің істен шығуы басқалардың жұмысына әсер етпейді. Активті топологияларда компьютерлер сигналдарды қалпына келтіріп, оларды желі бойынша жіберуге қатысады.

  1. Сигналды шағылдыру – сигнал, адресатқа жеткеннен кейін өшуге тиіс, өйтпесе кабельдің соңына жетіп, шағылысады да басқа компьютерлердің деректерді жіберу жолын жауып тастайды.

  2. Терминатор – сигналдарды жұтушы. Ол кабельдің кез-келген бос ұшына жалғанады (1.2 - сурет).

Кабель үзілген жағдайда желі жұмысы тоқтатылып әрбір компьютер автономды тәртіпте жұмыс істейді.


    1. - сурет. Терминаторлар сигналдарды жұтады

Кабельді ұзарту


а) кабель баррел-коннектордың көмегімен қосылады (бірақ бұл тәсіл сигналдың әлсізденуіне соқтырады, сондықтан да байқап қолданған дұрыс)

Ослабленный сигнал
б) кабель репитордың көмегімен қосылады (сигналды күшейткіш құрал 1.3 - сурет).

- сурет. Репитор кабель бөліктерін қосып, сигналды күшейтеді
Анықтама. «Жұлдызша» – компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады (1.4 - сурет)

    1. - сурет. «Жұлдызша» топологиясымен құрылған қарапайым желі

«Жұлдызша» топологиясы – компьютерлер кабельдің көмегімен концентратор (hub) деп аталатын орталық компонентке қосылған (1.5 - сурет). Сигналдар жіберуші компьютерден концентратор арқылы басқаларына таратылады. Кемшілігі – үлкен желілер жағдайында кабель шығыны арта түседі және орталық компонент істен шықса, барлық желі жұмысы тоқтатылады. Бірақ қандай да бір компьютер бұзылса, желідегі басқа компьютерлерге оның кері әсері болмайды.



    1. - сурет. Концентратор – «жұлдызша» топологиясымен қосылған желінің орталық түйіні



Анықтама. «Сақина» – кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған (1.6 - сурет).

    1. - сурет. «Сақина» топологиясымен құрылған қарапайым желі

«Сақина» топологиясы – сигналдар сақина бойымен бір бағытта жіберіліп, әрбір компьютерден өтеді.
«Шина» пассивті топологиясынан айырмашылығы мұнда әрбір компьютер репитордың рөлін атқарады, яғни сигналдарды күшейте отырып келесі компьютерге жібереді. Сондықтан да егер бір компьютер істен шықса, бүкіл желі жұмысын тоқтатады.
«Сақина» топологиясында деректер маркердің көмегімен жіберіледі. Адрес қабылдаушының адресімен бірдей болғанша, маркер тізбектей жіберіледі. Қабылдаушы компьютер деректердің қабылданғаны жайлы хабарлайды. Растауды қабылдаған соң, жіберуші компьютер жаңа маркер құрып, оны желіге қайтарады. Маркердің «сақина» бойынша қозғалыс жылдамдығы жарық жылдамдығына пара-пар.
Құрама топология – «жұлдызша-шина»«шина» және «жұлдызша» топологияларының қиыстыруы, яғни бірнеше «жұлдызша» топологиясымен қосылған желілердің магистральдық сызықты «шинамен» біріктірілуі (1.7 - сурет).
1.7- сурет. «Жұлдызша-шина» топологиясымен құрылған желі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет