14 - параграф. Регенерат өндірісі
374. Ескі және тозған қақпақтарды сақтау өрт сөндіру мақсатында арналған сумен қамтамасыз етілген, ашық алаңдарда жүзеге асырылады. Осы алаңдардан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі ара қашықтық 30 м кем емес. Алаң ұзындығының әрбір 100 м сайын ені 10 м кем емес өрт жолдары қарастырылады.
375. Қақпақты беткейін кесетін станокқа берер алдында онда бөтен заттардың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.
376. Беткейін кесетін станоктан кесілген қақпақты және беткей шығыршықтарын алу станок толығымен тоқтатылған кезде жүргізіледі.
377. Беткейін кесетін станоктың жүздерін ауыстыруға тек жетек тоқтатылған және қысылған ауаны беру тоқтатылғаннан кейін ғана жол беріледі.
378. Беткейін кесетін станоктың план шайбаларындағы қақпақтарды орталықтандыру қысатын дискінің жетегін үздік-үздік қосу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде жұмысшының айналып жатқан қақпаққа қарсы тұруына жол берілмейді.
379. Технологиялық үрдістер бойынша авто қақпақтарды және олардың бөліктерін тасымалдау конвейерлер немесе басқа тұрғылықты көлік құралдары арқылы жүргізіледі.
380. Қақпақтарды кесу дөңгелек пышақтар арқылы; пышақ жүзіне қақпақтарды беру механикалық түрде жүргізіледі.
Пышақ, қақпақты пышаққа беру аймағы және қақпақтардың кесілген бөліктерін шығару аймағы қоршалады.
381. Қақпақтарды дөңгелек кескіштерде кесу кезінде жұмысшылар шудан қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын (шуға қарс құлақшындарды және т.б.) пайдаланады.
382. Қақпақтарды кесуге арналған қайшылар қақпақты бір уақытта толығымен кесуге реттеледі.
383. Ұнтақтау біліктерінде жұмыс істеу кезінде біліктерге кіру мүмкіндігін және резеңке тілімдерінің шашырауын болдырмайтын қоршаулар бар.
384. Біліктерге, қоспалаушыларға, вулканизаторға, діріл електеріне шикізатты конвейерлерді, элеваторларды және с.с. жабық құрылғыларды пайдалана отырып, ал қоспалаушыға жұмсартқыштарды – құбыр желілері арқылы беру қарастырылған.
385. Резеңке қоқымын қоспалаушыға, қалпына келтірілген қоспаны вулканизаторға және біліктерге беру жүйелерінде сынамаларды тазалау және алу үшін люктер қарастырылған. Конвейерлерді, элеваторларды және шикізат пен жартылай дайын өнімдерді берудің басқа да жүйелерін олар жұмыс істеп тұрғанда тазалау керек, жұмыстарды алынған немесе саңылаулы жасырынумен жүргізуге жол берілмейді.
386. Бұранда конвейерлерін тазалау ағаш құрылғылармен жүргізіледі.
387. Девулканизатор ұшынан шығу кезінде регенераттың жануын болдырмау мақсатында оны салқындату қарастырылған. Регенератты салқындатпастан девулканизаторға жұмыс істеуге жол берілмейді.
388. Жұмыс орындарында қоқыстың, шаңның, тоқыманың, резеңке бөліктері мен қоқымдарының жиналуына жол берілмейді.
15 - параграф. Сіңдіру құрамын әзірлеу, арқанды (бұйымды) сіңіру және термо өңдеу
389. Жұмыр және діріл диірменін іске қосу алдында тиеу люгінің қақпағы жабылады және қыстырма құралдарымен бекітіледі.
390. Сіңіру құрамын әзірлеуге арналған реактордың тиеу люгін реакторды араластыру тартпасы тоқтатылғаннан кейін ашуға жол беріледі.
391. Сіңіру құрамының сұйық құрауыштарын өлше, мөлшерлеу аспаптарына және реакторға беру құбыр желілері арқылы жүргізіледі.
392. Жартылай қоюландырылған қара майды, бытыратуды әзірлеуге арналған реакторға қара майды, формалинді және ащы затты және сіңіру құрамын әзірлеу реакторына техникалық аммиакты, сіңіру құрамының жетілуіне арналған ыдыстарға жартылай қоюландырылған қара май ерітіндісін беретін құбыр желілері жиналмалы ішкі жағы жабысқақ құраммен жағылған немесе тот баспайтын болаттан төселеді, мүмкіндігінде бұрыстарсыз болады.
393. Реакторды тазалау кезінде жарықтандыру үшін кернеулігі 12 В жоғары, бүлінуден қорғанысы бар ауыспалы шамдар қолданылады.
394. Құрғату камерасының және сіңіру құрғату агрегатының термо өңдеу камерасының ішінде электр қондырғыларының талаптарына жауап беретін, тұрғылықты шамдар қарастырылған.
395. Арқанды сіңіру құрғату агрегатының түйісу тығыздағышында түйістіру кезінде тығыздағыш жұмысшының екі қолы да іске қосу құрылғысында болған кезде іске қосылады.
396. Компенсаторда және сіңіру ваннасында орнатылған, сіңіру құрғату агрегатын апаттық тоқтатуға арналған сөндіргіштерді тексеру агрегат бос жүрген кезде жүргізіледі. Сіңіру ваннасының қысу біліктері және тартатын станциялардың әкелу біліктерінің тартымды айналымы агрегат апаттық тоқтаған кезде 1/4 айналымнан аспайды.
397. Термо өңдеу камералары есіктерінің және арқанды құрғатудың одақтасу құрылғылары есік ашылған кезде сіңіру құрғату агрегатының жұмысын тоқтатады.
398. Сіңіру құрғату агрегатының басқару сызбасында агрегаттың іске қосылуын білдіретін дыбыс белгісі қарастырылады.
399. Сіңіру құрғату агрегатының жоғары бағыттаушы шығыршықтарына қызмет көрсету үшін басқышпен алаң қарастырылады.
400. Барабан тәрізді агрегатта арқауды (арқанды) құрғату кезінде барабанға берілетін будың көрсеткіштерін реттеу және құрғату режимінің температурасын қалыпта ұстау автоматтандырылған.
401. Шығыршықтан арқанның жіптерін алу агрегат тоқтатылған кезде жүргізіледі. Осы үрдісті компенсаторда орындаған кезде оның қозғалмалы кареткасы төменгі жағдайда болады.
402. Сіңіру құрғату камерасының ішіндегі жұмыстар камерадағы жұмысшыны бақылаушы болған кезде жүргізіледі. Бақылаушы камера есігінің жанында болады. Бұл жағдайда камера 40С жоғары емес температураға дейін салқындатылады және онда жұмысшы болған кезде іске қосылмауы бойынша шаралар қабылданған.
403. Сіңіру құрғату агрегатының құрғату камерасында күйік шыққанда агрегат тоқтатылады, желдеткіш өшіріледі және өрт сөндіру жүйесі іске қосылады.
404. Арқауды сіңіру және термо өңдеуге арналған агрегаттарда құрғату камерасындағы температура берілген мөлшерден жоғары асқанда іске қосылатын, жарық беретін дабыл белгісі бар.
5 - тарау. Жөндеу жұмыстары
405. Жабдыққа ұйымның техникалық басшысымен бекітілген, кестемен белгіленген мерзімде жоспарлы алдын алу жөндеулері жүргізіледі.
406. Жөндеу жұмыстарын жүргізу өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Әрекеттегі жабдықтарға және құбыр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
407. Жарылуға қауіпті аймақтары бар цехтарда, бөлімшелерде, учаскелерде жұмыс жүргізу кезінде ұшқынға қауіпсіз құрал саймандар қолданылады.
408. Жарылу өртенуге қауіпті және улы ортада жұмыс істейтін, жабдықтың саңылауын бітеумен байланысты барлық жөндеу жұмыстары наряд - рұқсат бойынша орындалады.
409. Жарылу өртенуге қауіпті, күшті және улы заттарды пайдаланумен, алумен байланысты жабдықтар жөндеуге оларда өңделетін заттардан босатылған, тазартылған, ал қажет болған жағдайда азотпен және ауамен үрленген, буланған күйде беріледі.
410. Жабдықты жөндеу алдында оны жөндеуге даярлаумен байланысты және жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, белгіленген дайындық шаралары орындалады.
411. Бірнеше деңгейде жабдықты жөндеу және монтаждау кішкене басқыштарды қолдана отырып жүргізіледі. Жоғарыда орналасқан жөндеу жұмыстарын жүргізу орнына құралдар сөмкелерде немесе жәшіктерде беріледі.
412. Электр тартпасы бар жабдықты жөндеу алдында электр қозғалтқышын қоректендіретін электр желісін тоқтан ажырату және іске қосу құрылғылары мен электр қалқандарында ескерту жазуларын ілу қажет.
413. Жөнделетін жабдықтарды әрекеттегі құбыр желілерінен ажырату сәйкесінше таңбалауымен және құбыр желілеріндегі қысымға есептелген, анық көрінетін құйыршықтары бар, бұқтырмамен жүргізіледі.
414. Гидравликалық және соққылық тартпалары бар жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде:
басқару шынжырларын ажырату (электрлік, соққылық және гидравликалық);
гидро жетектеу сорғыларын немесе қысылған ауаны беру жүйесін ажырату;
гидро-, соққы жүйелерінде бекіту құрылғыларын жабу және жүйенің өшірілген бөлігінен қысымды түсіру қажет.
Қысыммен жұмыс істейтін гидро аккумуляторларды, мультипликаторларды және басқа аппараттарды олардағы май мен газдың қысымы толық жоқ болған кезде ғана ашу қажет.
415. Жөндеу кезінде шешілетін барлық тораптар мен бөлшектер алдын ала даярланған арнайы алаңдар мен орындарда орналастырылады.
416. Газ пісіруді, электр пісіруді, механикаландырылған құрал сайманды және басқа да ашық от пен ұшқынды болдыратын құралды пайдалана отырып жүргізілген жұмыстар наряд - рұқсат бойынша жүргізіледі.
417. Жөнделген жабдықты іске қосу немесе жүргізіп жаттықтыруға рұқсат жөндеудің қауіпсіз жүргізілуіне жауапты адаммен, жабдықтың жұмысқа дайындығы тексерілгеннен кейін беріледі.
418. Жабдықтарды, конвейерлерді, элеваторларды резеңкеден, бітелуден, сусымалы материалдардан тазартуды олар толығымен тоқтатылған және электр қозғалтқышының қоректендіру жүйесін тоқтан ажырау арқылы жұмыстар жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтау отырып жүргізу қажет. Іске қосу құрылғыларында және таратушы электр қалқандарында жұмыс істеу кезінде ескерту белгілері ілінеді.
Жабдықты, конвейерді және элеваторды тазалағаннан, жөндегеннен кейін іске қосу тек жұмыстың орындалуына жауапты тұлғамен келісілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
419. Әзірлеу және өзге цехтарда, шаң көп бөлінетін учаскелерде орнатылған шамдарды айына 1 реттен кем емес, ал барлық басқа учаскелерде және цехтарда жылына 1 реттен кем емес тазартылады.
Қолданылған қысқартулар
АЖЖ - апатты жою жоспары;
РТБ - резеңке – техникалық бұйымдар;
БӨАжА – бақылау - өлшеу аспаптары және автоматтандыру;
МАМ – мембраналы – атқару механизмі;
ШРҚ – шекті рұқсат қосылымы.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |