Newest
Табиғат ғылым - ол ... табиғат туралы ғылыми білімді түрлері
Қалыптастыру
4x4 жетек бар автокөлікті «Соболь»: иелерінің пікірлер
Cars
Тетрациклин жақпа. Қолдану нұсқаулығы
Денсаулық
Біз атауы София не бар екенін біле
Зияткерлік дамуы
Сүт безінің Medela сорғылар: Оқырмандар Market Емшек сүтімен
Және отбасы үйі
King Saron Hotel 4 * (Грекия, Пелопоннес): бөлмелер, қызметтерді, шолу сипаттамасы
Саяхат
ad
Copyright © 2018 kk.unansea.com. Theme powered by WordPress.
Ф
Кескіндеме, кескіндеу өнері — бейнелеу өнерінің бір саласы, белгілі бір заттың бетіне (кенеп, ағаш, қағаз, т.б.) бояу арқылы салынатын көркем шығармалар атауы.
Кескіндеме заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын үндестіре бейнелейтін көркемдік және танымдық қуатымен ерекшеленеді. Ол көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы эстетикалық ләззат береді. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік дамуын бейнелеп қана қоймай, көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауына себепкер болады. Сондықтан да Кескіндеменің қоғамдық-тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматта береді.
Кескіндеменің пайдаланатын құралы - сәуле, бояу, рең. Сәулені бояу реңдерімен нәзік астастыру арқылы өмір құбылыстарының айқын да шынайы көріністері жасалады. Суретші шеберлігінің көрінер жері де осында. Заттың сыр-сипатын, нәрсе мен кеңістіктің қарым-қатынасын, сәуле мен көлеңкенің құлпырымын, қысқасы кең дүниенің барлық жарасымын тауып бейнелеуде Кескіндеменің тіліндей нәзік те өткір де тіл жоқ. Ол көрерменді бірден баурайды, еліктіреді, қозғаған тақырыбымен толғандырады. Кескіндеменің данышпандық туындыларына адамзаттың мәңгі масаттанатыны да содан. Кескіндеме туындысы бір жасалған қалпында қалатындықтан назарға да сол қалпында бірден шалынады. Бірақ суретшінің қыл қаламына ілінген сол бір мезеттік көрініс заманның, дәуірдің, ортаның сан алуан сырларын шертеді, сезім құбылыстарынан, жан тебіреністерінен дерек береді, көрерменмен үнсіз тілдеседі. Кескіндеме туындылары жеке бір тұлғаны, дара көріністі бейнелеп қана қоймай, күрделі сюжетке, сабақты оқиғаларға құрылған шытырман соқтығыстарды да бейнелеп, олардың мәнін ашады.
Кескіндеме – тақырып аясы кең, көп жанрлы (тұрмыс-салт көріністері, соғыс жанры, хайуанаттар тақырыбы, т.б.) өнер саласы. Арналуына, орындалу сипатына, бейнелеріне қарай кескіндеме бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
монументті-сәндік кескіндеме (қабырға бетіне, үйдің ішкі төбесіне (плафондар), қабырғасына (панно) салынатын суреттер);
қондырғылы кескіндеме – суреттер, яғни картиналар;
сәндік суреттер (театр, кино көріністерін, ондағы киім үлгілерін әсемдейтін суреттер, икона салу, миниатюра, т.б.).
Диорама, панорама да кескіндеме түрлеріне жатады.
Эжен Делакруа: Медея, 1838
Суреттің өңін келтіретін бояулардың түрлері мен оны салу әдістеріне қарай да Кескіндеме туындылары жіктеледі. Мысалы, майлы бояулы кескіндеме, фреска (кеппеген сылаққа сулы бояумен салынады), асекко (кепкен сылаққа сулы бояумен салынады), темпера, желімді бояумен, балауызбен, сырлы бояумен салынатын суреттер.
Кескіндеменің керамикалық бояумен (тез балқитын әйнек-сырды күйдіріп жапсыратын), силикаттық бояумен (еритін әйнек) салынатын, т.б. түрлері бар.
Мозаика мен витраж да кескіндемемен ұштасып жатады.
Кескіндеме туындыларын жасауда акварель, гуашь, пастель, тушь та молынан қолданылады.
Кескіндемелік шығармалар
ұзыншалай жатығынан бейнелеу,
көлем-кеңістігін келтіре бейнелеу болып шартты түрде екі топқа бөлінеді.
Кескіндеме шығармалары негізге(кенепке, ағашқа, қағазға, мұқабаға, тасқа, шыныға, әйнекке, металға, т.б. заттарға) салынады. Әдетте олардың беттері жақпа қабатпен сыланып, оның үстіне сырлы қабат түсіріледі. Кескіндеме нің баурау, еліктіру мүмкіншілігі жұмсалатын бояуға, оны қолдану тәсілдеріне, пайдаланған құралына (қыл қалам, мастихин), бояу еріткіштеріне, сурет салынатын заттың беті қаншалық бұдырлы немесе тегістігіне, оның бояуды қаншалық сіңіретіндігіне, т.б. байланысты. Қатты заттың бетіне салынған сурет пен жұмсақ заттың, жылтыр немесе бұдырлы заттың бетіне салынған суреттер өздеріне лайықты бояу реңдерін тілейді. Суреттің салыну стиліне қарай, оны қоятын жақтаудың түрі мен формасы да сәйкестендіріледі. Картиналар, көбіне, төртбұрышты болады, ал кейде дөңгелек пішінге де келтіріледі. Барлығы да Кескіндеме туындысының жалпы идеясына, стиліне, көркіне сай және жарасымды болуға тиісті.
Достарыңызбен бөлісу: |