Өнеркәсіп 2009 жылғы І жартыжылдықта Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 487,4 млн теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 70,5% болды



жүктеу 65.14 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі65.14 Kb.
Зайсан ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2009 жылғы I жартыжылдықтағы қорытындысы туралы

Өнеркәсіп
2009 жылғы І жартыжылдықта   Зайсан ауданындағы өнеркәсіп орындары 487,4  млн. теңгенің тауарлы өнімдерін өндірді, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 70,5% болды. Тау кен өндірісінде ЖШС «Сайқан» мекемесі 62,3 млн. теңгенің көмірін өндіріп, өткен жылдың сәйкес мерзімінен өсімі 129%-ке жетті. ЖШС «Балық Продукт Восток» зауыты  166,2 млн. теңгенің балық өнімдерін өндіріп, былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 61,5% болды.

Ауылшаруашылығы
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1576,1  млн. теңге болып, 2008 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда  4,0% артты.
Аудан көлемінде 3405 тонна ет, 17779 тонна сүт, 1189 мың дана жұмыртқа, 231 тонна жүн өндірілді. Өткен жылмен  салыстырғанда ет 3,2%, сүт 4,7%, жұмыртқа 5,4%, жүн 7,1% артық өндірілді. Ірі қара саны 72953 басқа жетіп, 2008 жылдың осы мерзімінен 1425 басқа, немесе 2,0% өсті. Қой мен ешкі саны 192908 бас болып, өткен мерзімнен 1506 басқа, немесе 0,8%  өсті. Жылқы 12931 бас, өткен уақытпен салыстырғанда 1020 басқа артты, немесе 8,6%, құстар саны 47212 басқа жетіп, өткен мерзіммен салыстырғанда 3845 басқа немесе 8,9% артты.
Барлық егіс көлемі 14380 гектар болды, бұл өткен жылғымен салыстырғанда 111,4%.

Құрылыс, тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу және абаттандыру
2009 жылға арналған аудандық бюджетте Зайсан қаласының су жүйесінің реконструкциясының жобалық-сметалық құжатына 8162 мың теңге, Қаратал ауылы су жүйесінің жобалық-сметалық құжатына 4100 мың теңге, Жарсу ауылы су жүйесінің жобалық-сметалық құжатына 3100 мың теңге қаржы қаралған, тендер өтіп, мердігерлер анықталды. Біржан су жүйесінің электр желілері құрылысының жобалық-сметалық құжатын аяқтауға 860 мың теңге қаржы қаралып, 1 шілдеге 859 мың теңгесі игерілді. Какен-Талды ауылында скважина қазуға және жобалық-сметалық құжатына 3208 мың теңге бөлініп, 1 шілдеге 1956 мың теңгесі игерілді.
Зайсан қаласындағы орталық стадионның реконструкциясына  32487 мың теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Аудан орталығында УЭФА стандарттарына сай шағын футбол алаңын салуға 6 млн теңге бөлініп, пайдалануға берілді.
Республикалық бюджеттен Зайсан қаласындағы 60 пәтерлі үйдің құрылысына биылғы жылы 195288 мың теңге бөлінген, 1 шілдеге игерілгені 99871,7 мың теңге; инженерлік желілерінің құрылысына 17041 мың теңге бөлініп, игерілгені 5110,9 мың теңге. Жыл аяғына дейін пайдалануға берілуі жоспарланып отыр.
Аудандық бюджеттен Зайсан қаласындағы №1 балабақшаның күрделі жөндеуіне 4000 мың теңге бөлініп, 1 шілдеге игерілгені 1200 мың теңге.
Ағымдағы жылы аудандық бюджеттен Мұжықсу мектебінің қазандығын электр қазандығына айырбастауға 1500 мың теңге бөлініп, 1296,3 мың теңгесі игерілді. Жаңа-Тұрмыс мектебіне 1000 мың теңге қаралып, 938 мың теңгесі игерілді. Жамбыл мектебіне 1500 мың теңге бөлініп, 290,7 мың теңгесі игерілді. Мұстафина мектебінің жылу қазандығын жөндеуге 3114,9 мың теңге бөлініп, 2754,4 мың теңгесі игерілді. Қазақстан мектебі ғимаратының ағымдағы жөндеуіне 1500 мың теңге қаралып, бүгінгі күнге 450 мың теңгесі игерілді. Абай мектебінің электр желілерін ауыстыруға 1800 мың теңге бөлініп, 45 мың теңгесі игерілді. Білім бөлімінің ғимаратының төбесін жөндеуге 1550 мың теңге қаралып, 450 мың теңгесі игерілді.
2009 жылдың І жартыжылдығында барлығы 34 тұрғын үй  (2812 ш.м.) салынып, пайдалануға беріліп,  өткен жылғы сәйкес мерзімдегімен (32 тұрғын үй, 2758 ш.м.) салыстырғанда 102,0% болды.
Кеңсай су жүйесінің күрделі жөндеуіне 20000 мың теңге бөлініп, 12943 мың теңгесі игерілді; Біржан су жүйесінің күрделі жөндеуіне 5000 мың теңге бөлініп, 2431,6 мың теңгесі игерілді.
Боқажанов көшесінің күрделі жөндеуіне 52764 мың теңге қаралып, 47379,6 мың теңгесі игерілді.
Аудан бойынша жолдардың ағымдағы жөндеуіне аудандық бюджеттен 10647 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнге 769,5 мың теңгесі игерілді. Зайсан қаласының көшелерін ағымдағы жөндеуге 8479 мың теңге бөлініп, көшелер жөнделді.
Елді мекендерде көшелерді жарықтандыруға  аудандық бюджеттен 14693 мың теңге қаралған, оның ішінде Зайсан қаласына 7000 мың теңге, Дайыр ауылына 2225 мың теңге, Қаратал ауылына 3320 мың теңге, Шілікті ауылына 2148 мың теңге.

«Жол картасы»

«Жол картасы» бойынша 5 бағытқа 255,1 млн теңге қаржы бөлініп, 610 адам жұмыспен қамтылады. Оның ішінде:


1. Білім саласында
3 орта мектептің жылу жүйесі (30,6 млн теңге), 1 орта мектептің (20,6 млн теңге) және 1 балабақшаның (8 млн теңге) ғимараттары күрделі жөндеуден өткізілмек. Барлығы 184 жұмыс орны ашылып, 59,2 млн теңге игерілмек.
2. Әлеуметтік бағдарламада
2 мәдениет үйінің ғимараты күрделі (59,5 млн теңге), 3 мәдениет үйі (12,4 млн теңге) ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 172 жұмыс орны ашылады, 71,9 млн теңге игеріледі.
3. Мәдениет саласында
Кітапхананың ғимаратын ағымдағы жөндеуге 10 млн теңге бөлініп, 26 адам жұмысқа тартылады.
4. Жол
Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуге барлығы 98 млн теңге қаралып, 78 жұмыс орны ашылады.
5. Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық саласы
Зайсан қаласын көркейту мен көгалдандыруға бөлінген 15,8 млн теңге қаржыға 150 жұмыс орны ашылады.
Бүгінгі күнге барлығы 89,7 млн теңге игеріліп, 610 адам жұмыспен қамтылып, барлық жұмыстарды 3,5 айда аяқтау жоспарлануда.
Жастар іс-тәжірибесі бойынша  20 адамды жіберу жоспарланған, барлығы жіберілді. Кәсіптік мамандықтар алуға  100 адам жіберу жоспарланған,  жарты жылда 70 адам жіберілді.

Бюджет
Аудан бюджетінің өз кірісінің жоспары 170,2 млн. теңгеге бекітіліп, нақты 173,6  млн. теңге түсіп, жоспар 102,0% орындалды. Шығындар жоспары 1224,5 млн теңге орнына 1207,2 млн теңге болып, 98,6% орындалды. Салықтардың 3 түрінен болжам орындалған жоқ: әлеуметтік салық бойынша – 99,1%, 4 кәсіпкер 550 мың теңгеге берешек қаржыны төлей алмады. заңды тұлғалардан алынатын мүлік салығы – 87,1%, жаңа Салық кодексіне сәйкес материалдық емес активтерге салық есептелмеуіне байланысты.  Шағын және орта кәсіпкерліктен аудан бюджетіне 81,6 млн теңге түсті, ол аудан бюджетінің өз кірісінің 47 пайызын құрайды.

Инвестиция
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1189,6 млн теңге болды, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімдегіден 6,2 есе артық. Республикалық бюджеттен қаржыландырылған инвестициялар көлемі 117,5 млн теңге, кәсіпорындардың өз қаржылары 911,2 млн теңге.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар.
Есеп беру мерзімінің аяғына жұмыссыздардың саны 245 адам құрады, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1 адамға кем.
Есеп мерзімінде 229 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе жұмысқа орналасу деңгейі тіркелгендердің ішінен    65 % құрайды.
Жыл басынан “Жол картасы” бойынша ашылған жұмыс орындарын қоса есептегенде жаңадан 1410 жұмыс орны ашылды.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру бағдарламасына сәйкес 2009 жылы осы жұмыстарға 14  жұмыссыз қатыстырылды.
Зайсан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен кәсіпорын, мекемелермен 55 келісім-шарт жасасу арқылы ақылы қоғамдық жұмыстарға 293 адам жіберілді, оның  ішінде ауылдық жерге - 133 адам.
2009 жылдың басынан аудан бойынша оқуға, біліктілігін арттыруға  31 жұмыссыз жіберілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке  аудан бойынша 289 отбасының 896 мүшесіне 10604 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. 
Аудан бойынша 1439 отбасының 3538 баласына 23930 мың теңге мемлекеттік балалар жәрдемақысы тағайындалып, төленді.
«Табысы аз отбасыларға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне ақы төлеу үшін тұрғын үй көмегін беру Ережесіне» сәйкес табысы аз 68 отбасыға 1116 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.       
Аз қамтылған, тұрмысы нашар отбасыларына жергілікті бюджет арқылы материалдық көмектер көрсетіліп тұрады, жыл басынан бері әлеуметтік көмекті қажет ететін 114 адамға 1100 мың теңге материалдық көмек төленді.
«Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталған Батыр аналарға, І-ІІ дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған, 4 және одан көп кәмелетке толмаған 18 жасқа дейінгі балалары бар аналарға бір жолғы материалдық көмек ретінде 1032 анаға 10320 мың теңге бөлініп төленді.
Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілгендерге коммуналдық шығындарын өтеу үшін 178 адамға 4342 мың теңге бөлініп төленді.
Жергілікті жердің шешімі негізінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 26 баланың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін 4781 мың теңге бөлініп төленді.       
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік, дәрігерлік-педагогикалық қолдау арқылы оңалту туралы» Заңы негізінде үйде оқып-тәрбиеленетін 39 балаға 1590 мың теңге материалдық қамсыздандыру төленді.  

Санитарлық-қорғау аймақтарын рәсімдеу

12 салық төлеуші 24 нысандарына тиісті құжаттарын рәсімдеуде, оның ішінде 4 салық төлеуші 4 нысанына жобаларды дайындап бітірді.


Осы 12 салық төлеушінің ішінде:

  1. 6 салық төлеуші 7 нысанына 149,6 мың теңге қосымша жер салығы шағылды(бірінші төлеу мерзімі – 25 тамыз 2009 жыл);

  2. 5 салық төлеуші 8 нысаны бойынша қосымша жер салығының сомасы шағылмайды, өйткені санитарлық қорғау аймақтары өздерінің алдындағы мемлекеттік актімен белгіленген жерінің ішіне кіреді, ал оған тиісті жер салығы төленуде;

  3. 1 салық төлеуші 9 нысанына құжаттарын рәсімдеуде, жер көлемі белгіленгеннен кейін жер салығы есептелінеді.   

 

Берілген тапсырмалардың орындалуы

Көрсеткіштер

2008 ж. І жартыжылдық

2009 ж. І жартыжылдық

%

Берілген тапсырма

Өнеркәсіп өнімі

518,6

487,4

70,5

100

Ауылшаруашылығы өнімі

1419,8

1477,2

104

123

Инвестициялар

191,9

1189,6

6,2 есе

9 есе

Жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындардың динамикасы

85,4

94,6

 

100

Аз қамтылғандар саны

2463

2448

 

2448

Жұмыссыздар саны

246

245

 

250

Жұмыссыздық деңгейі

1,2

1,2

 

1,3

Аудан бюджетінің өз кірісі

106,7

102

 

102

Бюджеттің игерілуі

99,1

98,6

 

100


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет