Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы. Ауаны бөлу өнімдерін өндіру мен тұтыну 1-тарау. Жалпы ережелер


-тарау. Техникалық құрылғылар мен құбырларды жөндеу



бет4/4
Дата26.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#159736
1   2   3   4

17-тарау. Техникалық құрылғылар мен құбырларды жөндеу

1-параграф. Жалпы талаптар
311. Техникалық құрылғылар мен құбырларды ажырату үшін қолданылатын бітеуіштер ернемек шектерінен шығатын арттары болады. Әрбiр бітеуіштің артында бітеуіш нөмiрi және оған есептелген қысым көрсетіледі.

Бітеуішті орнату және түсіру уақыты мен орны бітеуішті орнатқан не түсірген тұлғаның қол қоюымен технологиялық журналда белгіленедi.

312. Құрылғылар немесе ауаны бөлудің сұйық немесе газ сияқты өнімдерімен толтырылған құбырларды ашу алдында:

жөндеуге жататын құрылғылар мен құбырларда атмосфералық қысымға дейiн азайту;

ыдыстар мен құбырлардан сұйық АБӨ құю. Регенераторды ауыстырып қосатын арматураны жөндеуге және алмастыруға ауаны бөлу блогы аппараттарынан сұйықты құйып алмай, осы Талаптағы 17-тараудың 2-параграфының талаптары сақталған кезде рұқсат берiледi;

осы Талаптарға сәйкес ажыратылған техникалық құрылғылар мен құбырлар жылытылады;

құрылғы кетіп жатқан газда оттегiнiң 19-23 % көлемді бөлігіне дейін ауамен үрленеді, бұл ретте оттектің болуына сынама алу үрлеу тоқтатылған соң 5 минуттан кейiн жүргізіледі. Кетіп жатқан газдың үй-жайға түсуіне рұқсат берiлмейдi;

техникалық құрылғылар мен арматураның жетектерінің электр қоректерін ажырату, iске қосқыш құрылғыларында немесе ажыратқыштарда «Іске қоспа, адамдар жұмыс iстеуде!» плакаты орнатылады;

жөнделетiн техникалық құрылғылар немесе құбыр бөлiктерi барлық техникалық құрылғылардан (аппараттар, компрессорлар және басқалар) және жұмыста немесе қысыммен болатын құбырлардан бекіткіштермен бөлiніп тасталады.

Егер көрcетiлген жабдық пен құбырлардан ажырату кем дегенде екi бекіту органымен (сонымен қатар ықтиярсыз әсердегi клапандар) жүргізілген болса және олардың арасында ашық арматурамен тастау құбыры (май шам) болған жағдайда бітеуіш орнатпауға рұқсат берiледi.

Оттек, азот және аргон компрессорларын олардың ағын бөлiгiн жөндеу үшін ажыратқан кезде осы Талаптың 188-тармағы орындалады.

313. Ауаны бөлу блоктары жөндеу немесе жылу бүрку алдында басқа жабдықтан ажыратылады.

314. Перлит қоймаларындағы перлитті құммен толтырылған техникалық құрылғылардың бөліктеріндегі жөндеу жұмыстары перлитті құм толық тазаланғаннан кейін жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын перлитті жұмысты орындау белгісінен 500 мм төмен түсірген кезде оларға қауіпсіз уақытша жұмыс орны мен өтетін орындардың бір уақытылы жабдығымен жүргізуге рұқсат беріледі (қоршалған төсеніштер, алаңдар, сатылар).

Оны тартып шығарудан кейiн қалған, перлитпен жартылай толтырылған бөлiктердегi кез келген жұмыс осы Талаптың 315-тармағын орындаумен наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

315. Блок iшiндегi кеңiстiктегi жұмыстар келесi талаптарды сақтаумен наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі:

әрбiр блок iшiндегi кеңiстiкке кiруші бақылаушылардың ашық люктердiң санынан тәуелсiз, өздерінде түтікті газтұтқыштары, белге байланған сақтандырғыш белбеулері және сигналдық арқандары болады;

түтікті газ тұтқыштардың бос соңдары таза ауа аумағына шығарылуы және бекiтілуi тиіс;

жұмысты орындау кезінде бақылаушылар жұмыс аймағына жақын люктiң жанында болады, қолында сигналдық арқан ұстап жұмыс істеушілерді үздіксіз бақылайды, газ тұтқыш түтігінің майысуына жол бермей қадағалайды.

Сүзгiш газ тұтқыштарды блок iшiндегi кеңiстiктегi жұмыстары үшiн қолдануға рұқсат берiлмейдi.

Блок бөліктерінен оқшаулау толық ажыратылған, жылытылған, үрленген және барлық коммуникациядан ажыратылған кездегі жөндеу жұмыстарына 319-тармақтың талаптары орындалады, жоғарыда аталған талаптар таратылмайды.

316. Ауаны бөлу блоктарының бөлiктерiнен ашық ыдысқа немесе машина залының үй-жайына перлит құмын түсiруге рұқсат берiлмейдi.

317. Ауаны бөлуi блоктарына және керісінше қоймалардан перлитті құмды жүктеу пневмокөлік жүйесiн қолданумен жүзеге асырылады.

318. Ауаны бөлудің жұмыс істейтін немесе жылытылмаған блогында блок ішілік кеңістікке өту үшін регенераторлардың клапандық қораптарының бөліктерінен (кері бұру клапандары) басқа блок қабығының люктерін ашуға рұқсат берілмейді. Бұл бөліктерге клапандарды жөндеу үшін кіруге блок аппараттарынан қысымды түсіргеннен, клапандық қораптардың бөліктерін (кері бұру клапандары) жергілікті жылытқаннан кейін және технологиялық регламентті сақтаумен наряд-рұқсат бойынша рұқсат беріледі.

319. Ауаны бөлу блогының қабығының ішін жөндеуді бастар алдында оттегiнiң көлемдi бөлігі 19-23 % болатын жұмыс аймағы ауасына талдау жүргізіледі.

Жөндеу жұмыстарын жүргізудiң алғашқы тәулiктерiнде, сонымен қатар ажыратуды арту кезінде, жұмыс аймағының ауасына әрбiр 30 минуттан кейiн талдау жүргізіледі, одан әрi - ауысымына екi реттен сирек емес.

Оттектiң ауадағы көлемдi бөлігі 19 төмен немесе 23 % жоғары болса, жөндеу жұмыстары тоқтатылады, ал жөндеуші персонал қауiпсiз аймаққа шығарылады.

320. Минералды мақта толтырылған ауаны бөлу блоктарының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде мақтаны оның үгілуі болмайтындай деңгейде шығарып тастайды. Бөлiктер ішінде қажеттілігіне қарай тақтайлардан немесе металл торлар мен керегелерден жөндеу аяқталған соң алынып тасталатын, ажыратудың түсуін болдырмайтын уақытша қалқалар орнатылады.

321. Жылумен ажырату қабықтарынан минералды мақтаны тиеуге және түсiруге персонал жеке қорғаныс құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ), арнайы киім мен арнайы аяқ киімді қолданады.

322. Оттекті ортада жұмыс iстейтiн түйiндердi бұзу және жөндеу кезiнде майлы ластанулары бар байланыстар болдырылмайды. Осы жұмыстарға арналған аспап майсыздандырылады және көгiлдiр жолақты айырым белгісі болады. Оттекпен түйiсетiн барлық бөлшектер құрастыру алдында майсыздандырылады және кептiрiліп құрғатылады.

323. Ауаны бөлу блоктарын жөндеу өндірісі кезінде оның аппараттары мен коммуникацияларын майсыздандырғаннан кейін блокты ауамен үрлеу жүргізіледі. Ерiткiш буларының шоғырлануы жөндеу жұмыстарын жүргізу орындарында рұқсат берілгеннен аспайды.

324. Төмен температуралы техникалық құрылғылардағы жөндеу жұмыстары олардың толық жылытылмағанында, жұмыс істеп тұрған АБҚ ажыратылған жабдықта немесе құбыр өткізгіш бөлігінде наряд-рұқсат бойынша жүргізіледі.

325. Турбодетандерді жөндеу өндірісі кезінде немесе детандерлі сүзгілердің сүзгіш элементтерін ауыстыру кезінде турбодетандерге ауа кіретін және шығатын жерде арматура жабылады, электр қоректендіру сөндіріледі.

Азотты турбодетандерлерде турбодетандерден газды беруге және шығаруға бiтеуіштер орнатылады.

326. Жөндеу алдында азотты турбодетандерлер ауамен үрленеді.

327. Адсорберге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жылумен ажыратуды жою бұл аппараттарды және оларға жабысып тұрған ажырату қабатын жылытқаннан кейін жүргізіледі.

Аппараттарға жабысып тұрған ажырату қабатын жылыту жылытылатын аппаратқа берілетін жылу есебінен жүргізіледі, ал мұзданып қалған ажыратуды жылыту – құрғақ жылытылған ауамен жүргізіледі.

Ажыратуды жылыту үшін ашық отты қолдануға рұқсат берілмейді.

328. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияның жөндеуін жүргізуге, қысым астындағы ернемектік қосылыстар бұрандаларын тартуды орындауға рұқсат берілмейді.

329. Оттектiң ортасында жұмыс iстейтiн, сұйық оттектiң поршенді үрлегiштерiнiң сальниктерi арматураның тығыздама толтырмасын ауыстыру үшін өнімді өңдеушiмен және жобамен анықталған материалдар қолданылады.

330. Жөндеу аяқталған соң аппараттардың, құбырлардың және блок ішілік кеңістіктің ішкі беті қаралады. Ішкі жағында құралдар, жабдықтар және жөндеу кезінде пайдаланылған материалдарды (тақтайлар, сатылар, сүрту материалдары, қаптар, қағаздар, битум және басқа қосымша материалдар) қалдыруға жол берілмейді.

Жұмыс үдерісінде оттекпен қатынаста болатын техникалық құрылғылардың барлық беттері майлы заттармен ластануға тексеріледі және қажеттілігі болған жағдайда майсыздандырылады.

2-параграф. Ауаны бөлу блогы тоқтаған кезеңде регенератордың жылы және суық соңдарында орналасқан арматураны жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
331. Блоктар тоқтаған кезеңде сұйықты құйып алмай құбырлар мен регенератордың жылы және суық соңдарындағы арматураның ішіндегі жөндеу жұмыстар (азотты және оттекті регенераторлардың іске қосу клапандары клапан қақпақтарын ашумен; регенератордан кейін азот ағынында үш жүрісті жапқыштар мен құбырөткізгіштер; регенераторлардың тірек тоғындары, клапанды қораптар мен бір бұрылысты клапандардыдың бөліктерін ашу және басқалар) наряд-рұқсат бойынша орындалады.

332. Бір уақытта жөндеу жүргізуге:

регенератордың жылы және суық соңдарының құбыр өткізгіштері мен арматураларына;

регенератордың жылы немесе суық соңдарының құбыр өткізгіштері мен арматураларына және регенераторды іске қосудың «бұйрықтық» жүйесі немесе іске қосу-сөндіру тетігіне (шальт-машина, «Астра» және басқа типті регенератор автоматты басқару жүйесі);

регенераторды іске қосудың мәжбүрлі клапандары мен регенератордың кейін үш жүрісті жапқыштарына рұқсат берілмейді.

333. 331-тармақта көрсетілген жұмысты орындауға персоналға рұқсат беру алдында және жұмысты жүргізу орнында әрбір үзілістен кейін ауадағы оттектің көлемді бөлігі тексеріледі.

Персоналдың жұмыс кезінде құбыр өткізгіш, регенератордың тірек тоғындарының, кері бұру клапандардың бөліктерінің немесе арматураның ішінде болған уақытында оттектің көлемді бөлігі 10 минут интервалмен тұрақты тексеріліп отырылады.

334. Блоктан атмосфераға газды лақтыруда жөндеудің барлық кезеңінде арматура ашық қалады, «Жаппа, адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты орнатылады, аталған арматура жетектерінің электр схемалары бөлшектелген.

335. Блокка ауа кіретін жердегі электр ысырма жөндеу алдында жабық және қолмен қысылған болады. Жетектің электр қоректендіргіші ажыратылады және «Ашпа, адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты орнатылады.

Ауа коллекторын үрлеу үшін кіретін жердегі ысырмадан регенераторға дейінгі бөліктегі арматураны ашады және «Жаппа, адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты орнатылады.

336. Регенераторларды қайта іске қосу тетігі (шальт-машина) калапандарды (құбыр өткізгіштерді) жөндеу кезінде тоқтатылады, жетектің электр схемасы бөлшектеледі және «Іске қоспа, адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты ілінеді.

Клапандарды (құбыр өткізгіштерді) жөндеу алдында регенераторларды автоматты басқару жүйесі қол режимміне ауыстырылады, қашықтан басқару көмегімен тиісті клапандарды ашады немесе жабады және «Іске қоспа, адамдар жұмыс істеп жатыр!» ескерту плакаты орнатылады.

Персоналдың клапан, клапан қорабы, құбырөткізгіш ішіндегі және блок қабығы ішіндегі жұмысының барлық кезеңінде регенераторды автоматты басқару жүйесі мен регенераторды іске қосу механизміне қол сұғылмаушылық қамтамасыз етіледі.

337. Оған құбырөткізгішті келтіруге рұқсат берумен байланысты бір немесе екі үш жүрісті жапқышта жұмысты орындау үшін екі үш жүрісті жапқыштың алдынан да бітеуіш орнатылады немесе персонал қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа шаралар қабылданады.

338. Регенератордың жылытқыш соңдарының, регенератордан кейінгі үш жүрісті жапқыштың клапандарын, автоматты және бір бұрылысты клапандарды жөндеу әдістемелік ұсынымға сәйкес жүргізіледі.

18-тарау. Техникалық құрылғылар мен құбырөткізгіштерді майсыздандыру
339. Оттекпен байланыстағы техникалық құрылығылар мен құбырөткізгіштерді майсыздандыру олардың бетінде технологиялық регламентке сәйкес монтаждау, пайдалану және жөндеу кезінде майлы ластанулар рұқсат берілетін үлкендіктен (нормадан) асқан жағдайда орындалады. Регламентте майсыздандыру әдісі мен кезеңділігі, наряд-рұқсат бойынша орындалатын жұмыс түрлері белгіленеді, газ тәрізді және сұйық оттекпен байланыстағы жабдықтар мен құбырөткізгіштердің бетіндегі майлы ластанулардың болу нормасы мен анықтау әдістері көрсетіледі.

340. Өткiзiлген бес талдаумен расталған сұйық оттекте майдың шоғырлануы 0,40 мг/дм3 және одан жоғары болса, АБҚ майсыздандырылуға жатады.

341. Егер май түсуден қорғау құралы барлық кезең бойына қамтамасыз етілген болса, соңғы майсыздандырудан кейін, сұйық оттекте талдаудың қабылданған әдісінің сезімталдығы деңгейінде майдың болмауы, қондырғыларды майсыздандыруға АБҚ өңдеушілермен анықталған мерзімдерде өткізбеуге жол беріледі.

342. Монтаждаудан немесе күрделі жөндеу жинағынан кейін ауа бөлгіш қондырғыларды майсыздандыру келесі шарттарды орындау кезінде жүргізілмейді:

барлық бөлшектер, құбыр өткізгіш бөлшектер және жұмыста пайдаланылған аспап алдын ала майланудан тазаланады және майсыздандырылады;

жұмыстар жабдықтардың ішкі бетінің майлы заттармен ластануын болдырмайтын шарттарда орындалады.

343. АБҚ майсыздандыру мерзiмдерi цеолиттер мен турбодетандерлерде жоғары және орташа қысым схемасы бойынша кешендi тазарту блоктарымен жұмыс iстейтiн, төменгі қысым схемасы бойынша регламенттелмейді.

344. АБҚ пайдалану процесінде майсыздандыруға келесi аппараттар мен коммуникациялар жатады:

жоғары және төмен қысым колонналары;

регенераторлар (майлайтын цилиндрлермен компрессорлармен қысылатын ауаны қайта өңдеу кезінде);

жылу алмастырғыштардың ауа секциялары;

поршенді детандермен және сығатын поршенді компрессордан ауа ағынындағы аппараттар мен коммуникациялар;

сұйық оттек ағынындағы аппараттар мен коммуникциялар;

жоғары қысымды газ тәрізді оттек ағынындағы аппараттар мен коммуникациялар.

345. Оттекпен жұмыс істеуге арналған жаңадан орнатылған арматура майсыздандырылуға жатады.

Егер майсыздандыруды жасап шығарушы жүргiзген және орауы бұзылмаған болса (жолдама құжаттармен немесе тиiстi таңбалаумен дәлелденедi), арматура монтаждау алдында майсыздандырылуға жатпайды.

346. Жабдықтар және арматураны майсыздандыру алдында қайта іске қосу бойынша жасап шығарушы талабына сәйкес бұзылудан сақтау майлануы алынып тасталады.

347. АБҚ майсыздандыру алдында жабдықты пресстеу жүргiзiледi және барлық табылған өтулер жойылады.

348. Майсыздандырылуға жатпайды:

құрылымы оларды оттекпен жапсарлас iшкi беттермен майдың еркiн ағып құйылуын қамтамасыз ететiн жағдайда орнатуға мүмкiндiк берген 0,6 МПа дейiн қысым жұмыс iстейтiн өлшеу құралдары (iшкi беттерден майдың еркiн ағып құйылуы мүмкiн болмаған жағдайда олар технологиялық регламентке сәйкес майсыздандырылуға жатады);

оттектің көлемді бөлігі 40 % дейін және қысымы 1,6 МПа дейін оттек бар ортада жұмыс істеуге арналған жалпы тағайындаудағы өлшеу құралы.

349. Оттек компрессорлары орнатылатын цехтар, түйiндер мен компрессорлардың бөлшектерiн, арматура және құбырларды сумен жуушы ерiтiндiлерiмен майсыздандыруға арналған қондырғылармен жабдықталады. Сонымен бiрге өндiрiстiк үй-жай ауасының жуғыш ерiтiндiлер буымен ластануы болдырылмайды.

350. Жеке бөлшектерді және жиналмалы түйiндерді оларды ваннаға салумен майсыздандыру үй-жай ауасына ерiткiш буларының түсуін болдырмайтын және жергiлiктi сорумен жабдықталған, тұйықталған немесе жартылай тұйықталған аппараттарда жүргізіледі. Бұл ретте майсыздандыру, түсiру және бөлшектердi кептіру процесстерi үздiксiз.

351. Құрамына каустикалық сода кiретiн жуушы су ерiтiндiлерi бар ванналар, үнемi қосылған жергiлiктi сорулармен жұмыс iстейдi.

352. Оттек өткізгіштерді майсыздандыру кезінде бөлгiштер (бітеуіш) немесе поролоннан немесе басқа органикалық материалдан жасалған оттек өткізгіш ішіне салынатын басқа бұйымдарды қолдануға рұқсат берiлмейдi.

353. Қисынды жағдайларда, майсыздандыруды ерiткiштермен өткізу кезінде, келесі талаптар сақталады:

ерiткiштер сақталатын үй-жайларға тек олармен жұмыс істеуге рұқсат берілген тұлғаларға кіруге рұқсат беріледi;

ерiткiштердi бiр ыдыстан басқасына құю жұмыс iстеушілерде жеке қорғану құралдары болған кезде тек жабық әдiспен орындауға рұқсат берiледi;

ерiткiш ыдысын тығыз жабады және соған арналған үй-жайда немесе ашық ауада сақтайды;

еденге ерiткiштердiң төгілуіне рұқсат берiлмейдi; қапылыста төгілген ерiткiш құрғақ материал көмегiмен (үгiндi, құм және басқа) дереу жинап алынады.

Майсыздандыру жүргiзiлетiн және ерiткiштер сақталатын бөлмелер үнемi жұмыс iстейтiн сору-тарту желдеткiшімен жабдықталады. Жұмыс iстемейтiн желдеткіш кезінде ерiткiштермен жұмыс істеуге рұқсат берiлмейдi.

354. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды майсыздандыруға қолданылатын ерiткiштердiң сапасы бақыланады.

355. АБҚ және басқа жабдықтарды еріткіштермен майсыздандыру кезінде жұмыс істеушілердің еріткіштермен байланысу және өндірістік үй-жай ауасына ерiткiштер буының түсу мүмкiндiгін болдырмайтын жабдықтың толық тығыздығы және процесс механизациясы қамтамасыз етіледі.

356. Оттекті жабдықтың жарылыс өрт қауiпті ерiткiштермен майсыздандырылуы жүргізілетін үй-жайларда отты жұмыстарды өткiзуге және шылым тартуға рұқсат берiлмейдi. Көрсетілген үй-жайларда 120 °С температураға дейiн қыздырылған беттердiң болуына рұқсат берiлмейдi.

357. Ерiткiш булары бар үрлеу газы (ауа, азот), атмосфераға лақтырылу алдында булардан немесе ерiткiштiң буларын жұтудан тазартылуға жатады.

Үрлеу газын өндiрiстiк үй-жайға тастауға ерiткiш буларын тазалау немесе жұтудан кейiн де рұқсат берiлмейдi.

358. Ерiткiштермен майсыздандырылу жүргізілетін үй-жайларға кірер алдында плакаттар iлiп қойылады.

359. Жабдықтан және ваннадан ерiткiшті құю процесінде құбыр өткізгіштер бойымен жабық ыдыстарға жүргізіледі.

360. Майсыздандыру үй-жайында майсыздандырылатын агрегаттар мен ерiткiштерi бар ванналар маңайында ерiткiш буының болуына ауа талдауы жүргізіледі. Жұмыс аймағы ауасында зиянды заттардың болуы ШРҚ аспайды.

361. Сүрту әдiсiмен ыдыстарды (сыйымды аппараттар) майсыздандыру кезінде талаптар сақталады:

бұрын қолданыста болған ыдыс майсыздандыру бойынша жұмыс жүргізу алдында 20 °С төмен емес температураға дейін жылытылады және ауамен үрленеді. Жұмыс оттектің ауадағы көлемді бөлігі ыдыс ішінде 19 кем және 23 % артық болмаған кезде басталады;

майсыздандыруды жүргізуге жауапты тұлға жұмыс орнын қарайды және ыдыс жылытылған және жұмыс жүргізуге дайын екендігін тексереді.

362. Техникалық құрылғыларды бензинмен және басқа жарылыс өрт қауіпті еріткіштермен майсыздандыру кезінде жарылыс қауіпті және жарылыс өрт қауіпті химиялық және мұнайхимиялық өндірістердегі өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары сақталады.

363. Қолданылған еріткіштер жабық ыдыстарға құйылады және регенерацияға немесе жойылуға жіберіледі. Сумен жуу ерітінділерін құю және жою тәртібі жобамен анықталады.

364. Майсыздандыру бойынша жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер еріткіштер мен сумен жуу ерітінділерінің әсеріне тұрақты тиісті ЖҚҚ, арнайы киім және арнайы аяқ киім пайдаланады.

Қолданылған қысқартулар
АБӨ - ауаны бөлу өнімдері;

АЖЖ - апаттарды жою жоспары;

АБҚ - ауа бөлу құрылғылары;

АББ - ауаны блок астында бөлу;

ЖҰЖ - жұмысты ұйымдастырудың жобалары;

АСС - азотты-сумен салқындату;

БӨҚжәнеА – бақылау-өлшеу құрылғылары және автоматика;

БӨА – бақылау-өлшеу аспаптары;

МАМ - мембранды атқарғыш механизмдер;

ОТО - оттек тарататын (реттеуiш) орындарда;

ЖҚҚ – жек қорғаныс құралдары;

ШРҚ – шекті рұқсат қосылымы.



_________________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет