Өнеркәсіпте суды дайындау. Фармацевтикалық мақсаттарға арналған суға қойылатын талаптарды атап көрсетіңіз


Билет 20 1.Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз



бет18/18
Дата21.03.2024
өлшемі46.51 Kb.
#496210
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ОХТ СЕССИЯ РУМ 2 (копия)

Билет 20
1.Химиялық өндіріске анықтама беріңіз. Химиялық өндірістің құрылымы мен функционалдық элементтерін сипаттаңыз. Химиялық технологияның зерттеу объектісі – химиялық өндіріс болып табылады.Химиялық өндіріс – шикізатты қажетті өнімдерге химиялық өзгерістер жолымен өңдеуге арналған машиналармен аппараттарда жүзеге асырылатын үдерістер мен операциялардың жиынтығы.Химиялық өндіріске:➢ өндірісте қажетті өнімдер алу;➢ экологиялық қауіпсіздік;➢ пайдаланудың қауіпсіздігі жəне беріктігі;➢ –шикізат жəне энергияны максималды пайдалану;➢ максималды еңбек өнімділігі сияқты жалпы талаптар қойылады.Химиялық өндірістің негізгі міндеті – өнім өндіру болғандықтанкөп функцинолды болып табылады. Химиялық өндірістің жалпықұрылымы бірнеше функционалды бөлімдерден тұрады.Химиялық өндірістің құрылымы жəне функционалды элементтері:1 – шикізатты дайындау;2 – шикізатты өңдеу;3 – негізгі өнімді бөлу;4 – қалдықтың утилизациясы жəне санитарлық тазалау;5 – энергетикалық жүйе;6 – қосымша материалдар мен суды дайындау;7 – басқару жүйесіШикізатты өнімдерге дейін өңдейтін химиялық өндіріс. Химиялық өндірістің компоненттері ауыспалы жəне тұрақты болып бөлінеді.Ауыспалы компоненттер – өңдеуге түсетін шикізат, қосымша материалдар, негізгі жəне қосымша өнімдер, өндіріс қалдықтары, өндірістіңжұмыс істеуін қамтамасыз ететін энергия өндірісте тұрақты түрдетұтынылады немесе түзіледі.Тұрақты компоненттер – аппаратуралар (машиналар, аппараттар, түтікөткізгіштер, арматура, сыйымдылық), басқару жəне бақылауқондырғылары, құрылыс конструкциялары (ғимарат, құрылғы),қызметкерлер(жұмысшылар, аппаратшылар, инженерлер жəне т.б.өндіріс жұмысшылары) өндірістің пайдалану мерзімінде тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
2.Гомогенді химиялық процестерге анықтама беріңіз. Гомофазалы химиялық процесстің жылдамдығына сипаттама беріңіз. Химиялық процесс дегеніміз - бұл бір немесе бірнеше химиялық қосылыстарды өзгерту әдісі немесе процедурасы болып табылады. Бұл өз күшімен болуы мүмкін немесе сыртқы күштің әсерінен жасалынуы мүмкін процесстерді айтамыз.
Гомогенді химиялық процестер деп бір текті ортада, яғни жүйенің бөлімдерін бірін бірінен бөлетін жанасу беттері жоқ сұйық немесе газ қоспаларында өтетін химиялық үрдістерді атайды. Біртекті(гомогенді) химиялық процесте барлық реактивті заттар мен реакция өнімдері реакция жүретін фазада болады. Қарастыру үшін реактивтер жақсы араласатын көлемді таңдаймыз, сондықтан олардың концентрациясы мен температурасы бүкіл көлемде бірдей болады. Тиісінше, реакцияның шарттары бүкіл көлемде бірдей. Сондықтан гомогенді химиялық процестің конверсия жылдамдығы мен заңдылықтары бұл жағдайда химиялық реакцияның жылдамдығы мен заңдылықтарымен анықталады.
Гомогенді ортада, әсіресе сұйық фазада, химиялық реакциялар гетерогенді процестерге қарағанда тезірек жүреді, гомогенді процестерді аппараттық жобалау және оларды басқару оңайырақ. Сондықтан өнеркәсіпте біртекті ортада химиялық процесті жүргізу үшін жүйені гомогенизациялау әдісі кеңінен қолданылады, сұйық реакция ортасын алу үшін газдарды сұйықтықпен сіңіру немесе бу конденсациясы, қатты заттарды еріту немесе балқыту жиі қолданылады.
Гомогенді реакцияның жылдамдығы – жүйенің көлем бірлігінде және кесімді уақытта реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың мөлшерімен өлшенеді.
Бұл жердегі n – заттардың біреуінің моль санының өзгеруі (көбінесе бастапқы, бірақ реакция өнімі болуы мүмкін); t – уақыт аралығы (С, мин); V-газ немесе ерітіндінің көлемі (л).
Бастапқы реагенттер мен реакция өнімдері бір немесе бірнеше фазалардан түзілуіне байланысты химиялық реакциялар гомофазалы жəне гетерофазалы болып бөлінеді.
+Гомофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері бір фазада болады.
+Гетерофазалы реакциялар – бастапқы реагенттер, тұрақты аралық заттар жəне реакция өнімдері əртүрлі фазада болады.
Газды және сұйық фазалардағы гомогендік үрдістердің жылдамдығына әрекеттесуші заттардың табиғаты, концентрациясы, қысым, температура және араластыру әсер етеді. Гомогенді үрдістің жалпы жылдамдығы химиялық түрленудің кинетикасымен анықталады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет