Өндірістік тәжірибе есебі 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы


Өндірістік тәжірибенің міндеттері



бет2/7
Дата28.10.2023
өлшемі88.25 Kb.
#481829
1   2   3   4   5   6   7
Амангелді Айғаным практика (копия)

Өндірістік тәжірибенің міндеттері:
Оқу үрдісінде алынған теориялық білімді тереңдету және бекіту; Кәсіпорынының өндірістік және ұйымдастырушылық құрылымен танысу,нақты қызмет және бөлімдердің қызметімен мақсаттарымен танысу;
Кәсіпорынның маркетингтік және коммерциялық бөлім қызметімен тереңірек танысу;Қаржылық сұрақтар және маркетинг, өндіріс, қаржылар және еңбек ресурстары сұрақтарымен жұмыс жасау;Болашақ мамандық дағдыларын тәжірибелік меңгеру;Жалпыландыру, жүйелендіру, нақтыландыру және белгілі бір кәсіпорынның тәжірибесінде теориялық білім негізінде қорытындылау
Болашақ мамандырылған қызметтің дұрыс шешімін ұйымдастыру; Кәсіпорынынн қызметін сараптауда компьютерлік үлгілерді меңгеру;
Таңдалынған мамандықтың барлық тәжірибесін оқып білу;
Басқарушылық шешімдердің теориялық негізінен алынған әдістердің дұрыс орындалуын бақылау;Кәсіпорын қызметін болжау, жоспарлай алу қабілетін игеру, бизнес-жоспарларды құру негізінде жұмыс жасау, кәсіпорынның мәселелерін және алған қойған мақсатын шешудегі бағдарламалар мен іс-шаралар.
Тәжірибе базасы келесілер:

Студенттер оқу тәжірибесін тәжірибе графигіне сай жұмыс орындарында өтеді.Студенттердің жұмыс орны тәжірибе міндетіне сай келуі тиіс. Тәжірибеден өту барысында студент мамандығы бойынша тәлімгер-маман ретінде жұмыс атқарады.Тәжірибені өтудің бірінші күнінде студент ұжыммен танысады. Жұмыс көлемімінен, тәжірибе жетекшісімен бірігіп тәжірибе бағдарламасына сай тәжірибелік график құрады. Студент тәжіри өтетін орынға белгіленген уақытта келуге міндетті және тәжірибе жетекшісімен құрылған график бойынша тәжірибелік бағдарламаны орындауы керек.

4
1. Жерге орналастырудың кезеңдері


Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтақ жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды,топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады.
Жерге орналастыру дегеніміз — жер заңын орындауға жасалатын, жерді және одан ажырамайтын өндіріс құралдарын неғұрлым толық, дұрыс және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға, егіншілік мәдениетін арттыруға және жерді қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі.Жерге орналастыру жер қатынастарын бағыттауға, жерді негізгі өндіріс құралы, операциялық базис, табиғи ресурс және жылжымайтын мүлік ретінде тиімді пайдалануға және қорғауға бағытталған, жер заңдылығын орындау үшін жүгізілетін шаралар жүйесі. Жерге орналастырудың мазмүны қоғамдық өндірістің, әсіресе аграрлық секторының экономикалық талабына сәкес анықталады. Негізгі жерге орналастыру жұмыстары мыналар:ауылшаруашылық және басқа қажеттіліктерге жаңа құнарлы жерлерді іздеп табу, ауылшаруашылық мекемелерінің, шаруа қожалықтарының жіне басқа шаруашылықтың құрылымдарының жер пайдалануларын жаңадан құру және барларын
5
жақсартып қайтадан құру, ауылшаруашылық мекемесінің жерінде ішкі шаруашылық жерге орналастыруды жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет