Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Гендік инженерияға анықтама беріңіз. Медицинадағы гендік инженерияның тарихын, даму кезеңдерін және рөлін сипаттаңыз



бет10/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

2.Гендік инженерияға анықтама беріңіз. Медицинадағы гендік инженерияның тарихын, даму кезеңдерін және рөлін сипаттаңыз. Биотехнологиядағы гендік инженерия әдістері. Биологтар заманауи генетикалық әдістерді пайдаланып, бактерияларды ақуызды препараттар (мысалы, рестрицирлеуші эндонуклеаза), алуан түрлі химиялық қосылыстардың, аминқышқылдардың, антибиотиктердің және т.б. өндірісі бойынша өзіндік «биологиялық фабрикиаларға» айналдыруды үйренген. Олар спецификалық гендерді бактериалды клеткалардың ішінде клондау арқылы бірегей метаболиттерді алу биосинтезінің жаңа жолдарын шығарады.Гендік инженерияның әдістері көмегімен биологиялық процестердің спецификалық түрде жүруіне бактериялардың белгілі бір түрлерінің табиғи қабілеттілігін күшейтуге болады. Мысалы, қоршаған ортаны ластайтын токсикалық қалдықтарды эффективті түрде бұзатын бактерия штаммдары ауылшаруашылық культураларының қарқынды өсуіне себепші болады, целлюлозаны төменмолекулалы көміртек қосылыстарына дейін ыдыратып, зиянкес жәндіктерді жояды.Ген инженериясы – молекулалық биологияның жаңа саласы. Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: “генетикалық инженерия” және “ген инженериясы”. Соңғы кезде “генетикалық инженерия” жалпылама түрде колданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Сол жылы Т. Берг алғаш рет пробиркада үш түрлі микроорганизмнің ДНҚ-ларының фрагменттерінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды. Бірақ маймылдың рак вирусының, бактериофагтың және ішек бактериясының гендік ДНҚ-ларынан құрастырылған ол гибридтік ДНҚ-ның клетка ішінде ойдағыдай жұмыс істей алатындығы тексерілмеді, себебі құрамында рак вирусының нуклеин қышқылы болғандықтан ғалымдар тәуекелге бармады.Клеткада жұмыс істей алатын гибридтік ДНҚ-ны 1973-74 жылдары С. Коэн мен Г. Бойер құрастырды. Олар басқа организмнен бөліп алған ДНҚ фрагментін (генін) бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Ол плазмидадағы бөтен гендердің алғаш рет жаңа организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. Соның артынша-ақ дүние жүзінің көптеген лабораторияларында жұмыс істей алатын әр түрлі плазмидалар алынды. Совет елінде ондай бөтен гені бар плазмида академик А.А. Баевтың басшылығымен жасалды.Ген инженериясы мынадай кезеңдерден тұрады:1) генді (ДНҚ фрагментін) алу;2) рекомбинантты ДНҚ . молекуласын құрастыру;3) реципиент клеткасына рекомбинантты ДНҚ молекуласын енгізу;4) қажет рекомбинантты ДҢҚ молекулалары бар клондарды (бактерияық клеткаларды) ортадан табу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет