Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Билет 14 1.Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі



бет7/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

Билет 14
1.Химиялық реакторларға анықтама беріңіз. Химиялық реакторлардың жіктелуі. Химиялық реактор деп химия-технологиялық үрдісті жүзеге асыруға арналған аппаратты айтады,яғни, ішінде масса тасымалдау (диффузиялық) процесі мен химия-технологиялық процестер жүретін аппарат.Мысалы, күкірт қышқылы цехының пеш бөлімшесінде реактор болып күкірт немесе колчеданды күйдіру пеші болса, контакт бөлімшесінде – жанасу аппарат болып табылады.Химиялық реакторлардың көптеген түрлері мен конструкциялары бар, оларды бірқатар белгілер бойынша жіктеуге болады. Химиялық реакторларды жіктеуде ең маңызды критерилері:1) операцияның үздіксіздігі немесе мерзімділігі; 2) қозғалыс тәртібі және реагенттер араласуы;3) аппараттың реакциялық көлеміндегі температуралық тәртіп (жылу режимі).Реагенттерді әкелу және шығару әдістеріне қарай:1)Мерзімді (периодты) реактор. Мерзімді әрекетті реакторлар толық араласуға жақын, сәйкес, жұмысының кез-келген кезеңінде барлық реакциялық көлемде бірдей температурада жұмыс істейді. Реагенттер операция басында тиеледі. Берілген түрлену дәрежесіне жетуге қажетті уақыттан соң аппарат босатылады.2)Үздіксіз реактор.Бұл реакторларда бастапқы заттар үздіксіз тиеліп және сонымен қатар реакцияның өнімдері үздіксіз шығарылады. Көлемдік жылдамдық үздіксіз істейтін аппараттың өнімділігін сипаттайды.3)Жартылай үздіксіз реактор.Шикізатты үздіксіз немесе тең уақыт аралықтарында белгілі үлестермен берумен, ал реакция өнімдерін мерзімді шығарумен сипатталады. Шикізатты мерзімді беріп, өнімді үздіксіз шығаруда мүмкін. Мұндай реакторлар ауыспалы тәрітпте жұмыс істейді, негізгі көрсеткіштері уақыт бойынша өзгереді.Жылу режимі бойынша химиялық реакторлар бөлінеді:1)Адиабаттық, Адиабаттық реакторларда жылу ешқайда кетпейді жэне ол ешқайдан келмейді, реакциядан шыққан барлық жылу реакцияға түсуші заттардың ағынымен шоғырлана түседі.2)Изотермиялық; Изотермиялық реактор ішінде температура барлык реакциялық колем бойынша бірдей.3)Политроптық. Реакция жылуының бір бөлігі реакция аймағынан сыртқа шығарылады немесе керісінше, қажетті жағдайда жылу сырттан әкелінеді.Үздіксіз жұмыс істейтін химиялық реакторлар олардағы компоненттердің қозғалу тәртібі бойынша бөлінеді:1)Идеалдық ығыстыру реакторы; Идеалды ығыстырғыш реакторлар аппараттың диаметрінен, әдетте, едәуір артық болатын биіктігімен (ұзындығымен) анықталатын барлық реакциялық жолды реагенттер бір қабаттан кейін келесі қабатты тізбек араласпай, ламинарлы ағынды өтумен сипатталады.2)Идеалдық араласу реакторы; Берілген уақыт кезеңінде аппаратқа түскен реагент бөлшектері қарқынды араласу әсерінен барлық бөлшектермен бірдей аппараттан бірінші болып шығу мүмкіншілігімен сипатталады. Идеал араласушы реакторларда көлемнің кез келген элементі реактор ішіндегі заттармен лезде араласып кетеді.3) Аралық типтегі реакторларға.Атқаратын міндеттеріне сай және өтетін реакторлардың ерекшеліктеріне байланысты реакторлардың конструкциялары да алуан түрлі болады. Жұмыс атқару ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:+Реагенттерді әкелу (периодты, үздіксіз, жартылай үздіксіз);+Реагенттердің қозғалуы(идеалды ығыстыру, идеалды араластыру);+Реакциялық аймақтағы (адибаттық, изотермиялық, политроптық (аралық)) болып жіктеледі.Ал конструктивті ерекшеліктеріне байланысты реакторлар:+Сыйымдылықты) реакторлар;+Колонналы реакторлар(барботажды және насадкалы колонналар);+Жылу алмастырғыш типті реакторлар болып жіктеледі.Реакторларға қойылатын талаптар:+Жоғары өнімділік пен қарқындылықты қамтамасыз ету,+Максималды айналдыру дәрежесімен қамтамасыз ету;+Реагенттерді тасымалдау мен араластыруға кететін энергия шығынының төмен болуы;+Құрылысы жеткілікті түрде қарапайым және бағасы арзан болуы;Реакторлар жұмысының негізгі көрсеткіштері шартты түрде:•Технологиялық;•Пайдалану;•Энергетикалық;•Экономикалық болып жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет