Өндірістік тәжірибе есебі 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы


ҚР Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі



бет5/7
Дата28.10.2023
өлшемі88.25 Kb.
#481829
1   2   3   4   5   6   7
Амангелді Айғаным практика (копия)

2.1. ҚР Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі 
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Кадастрды жүргізу бірыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады және ол жер учаскелері туралы мәліметтерді жинау, құжаттау, жинақтау, өңдеу, есеп жүргізу және сақтау жөніндегі дәйекті іс-қимыл болып табылады.Жер учаскелерінің желілік және алаңдық сипаттамаларын бейнелеу және өзгерістер енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жер-кадастр карталары Кадастрдың картографиялық негізі болып табылады. Жер-кадастр карталарының масштабы есепке алу бірлігінің мөлшеріне және Кадастрды жүргізудің деңгейіне байланысты таңдалады.Кадастрды автоматтандырылған жүргізу кезінде картографиялық негіз геоақпараттық технологияларды қолданумен және қағаз тасығыштарда көшірмелерін дайындаумен электрондық карта түрінде қалыптастырылады.Жер учаскелері туралы ақпарат учаскелер мен жер алқаптарының шекарасы мен алаңдары өзгерген кезде жүйелі түрде жаңартылады.
Мемлекеттік меншіктегі жерлерден берілетін жер учаскелеріне жер-кадастр істерін Мемлекеттік корпорация облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері, Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген құзыретіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жерге құқықтық беру туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жүргізеді.
Азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі жерден учаске құру бөлінетін жер учаскесінің бөлігімен мәміле жасалған кезде жер учаскесінің орналасқан жері бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына берілетін олардың бөлінетін жер учаскесін бөлу туралы өтініштері негізінде жүргізіледі. Өтінішке жер учаскесіне жеке меншік құқығы туралы құжаттар қоса беріледі. Бөлудің нәтижесінде пайда болған жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-1-бабында белгіленген құзыретіне сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық
8
маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органы бекіткен жер учаскесін бөлу туралы жерге орналастыру жобасы және жер учаскесінің шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар негізінде жаңа жер-кадастр ісі жүргізіледі, ал бөлінетін жер учаскесіне бұрын жүргізілген жер-кадастр ісі Мемлекеттік корпорацияның мұрағатында сақталады.Бөлу нәтижесінде қалыптасқан жер учаскелеріне Мемлекеттік корпорация жаңа сәйкестендіру құжаттарын дайындайды және береді.Егер жер учаскесіне жер-кадастр жоспары әзірленген жағдайда жаңа жер-кадастр жоспары беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет