Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы - негізінен бір-біріне жалғасты үш кезеңнен тұрады. Бірінші - Қазақстан тарихының ерте орта ғасырлық кезеңі (ҮІ-ІХ ғ.ғ.) Екінші – Қазақстанның дамыған ортағасырлық кезеңі (Х-ХІҮ ғ.ғ.). Бірінші, екінші кезең түркі дәуірі деп аталады. Үшінші – біртұтас Қазақ мемлекетінің құрылу кезеңі (ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.).
Бірінші кезең жерімізде Түрік, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ қағанаттары өмір сүрген және Ұлы Жібек жолы тарихының маңызы мен жүріп өткен сара жолдарын мақтанышпен айтуымызға болады.
Екінші кезеңнің өзіне тән ерекшелігі- түркі тілдес ру-тайпалардың тілі мен саяси, әлеуметтік- экономикалық жағынан дамып, ұлттық арнаға түбегейлі түсуі туралы баяндалған.
Үшінші кезең – ХҮ-ХҮІІІ ғасырға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі Қазақ хандығы, «Қазақ» атауының тарихы туралы баяндалған.
Аталған кезеңдердегі тарихи оқиғаларды баяндауда мұғалім мен оқушыға арналған оқыту әдістемесі мен оқушының күнделікті тапсырманы орындап отыруға арналған жұмыс дәптері дайындауды жөн білдім. Осы кезеңдегі тарихты оқушыларға жүйелі түрде таныстырып, 7-сыныпқа арналған оқу бағдарламасы бойынша берілуге тиісті білімді жете меңгерту – мұғалімнің басты міндеті.
Зерттеудің басты мақсаты: Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру мақсатында берілген тақырыпқа сай шағын әңгімелер құрастыру, оқушының шығармашылық қабілетіне жан кіргізеді, шыңдайды.
Зерттеудің басты міндеті: Тарих оқулығында берілген негізгі тарихи материалдарды оқушылардың өз бетінше неғұрлым толық меңгеруіне көмектесу мақсатында дайындалған. Сондықтан оларды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы пайдаланған жағдайда сабақтың ойдағыдай өтуіне едәуір септігін тигізері сөзсіз.
Тарих оқулығының мазмұнындағы материалдарды дидактика арқылы оқытып, тәжірибеге енгізіп, ұсынар болсам:
Бұл дидактикалық материалдар әр оқушыға жеке-жеке үлестірмелі қағаздар барысында таратып қолданған тиімді немесе кітапша етіп дайындап беуге болады. Олардың күрделі дидактикалық материалды «өте жақсы» оқитын оқушыларға, ал кейбіреулерін оқушыларды бірнеше топтарға бөліп орындатқан дұрыс. Демек, тапсырмаларды балалардың қабілет деңгейіне қарай үйлестіруді ұйымдастыруға да болады. Мысалы: Тарих сабағындағы бірнеше материалдарға тоқталар болсам:
Сонымен, аталған оқу құралдары міндеті оқушының «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» бойынша алған білімі деңгейін мұғалім тарапынан анықтау және олардың танымдық тағылымдылық, тәрбиелік мәндегі тапсырмаларды оқушының өз бетінше дұрыс орындауын ұйымдастыру. Осы орайда дидактикалық материалдарға қатысты сызба тапсырмалардағы сұрақтарды оқушылардың білім деңгейі мен сабақ үлгеріміне сәйкес құрастырған жөн. Ал кейбір күрделі тапсырмаларды ұжым болып орындау қажеттігін ескерген дұрыс.
Негізінен оқу құралдарында берілген материал үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, қайталау, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, қорытындылау барысында пайдалануға арналған. Дидактикалық материалдармен жұмыс жүргізудің нәтежиелілігі әр мектептің, сыныптың еркшелігі мен оқушылардың дайындық деңгейіне, мұғалімнің шығармашылық ізденісіне байланысты жүзеге асады.
Дидактикалық материалдарды тиімді әдіс-тәсілдер арқылы орынды пайдаланса, сабақты ойдағыдай ұйымдастыруға пайдасы тиері сөзсіз. Бұл оқу құралдары жабық сұрақтар мен әр түрлі сызба тапсырмалар, кестелер негізінде құрылған. Жалпы сабақтың барлық §1-50 тақырыптары бойынша оқушының жұмыс дәптері дайындалған.
Достарыңызбен бөлісу: |