Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі дене белсенділігі мен саналы байланыс қатынастарына негізделуі болып табылады. Дидактика жүйесіндегі оқудың мәні мен мақсаты



бет1/54
Дата29.11.2023
өлшемі241.06 Kb.
#484844
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
7 cынып


Алғы сөз
Назарларыңызға ұсынылып отырған дидактикалық материалдар «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» оқулығында берілген негізгі тарихи материалдарды оқушылардың өз бетінше неғұрлым толық меңгеруіне көмектесу мақсатында дайындалған. Сондықтан оларды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы пайдаланған жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуіне едәуір септігін тигізері сөзсіз.


Ұсынылып отырған материалдар сипаты жағынан әр түрлі. Олардың барлығы да оқулықта берілген негізгі тарихи материалдарды оқушыларға берік, шынайы меңгеруді мақсат етеді. Дидактикалық материалдарды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы орынды пайдаланса, сабақты ойдағыдай өтуіне едәуір септігін тигізері сөзсіз.
Дидактикалық материалдар- маңызды тарихи деректерден, тарихи тұлғалар туарлы сол тұстағы ақын жыраулардың өлең-жырларынан, би сөздерінен келтірілген үзінділерден, сипаттамалардан құралған. Бұған қоса сызбаларды пайдалана отырып, сабақты түсіндіру, оқушыларға түрлі кестелерді толтыртқызу, даталармен жұмыс ұйымдастыру, әр түрлі тапсырмалар беру, сөздіктер мен әр тақырыптың соңында ұсынылған тест материалдары тәрізді сан алуан әдіс-тәсілдер осы оқу құралында кеңінен қамтылған.
Бүгінгі дидактика жүйесіндегі оқудың мәні оқушыларға дайын білімдерді ұсыну, қиыншылықтарды өз бетінше жеңу және оқушылардың өзіндік жаңалықтар ашумен шектелмейді. Оны түбегейлі ажырататын сипат: педагогикалық басқарудың оқушылардың ынтасы, дербестігі дене белсенділігі мен саналы байланыс қатынастарына негізделуі болып табылады.
Дидактика жүйесіндегі оқудың мәні мен мақсаты: Көзделген оқу деңгейіне оқушы уақытын, күшін, оқу құрал жабдықтарын өз орнымен пайдаланып, балалардың оқу жүктемесін жас сатылары мен мүмкіндіктеріне қарай белгілеп, денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп жеткізу.
Дидактика жүйесіндегі жұмысының міндеті: Оқушылардың білімді берік әрі тиянақты меңгеруі үшін олардың өз бетінше орындайтын оқу қызметін дұрыс бағыт –бағдар беруге, ұйымдастыруға үйретеді.
Дидактикалық материалдар арқылы оқытудың үрдісі: Өз ісінін шебері болу үшін әр педагогтін міндеті - кәсіби ой толғанысы терең, оқушыны жанымен балап, білім нәрімен сусындату, сабақтың түрі, әдіс-тәсілдер арқылы оқытуды ұйымдастырып шығармашылыққа баулып, дарындылық қабілеттерін ашып отыру.Осы тұста өз шығармашылығымнан білімді шәкіртті тәрбиелеу бас парыз. Яғни тәжірибемде бірнеше жылдар бойы оқушыларды дидактикалық материалдармен жұмыс жасауға баулып, оның оң нәтижесін көру осының айғағы.
Жалпы сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар жүйесіне зер салсақ: Дидактикалық жүйелерге тән теория мен практика, білімдер мен ептіліктер, баяндау қабілеттер. Сондай-ақ оқыту механизмдері, танымдық іс-әрекеттері, мақсаттары мен мотивтері бірлігіне сүйенген дидактика ғана тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуына пайдалы әсері зор.
Тарихи тұлға туралы сипаттама: берілген материалды оқушыларға мәнерлеп оқу арқылы оның қандай тарихи тұлғаға арналған екенін анықтау және сол тұлғаға жан-жақты сипаттама беру.
Тарихи тұлға жөніндегі үзінділер: берілген өлең-жырды мұғалім компьютер арқылы көбейтіп оқушыларға таратып береді.Бұдан кейін оны қандай ақын-жырау қандай ақын-жырау қандай тарихи тұлғаға арнап шығарманы анықталады.
Тақырыпты сызба көмегімен түсіндіру: оқу құралына дидактикалық материалдардығы кейбір кестелер нақты жауаптармен берілген. Сондықтан мұндай кестелерді арнайы қағаздарға, тақтаға түсіріп пайдалануға болады.
Даталар: даталармен жұмыс екі жұмыс бағытта жүргізіледі.Кейбір даталардың қатарында сол жылдары болған оқиғалар жазылған, енді бірінде оқиғалар жазылған, енді бірінде оқиғалар жөнінде ешбір мәлімет берілмеген. Сол себепті екі түрлі даталармен жұмыс жүргізуді көп ретте сабақты бекіту барысында қолдануға болды.
Карточкалық тапсырма: Негізінен үй тапсырмасын сұрау барсында жекелеген оқушыларға немесе топқа үлестіріліп беріледі.
Терминдермен жұмыс: Сабақты түсіндіру барысында белгілі бір атау сөзге арнайы тоқталып, жан жақты сипаттама беріледі.
Тестпен жұмыс: Тест материалдары әрбір көлемді тақырып аяқталғаннан кейін беріледі.Сондықтан бұл да түсіндірілген тақырыпты қорытындылау жұмысына жатады.
Өз ісінін шебері болу үшін әр педагогтін міндеті - кәсіби ой толғанысы терең, оқушыны жанымен балап, білім нәрімен сусындату, сабақтың түрі, әдіс-тәсілдер арқылы оқытуды ұйымдастырып шығармашылыққа баулып, дарындылық қабілеттерін ашып отыру. Осы тұста өз шығармашылығымнан білімді шәкіртті тәрбиелеу бас парыз. Яғни тәжірибемде бірнеше жылдар бойы оқушыларды дидактикалық материалдармен жұмыс жасауға баулып, оның оң нәтижесін көру осының айғағы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет