3-параграф. Газ жалынды жұмыстары
336. Ашық отты қолдану арқылы жүргізілетін газ жалынды жұмыстары наряд-шақтама бойынша технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.
337. Барлық жанатын материалдар (май, сүрту материалдары, тағы басқалар) пісіру және от жұмыстарының жүргізілу орындарынан 10 м кем емес аралықта орналастырылады.
Пісіру бөлімшесінде оңай жанатын жанғыш заттар сақтауға жол берілмейді.
338. Пісіру орнынан 2 м кем аралықтағы барлық ағаштар пісіру кезінде асбест немесе болат табақшалармен жабылады.
339. Пісіру және газ жалынды жұмыстары өндірісі орындарына өрт сөндіргіш, жақын арадағы өрт құбырлы өткізгішке жалғанған қолғабы бар өрт оқпаны немесе су қоры 0,2 м3 кем емес бөшке, құмы бар жәшік орнатылады.
340. Газ жалынды жұмыстарын жүргізуга арналған қыздырғыштар мен кескіштер кері клапандармен жабдықталады.
15-тарау. Өндірістік санитария
1-параграф. Санитарлық талаптар
341. Кәсіпорын нысандары күші бар нормаларға сәйкес келетін, жұмыс орындарындағы санитарлық нормалардың сақталуын қамтамасыз ететін желдету жүйелерімен, газдан тазартумен, шаң аулағыштармен және ауаның кондицирленуімен жабдықталады.
342. Пайдалы қазбаларды байытумен айналысатын жұмыскерлер арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Жоғары табиғи радиоактивті компоненттері бар рудаларды өңдеу және байыту кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдары радиациялық қаупсіздікті қамтамасыз ету бойынша талаптарға сәйкес келеді.
343. Адамдардың үнемі немесе ұзақ мерзімді келуімен (2 сағаттан артық) жұмыс жасайтын байыту кәсіпорындарының барлық өндірістік ғимараттарындағы ауа ортасының параметрлері МЕСТ 12.1.005 талаптарына сәйкестігіне тексеріледі.
Желдету және аспирациондық қондырғылардан шығарылған ауа атмосфераға шығарылар алдында санитарлық нормалармен қаралған шамадан аспайтын шекті рұқсат концентрацияға дейін шаңнан тазартуға ұшыратылады. Тазарту құрылғылары (скурубберлерде, циклон-жуғыштарда, электр сүзгілерді, майысқақ түтікті сүзгілерде тағы басқа) шаңның физико-химиялық қасиеттерін ескерумен орнатылады.
344. Судың ашық беті үлкен құрал-жабдықтар (флотациялық машиналар; классификаторлар, қойылту чандары, концентрациондық үстелдер тағы басқа) орнатылатын ғимараттарда конденсаттың ұйымдастырылған ағысын қамтамасыз ететін құрылғылар орнату қаралады.
345. Ғимараттың қабырғалары, төбелері және ішкі конструкциялары оңай жиналуды және цианидтердің және басқа да заттардың жиналуына жол бермеуді қамтамасыз ететін бөліммен жасалады.
Қышқылды ортада жүргізілетін технологиялық операциялар жүргізілетін ғимараттың қабырғалары, едендері, панельдер беттері және қабат аралық қалқандары Қазақстан Республикасы СНиП 2.01-19-2004 және Қазақстан Республикасы СНиП 3.03-04-2004 сәйкес келеді.
346. Кәсіпорынның барлық ғимараттарындағы шаңды жинау сорғыш пневматикалық құрылғылар немесе гидро жуғыш көмегімен механикаланған тәсілмен жүргізіледі.
347. Дымқыл технологиялық үрдісті кәсіпорындарда және едені дымқылдап жуылатын кәсіпорындарда еден су өтпейтін жабулармен жабылады. Еденнің су кететін еңкеймелері 0,02 (1,8 градустан) кем емес. Еденнің негізгі өту жолдарында еңкеймесі 0,04 (2,6 градустан) жоғары емес, қызметтік өту жолдары 0,1 (6 градустан) жоғары емес.
348. Кәсіпорын аумағынан беттік ағымды су және еденді шаю суы беттік ағымды суын тазалау талаптарына сәйкес тазартылады.
349. Хлор және басқа да реагенттерді қолданумен құрамында цианы бар өнеркәсіптік ағымдарды залалсыздандыру тек аспирациямен, бақылау және дистанциондық басқарылатын аспаптарымен қамтамасыз етілген саңылаусыз құрал-жабықтарда жүргізіледі.
350. Жылу бөлінуі айтарлықтай ғимараттарда шатыр құрылғысымен ластанған ауаның кері тоқтар түзуіне жол бермеу қаралады. Корпустарда жылу бөлінуі шамадан артық болғанда (20 ккал/м3 артық) желден қорғаныс панельдері бар жарықты аэрациялық фонарлармен жобаланады.
351. Өндірістік ғимараттарда жарықтандыру арматурасы және аэрациялық фонарларға қызмет көрсету, терезелерді шынылау және екі жақты тазарту, жөндеу бойынша жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындау үшін арнайы құрылғылар мен құралдар, өту жолдары мен алаңдар қаралады.
352. Біршама жылу бөліну көзі болып табылатын (кептіру, күйдіру пештері тағы басқа) өндірістік құрал-жабдықтардың беттері жылудан оқшаулағыштармен қапталады.
353. Құрғақ өнімдер мен концентраттарды тиеу және түсіру операциялары, дайын концентраттарды қаттау және шихтовка механикаландырылады және саңылаусыздандырылады.
354. Руданы қабылдау бункерлері руданың нығыздалуын, ілінісуін, қатып қалуын ескерту құрылғыларымен жабдықталады. Тиеу және түсіру бункерлеріне арналған жұмыс зонасына шаңның жиналуының алдын алу мақсатында материалдың біркелкі емес түсуіне жол бермейтін дозалаушы құрылғылар қолданылады. Жинақтағыш-бункерлер және құрғақ рудаға арналған ыдыстар олардың толып кетуіне және толық түсірілуіне жол бермейтін автоматты құрылғылармен жабдықталады. Бункердегі қалдық материалдың қабаты 1 м кем емес.
355. Ұсатқыштар, руданы және аралық өнімдерді беруге арналған көлік таспалары, оларды құрал-жабдықтарға тиеу және түсіру орындары (қоректендіргіштер, кептіру агрегаттары, электр статикалық және электр магниттік сепараторлары, флото машиналарының көбік қабылдау астаулары, реагенттер ерітінділері бар ыдыстар тағы басқа) жұмысы өндірістік құрал-жабдықпен блокирленген гидрошаңнан айырғыш жүйелермен немесе аспирациондық жүйе орындарымен жабдықталады. Жүйенің құрылғыларын блокировкалау жұмыс басталғанға дейін 3-5 мин қосылуын және жүктемесіз жұмыс немесе құрал-жабдық тоқтағаннан кейін 5 мин кем емес уақытта сөндірілуін қамтамасыз етеді.
356. Реагент бөлімшесі, флотация бөлімшесі, қайта жаңғырту, сорбция, қойылту кептіру және қалдықтарды залалсыздандыру ғимараттарында МЕСТ 12.1.003 сәйкес І және ІІ қауіптілік класындағы улы заттардың ауадағы шекті рұқсат концентрациясынан асып кеткендігі туралы дабыл беретін газ талдауыштар орнатылады.
357. Дірілді генерациялайтын құрал-жабдық үшін (ұсатқыштар, електер тағы басқа) МЕСТ 12.1.012 талаптарына дейін дірілдің төмендеуін қамтамасыз ететін құрылыс, технологиялық және санитарлық-техникалық шаралар кешені қолданылады.
Шу көзі болып табылатын құрал-жабдықтар орналастырылған пролеттар басқа телімдерден дыбысты оқшаулағыш қабырғалармен бөлінеді.
Жоғары деңгейлі шу тудыратын негізгі технологиялық құрал-жабдық (електер тағы басқа) МЕСТ 12.1.003 талаптарына сәйкес келетін дыбыстан оқшаулағыш қоршаулармен жарақталады.
358. Дозалаушы алаңдарда орнатылған пайдаланатын ыдыстардан түйісу чандарына, флотациондық машиналарға және басқа да агрегаттарға реагенттер беру жабық коммуникациялар бойымен автоматты саңылаусыз мөлшерлегіштер көмегімен іске асырылады.
359. Жұмысшылардың флотореагенттермен жанасуы мүмкін бөлімшелер суық және ыстық су берумен жуынғыштар, көзді жуу үшін бұрқақтармен және су ағынымен шаю жолымен теріге тиген заттарды тез жоюға арналған құрылғымен жабдықталады.
360. Кептіру үрдістерін және концентраттарды түйіршіктеуді, оны тиеуге беру, желдету және шаң мен газдан тазарту жүйелерінің жұмысын басқару оператор бөлмелерінде орнатылған пульттерден іске асырылады. Кептіру агрегаттарына қызмет көрсету орындарында берілетін ауа температурасын автоматты реттеуіші бар себу кондырғылары қаралады.
2-параграф. Желдету қондырғылары құрылғылары
және эксплуатациялауға қойылатын жалпы талаптар
361. Цехтар, қоймалар және басқа да ғимараттардың желдету құрылғылары жобаға сәйкес жүргізіледі.
362. Жаңадан монтаждалған және қайта конструкцияланған желдету қондырғылары эксплуатацияға кәсіпорын басшысы тағайындаған комиссиямен қабылданады.
Желдету қондырғыларында жетіспеушіліктер немесе оның жұмысында ақаулар бар болса, оларды эксплуатациялауға қабылдауға жол берілмейді.
363. Желдету қондырғыларын эксплуатациялау және күту тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.
364. Технологиялық құрал–жабдықтың жұмысы кезінде кәсіпорынның барлық негізгі өтпелі-тарту желдеткіштері мен аспирациондық қондырғылары үздіксіз жұмыс жасайды.
Желдету жүйесі дұрыс жұмыс істемеген жұмысы кезінде шаң мен газ бөлінетін технологиялық құрал-жабдықтарды эксплуатациялауға жол берілмейді.
Желдету қондырғысы тоқтап қалғанда немесе зиянды заттар концентрациясы санитарлық нормалардан асып кеткенде ғимараттағы жұмыс тоқтатылады, адамдар таза ауаға шығарылдады.
365. Негізгі және көмекші құрал-жабдықтармен желдету және аспирациондық жүйелер жұмысы блокирленген кезде тікелей желдету немесе аспирациондық құрал-жабдықтарда қосымша қосу құрылғысы қаралады.
Технологиялық құрал-жабдықтың онымен жалғанған желдету жүйесі қосылғанға дейін қосылуына жол берілмейді.
366. Желдету қондырғылары араласатын ауа көлемін реттеу үшін ауа өткізгіштер және құрылғыларда ауа жылдамдығын, қысымын және температурасын бақылау үшін (люктер, штуцерлер) құралдармен жабдықталады.
367. Ауадағы шаңның құрамын анықтау үшін сынама алу, жұмыс орнындағы ауа температурасын, ылғалдылықты және қозғалыс жылдамдығын тексеру қалыпты эксплуатациялау жағдайында және технологиялық режим өзгерген жағдайда, қайта конструкциялау, желдету және аспирациондық қондырғыларды күрделі жөндеуден өткізгенде жүйелі түрде жүргізіледі.
Ауадан сынама алу орны мен кезең кәсіпорынның басшысымен бекітілген жоспар немесе графикпен бекітіледі.
16-тарау. Руданы өңдеу кезіндегі радиациялық қауіпсіздіктің қосымша талаптары
368. Радияциялық қауіпті факторлармен руда өндіруші кәсіпорында осы Талаптар мен радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптарын орындауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған техникалық жыл сайын құралған құрама шаралар іске асырылады.
Кенді қайтадан өңдеу кәсіпорындарын радиациялық қауіпті өндіріске жатқызу, көрсеткен шараларды бекіту және қайтадан өңдеу ұйым басшысымен аттестацияланған ұйымдардың эксперттік қорытындылар негізінде жасалады.
Кәсіпорынның радиоактивтік ластану дәрежесін бекіту үшін кем дегенде үш жылда бір рет радиациялық жағдайды тексеру жүргізіледі.
369. Радиациялық қауіптілерге жатқызылған кәсіпорындар радиациялық бақылауды іске асырады.
Радиациялық ортаны тексеру жұмыс орындарында және кәсіпорынның басшысымен бекітілген тізбе бойынша басқа зоналарда арнайы журналға бақылау нәтижелерін толтырумен жүргізіледі.
370. Радиациялық бақылаумен бекітеді:
1) жұмыс зонасы және онымен аралас жұмыс жүргізу зоналарындағы радиациялық қауіпті факторлар деңгейі;
2) радиациялық ортаның рұқсатты радиациялық қауіпсіздік нормаларына сәйкестігі;
3) жоғары радиациялық қауіптің негізгі көздерін анықтау және бағалау;
4) жұмыс жасайтындарға радиациялық қауіпті факторлар кешенінің әсер ету дәрежесі;
5) ішкі ортаның радиоактивті заттармен ластану деңгейі және радиациялық факторлардың қызметкерлерге және руда өңдеуші кәсіпорынның орналасу ауданында тұратын халыққа әсер ету деңгейін бағалау.
371. Радиоактивті сәулелену көздері бар кәсіпорынға тұратын жұмыскерлер, міндетті түрде, радиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес оқытудан өткізіледі.
372. Жоғары радиациялық ортасы бар руда өңдейтін кәсіпорындарды жобалау және эксплуатациялау кезінде жұмысшыларды иондаушы сәулелер әсерінен қорғау, радиоактивті және басқа зиянды заттардан ауа лақтырындыларын және кәсіпорынның өнеркәсіптік ағымды суларын тазарту жөнінде қосымша шаралар қаралады.
373. Кәсіпорынның өнеркәсіптік алаңының маңайында өлшемдері жобамен анықталатын санитарлық-қорғаныс зонасы орнатылады.
Кәсіпорынның санитарлық-қорғаныс зонасында көмекші және қосалқы нысандар оналастыруға, магистральдық автомобиль жолдарын салуға болады. Аталған нысандар төгінділердің негізгі көздерінен немесе радиоактивті аэрозольдердің ұйымдастырылмаған шығарындыларынан қауіпсіз қашықтыққа орналастырылады.
Ауыл шаруашылық алқаптар үшін санитарлық-қорғаныс зонасындағы жерді пайдалану тек Мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының келісімі бойынша ғана жүргізіледі.
374. Руданы ұзақ мерзімдік сақтауға арналған қоймалар аумағы қоршалатын бөлек алаңдарға орналастырылады. Руда қоймаларын орналастыру желдетудің ең оңтайлы жағдайларын тудыруды ескеруімен қаралады. Бөлек қойма ғимараттар араларындағы саңылаулар ені 20-25 м кем болмайды.
Өнеркәсіптік алаңдары аумағындағы руданың пайдалану қоймалары негізгі цехтар ғимараттарынан 50 м жақын емес және әкімшілік-шаруашылық және көмекші ғимараттар мен үймереттерден 100 м жақын емес ара қашықтықта орналастырылады.
375. Технологиялық үрдісті басқаруды механикаландыру құрал-жабдықты реттеу және жөндеу кезінде иондаушы сәулелену деңгейі немесе бет пен ауаның радиоактивті ластануы жоғары орындарда қызмет көрсететін қызметкерлердің келуі қажет болмайтындай етіп орындалады.
376. Әрбір бөлімшеде бөлініп шығатын шаңның, радиоактивті аэрозольдер мен радонның мөлшері бекітілген әдістеме немесе ұқсас басқа өндірістер бойынша есептеумен анықталады.
377. Сипаты бойынша толығымен саңылаусызданбайтын және осының салдарынан өндірістік ғимараттар радиоактивті газдар мен аэрозольдермен ластануы мүмкін технологиялық үрдістер бөлек ғимараттарға шығарылады.
378. Сүзгі үрдістері үшін тұнбаларды алу және тазарту бойынша қолмен жасалатын операцияларға жол бермейтін үздіксіз әрекетті аппараттар қолданылады.
379. Шаң мен радонның (торонның) бөліну көздері болып табылатын барлық аппараттар қажетті өлшемдері арнайы әдістеме бойынша есептелетін жұмыс қуыстарының минимал паналарымен жабдықталады.
380. Радиоактивті заттар мөлшері жоғары тұздарды кептіру және қыздыру бөлімшелерінде механикаландырылған және автоматтандырылған тиеу және түсіруі бар үздіксіз әрекетті пештер пайдаланылады.
Кептіру және қыздыру бөлімшесінің барлық аппараттары дайын өнімнен шаңды аулау және осы шаңды үрдіске одан әрі қайтарып әкелетін жүйемен жабдықталады.
381. Руда өңдеуші кәсіпорынның негізгі технологиялық мақсаттары үшін, техникалық шарттарды қанағаттандырған жағдайда, кеніштердің ураны жоқ шахталық (кеніштік) сулары пайдаланылады. Сондай-ақ шахталық сулар сомалық ұзақ өміршеңдік альфа-активтігі бойынша 3 10-9 кюри/л жылдық орта концентрациясы сақталған жағдайда бақыланатын зонада жұмыс істеп тұрған көлікті жуу үшін пайдаланылуы мүмкін.
382. Судағы табиғи радионуклидтер құрамы рұқсатты концентрациядан аспайды.
Құрамында радиоактивті заттары бар ағымдардың құбырлы өткізгіштері тұрғын үй аудандарынан 200 м жақын емес аралықта орналастырылады.
383. Сұйық радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға арналған коммуникациялар бойынша шаруашылық-асханалық құбырлы өткізгіштер трассасының орналасуы және құбырлы өткізгіштерді төсеу жүйесі кез келген жағдайда радиоактивті заттардың құбырлы өткізгішке түсіп кетуіне жол бермейді.
384. Кәсіпорынның сыртына шығатын арнайы кәріз жолының трассасында танымдық белгілер қаралады. Бұл трассаларда топырақты бұзуға байланысты қандай да құрылыс жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
385. Радиоактивті изотоптары бар ағымды сулар технологиялық үрдіске қайтып келеді, ал оларды ашық су қорларына жіберген жағдайда су үшін рұқсат концентрациясы деңгейіне дейін алдын ала тазартылады. Технологиялық үрдісте лайланбаған ағын сулар техникалық сумен қамтамасыз ететін жүйелерде қолданылады.
Өнеркәсіптік нысандардың сұйық технологиялық радиоактивті қалдықтары кәріздің (арнайы кәріз) бөлек жүйесі бойынша қалдық орнынан алыстатылады.
386. Руда өңдеуші нысандардың барлық корпустары механикалық қосылатын өтпелі-тарту желдеткішімен жарақталады, зиянды заттар бөлінуі болмаған кезде бөлек ғимараттарды табиғи желдетуге рұқсат етіледі.
Жоғары радиоактивті ластануы бар рудаларды бункерлерде сақтаған жағдайда оларда сиретуді тудыру үшін тарту механикалық желдету құрылғысы қаралады. Ашық люктердегі сорғылар жылдамдығы 1м/с құрайды.
Шаң бөліп шығаратын құрал-жабдықтар бөлмесінен сорылып алынатын ауа мөлшері есептеумен анықталады, бұл кезде ауаны сору жылдамдығы 1,5-2,0 м/с қабылданады.
387. Өндірістік ғимараттарды желдету үшін қажетті ауа мөлшері радио активті заттар бойынша рұқсат концентрациясы деңгейіне дейінгі бөлініп шыққан зиянды заттардың араласуы және жалпы улы заттар бойынша шекті рұқсат концентрациясы және басқа параметрлер (температура, ауа ылғалдығы тағы басқа) бойынша талап етілетін нормативтерді қамтамасыз ету арқылы есептеп анықталады.
388. Тарту желдету жүйелері үшін ауаны алу жұмыс ғимараттары үшін атмосфералық ауадағы радиоактивті және улы заттар мөлшері 0,1 рұқсат концентрациясы және 0,3 шекті рұқсат концентрациясынан артық емес құрамы бар зонадан іске асырылады. Аталған шамалар артып кеткен жағдайда өтпелі ауа міндетті тазартуға ұшыратылады.
389. Жергілікті сорғылармен алыстатылатын ауа және құрамындағы шаң, радиоактивті, химиялық және жағымсыз иісті заттар атмосфераға шығарылар алдында тазартуға ұшыратылады.
390. Барлық технологиялық құрал-жабдықтар металл сынықтарына өткізілер алдында тазартуға және гамма-сәулеленуі 50 мкР/с тең экспозициялық доза қуаттылығы деңгейіне дейін ластануын төмендетуді қамтамасыз ететін дезактивацияға ұшыратылады. Жөндеуге бағытталған құрал-жабдықтар беттік ластану және гамма-сәулеленудің сондай дозасына ие болады.
Шекті рұқсат концентрациясына дейін тазартуға берілмейтін құрал-жабдықтар радио активті қалдықтар деп қарастырылады.
391. Руда өңдеуші нысандарды эксплуатациялау кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысшылардың жеке қорғанысы мен жеке гигиенасы бойынша шаралар қаралады.
Аэразольдердің бөлініп шығуы жүретін ғимараттарда жұмыс жасайтын жұмысшылар жеке қорғаныс құралдарымен (арнайы киім, респираторлар тағы сол сияқты) қамтамасыз етіледі.
392. Санитарлық-қорғаныс зонасы аумағына жатқызылатын тұрғын үйлер алқаптары тарапынан қалдық сақтаушы дамбадан 200 м ретпен ені 15-20 м ара қашықтықта ормандық қорғаныс жолағы егіледі.
393. Гидрометаллургиялық өндіріс қалдықтарын беру болат құбырлар бойынша немесе жабық темір бетондық астаулармен гидрокөлікпен іске асырылады.
394. Шайылған ернеу бетіне шаңның түзілуінен және радио активтік аэрозолдардің алып қалуынан сақтану үшін шайылу шамасы бойынша жобадағы белгілерге дейін таза топырақ төселеді. Төселген топырақ қалыңдығы 0,5 м кем емес. Төселген беттерге шөп отырғызылады.
395. Жер асты суларының радиоактивтік деңгейін бақылау үшін судан сынама алу сынама алғыш (бақылау) ұңғымаларынан қалдық сақтау орнының периметрі бойынша және жер асты суының ағын бағыты бойынша жүргізіледі. Ұңғымалардың орналасуы және саны гидрогеологиялық жағдайларға байланысты ұңғымалар арасы 300 м кем емес болатындай етіп есептелінеді. Бұл кезде бір-екі ұңғыма санитарлық-қорғаныс зонасының сыртына орналастырылады.
396. Қалдық сақтау орнының консервациясы жобаға сәйкес орындалады және сүзгі және сұйық фракцияны жер жұмыстары үшін қажетті техниканы пайдалануға мүмкіндік беретін кондицияға дейін буландыру нәтижесінде шайылған материалдарды табиғи тығыздағаннан кейін басталады.
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |