Өндірістік тәжірибе есебі 5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы


Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту



бет6/7
Дата28.10.2023
өлшемі88.25 Kb.
#481829
1   2   3   4   5   6   7
Амангелді Айғаным практика (копия)

2.2. Жерге орналастыру жобасын қарау, келісу және бекіту
Жобаланып отырған жер учаскесі орналасқан жерінің МЖК ААЖ-ның графикалық деректеріне сәйкестігін салыстырып тексеру жүргізу үшін жобаны әзірлеуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жер учаскесінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді.
Жобаланып отырған жер учаскесі Кодекстің 121-бабында көрсетілген жерді ерекше шарттармен пайдаланудың белгіленген аймақтарының шекараларында орналасқан кезде, салыстырып тексеру жүргізу кезінде жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларын және жерді ерекше шарттармен пайдалану аймақтарының шекараларына қабаттасу схемасы МЖК ААЖ-да олардың шекаралары болған кезде жасалады.
Жерге орналастыру жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен, тиісті қызметтермен келісу жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 1 (бір) ай ішінде жүзеге асырылады не жер учаскесін келісу схемасында (жоспарында) мөрмен расталған хаттар (келісімдер, қорытындылар) және қойылған қолдар түрінде ұсынылады.
Жерге орналастыру жобасын келісетін мүдделі мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтерді жер учаскесінің нысаналы мақсаты мен пайдаланылуына рұқсат етуге қарай уәкілетті орган айқындайды.
Бұл ретте жерге орналастыру жобасын келісу жер, орман, су заңнамасы нормаларының, жер учаскесінің нысаналы мақсатына қарай өртке қарсы, санитариялық-гигиеналық, экологиялық, құрылыс және қала құрылысы міндетті нормалары мен қағидаларының сақталуы бөлігінде жүзеге асырылады.
9
ҚОРЫТЫНДЫ
Бұл өндірістік практикадағы жұмысымды қорытындылай келе, практикалық жұмысым, Алматы қаласында өте жақсы өтті.Маған қатты ұнады.Мен ол жерден көптеген жұмыстарды үйрендім. Студенттер оқу тәжірибесін тәжірибе графигіне сай жұмыс орындарында өтті.Тәжірибеден өту барысында студент мамандығы бойынша тәлімгер-маман ретінде жұмыс атқарадым.Студент тәжірибеден өтетін орынға белгіленген уақытта келуге міндетті және тәжірибе жетекшісімен құрылған график бойынша тәжірибелік бағдарламаны орындауы керек.Жетекшіміз өздеріне жүктелген қызметті яғни студенттерді барынша үйретті. Жер бөлімінде атқарылатын міндеттерді толығымен таныстырды. Өткізілген тәжірибеден жақсы нәтіже көрсеттік. Көптеген мәліметтер алдық. Мамандығымызға деген қызығушылығымыз одан сайын артты.Сол жерде жұмыс жасаған маған қатты ұнады.Сол жерде бізге қарап жүретін адамдар да өте күшті адамдар.Ең бірінші барған күннен бастап бәрін үйретті.Бірінші күні ештеңе білмегеннен қатты қиын болды.Бірақ біз тез үйреніп кеттік.Сол жерден бізбен жасты басқа практикант студенттерменде жақсы араласып кеттік.
Кәсіпорынның практика жетекшісі: А.С Шалгынбаева

17.06.2023 ж


10




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет