Өндірістік тәжірибе бағдарламасының орындалуы бойынша есепхат тақырыбы: «Желідегі компьютерлердің адресін жазу»


Стандартты технологиялық жергілікті желілерді құру



бет2/10
Дата15.06.2022
өлшемі0.56 Mb.
#459254
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Компьютерлік жел

Стандартты технологиялық жергілікті желілерді құру


80–ші жылдардың ортасында жергілікті желілердегі жағдай түбірлі өзгеріске ұшырай бастады. Компьютерлерді желіге қосудың Ethernet, ArcNet, Token Ring сияқты стандартты технологиялары бекітілді. Олардың дамуына дербес компьютерлердің пайда болуы үлкен әсер етті. Бұл көпшілік өнімдер желіні құру үшін тамаша элемент болды, бір жағынан, желілік программалық жабдықтың жұмысына жеткілікті қуаты болса, екіншіден, өзінің есептеу қуатын күрделі есептерді шешуге, сонымен бірге қымбат сыртқы құрылымдарды және дискілік массивтерді бөліп пайдалануға арнап біріктірілуге сұранып тұрғандай еді.
Сондықтан да жергілікті есептеу желілерінде дербес компьютерлер клиенттік компьютерлер ретінде ғана емес, деректерді сақтау және өңдеу орталықтары, яғни, желілік серверлер ретінде де пайдаланыла бастады. Бұл тұрғыда мини-компьютерлер мен мэйнфреймдер ығыстырылды.
Жергілікті есептеу желілері (ЖЕЖ) ауқымды желілерге қарағанда қолданушылардың жұмыс әдістерін ұйымдастыруға үлкен үлес қосты. Бөлінген ресурстарға ену ыңғайлана түсті, қолданушыға бар ресурстардың тізімін қарап шығу ғана қалды, олардың аттары мен идентификаторларын есте сақтаудың қажеті болмады. Алыстағы ресурспен қосылғаннан кейін, қолданушыға белгілі жеке ресурстар үшін пайдаланылатын бұйрықтарды қолданып жұмыс істей беруге мүмкіндік туды.
Мұндай прогрестің салдарымен қатар қозғаушы күші ретінде кәсіпқой емес қолданушылар қатары пайда болды. Оларға желіде жұмыс істеудің арнайы (сонымен бірге күрделі) бұйрықтарын үйреніп білудің қажеті жоқ еді. Аталған ыңғайлы жұмыс тәртібін орнату сапалы кабельдік байланыс жолдарының пайда болуының арқасында мүмкін болды. Бұл байланыс жолдарында бірінші буынның желілік адаптерлерінің өзі деректерді 10 Мбит/с жылдамдықпен жіберуді қамтамасыз ете алады.
Әрине, ауқымды желіні құрушылар үшін мұндай жылдамдық арман болатын, оларға қолда бар байланыс арналарын қанағат тұтуға тура келді, себебі ұзындығы мыңдаған километрге созылған есептеу желілері үшін жаңа кабельдік жүйелер тарту аса қымбатқа түсер еді. Ал қолда бар телефон байланыс арналары дискретті деректерді үлкен жылдамдықпен тасымалдауға жарамсыз болатын, 1200 бит/с жылдамдық олар үшін жақсы нәтиже болып саналатын. Сондықтан да байланыс арналарының жіберу мүмкіндігін үнемді шығындау ауқымды желілер бойынша деректер тасымалдау әдістерінің тиімділігінің негізгі шарты болып табылады. Осындай жағдайда жергілікті желілерге тән алыс ресурстарға айқын, ашық ену процедуралары ауқымды желілер үшін ұзақ уақытқа қол жеткізбес байлық болып қала берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет