«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы №254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата22.02.2016
өлшемі295.08 Kb.
#1561


«Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Өнімділік 2020» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 27, 314-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Өнімділік 2020» бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:   

«Бағдарламаның      атауы

«Өнімділік 2020» бағдарламасы


Әзірлеу үшін негіздеме

«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы, «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама)


Әзірлеуші

Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі


Бағдарламаның мақсаты

Экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру


Бағдарламаның міндеттері

  1. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру;

  2. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау




Іске асыру мерзімдері

2011-2020 жылдары:

1-кезең - 2011-2014 жылдар, 2011- пилоттық;

2-кезең - 2015-2020 жылдар


Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді іске асыру мақсатында 2020 жылға дейін мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізіледі:

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде екі есеге ұлғайту;

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту;

10 кәсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің топ-менеджерлерін оқыту;

кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын техникалық диагностика жүргізу;

кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу




Қаржыландыру көздері

2011 жылғы республикалық бюджетте 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 134 050 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделген. Инновациялық гранттарға және қазіргі заманғы басқару технологияларын ендіруге арналған шығыстар тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 және 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1291 қаулыларымен бекітілген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010–2014 жылдарға арналған бағдарламада және Елдің 2020 жылға дейін ғылыми-технологиялық дамуының салааралық жоспарында көрсетілген. Республикалық бюджеттен келесі жылдарды қаржыландыру көлемі жоспарланатын кезеңге тиісті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланады»;

«Кіріспе» деген 2-бөлімде:

үшінші бөлікте:

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«қатысушы – Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушыларға қойылатын өлшемдерге сәйкестігі туралы Бағдарлама операторының оң сараптамалық бағалауы бар, немесе екінші бағыт шеңберінде құралды (дарды) алған кәсіпкерлік субъектісі»;

мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«тренингтік компания – кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

еңбекті нормалау жөніндегі кеңесші – кәсіпорында еңбекті техникалық нормалау жүйесін жүзеге асыратын заңды тұлға;

техникалық диагностика жөніндегі кеңесші – кәсіпорында техникалық диагностиканы жүзеге асыратын заңды немесе жеке тұлға;

топ-менеджер – заңды тұлғаның басшысы немесе оның атқарушы органының мүшесі немесе өндірісті немесе оның жекелеген кезеңдерін ұйымдастыруға жауапты тұлға (жоба менеджері, өндіріс жөніндегі басқарушы директор және т.б.).»;

«Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлім, «Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» деген 5-бөлім, «Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi» деген 6-бөлім және «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)» деген 7-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:



«4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
1. Бағдарламаның мақсаты
Экономиканың басым салаларында өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттіліктерін еңбек өнімділіктерін арттыру арқылы өсіру.
2. Міндеттері

 

Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерін шешу екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:



1. Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру.

2. Кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау.
3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары
2020 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту;

10 кәсіпорын үшін жыл сайын еңбек өнімділігін ұлғайту және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің топ-менеджерлерін оқытуды ұйымдастыру;

кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын техникалық диагностика жүргізу;

кемінде 3 кәсіпорында жыл сайын еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу.

2015 жылға дейінгі нысаналы индикаторлар:

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту;

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың қуаттылықтарының орташа жүктемесін 70%-ға дейін ұлғайту.
4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

 

Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:



индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде жеке сектордың кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру;

экономиканың шикізат емес секторындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жеке сектордың, бірінші кезекте қаржы ұйымдарының қаражатын тарту;

өнеркәсіп кәсіпорындарының, бірінші кезекте орта және ірі бизнестің субъектілерінің қаржы-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

Бағдарламаның негізгі сандық және сапалық нәтижелері:

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысатын өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының еңбек өнімділігін кемінде 2 есеге ұлғайту;

Бағдарламаның бірінші бағытына қатысушылардың қуаттылықтарының орташа жүктемесін 80%-ға дейін ұлғайту.


5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады:

1-кезең – 2011 жылдан 2014 жыл аралығында жүзеге асырылатын болады, бұл ретте 2011 жыл – пилоттық болып табылады.

2011 жылы Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау, жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады. Пилоттық кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша Бағдарламаға өзгертулер мен толықтырулар, сондай-ақ қосымша мемлекеттік қолдау құралдары енгізілуі мүмкін.

2012-2014 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту және индустриялық кәсіпорындардың кадрлық әлеуетін нығайту бойынша іске асырылатын болады.

2-кезең - 2015-2020 жылдар.

2015-2020 жылдары Бағдарлама жаңа бизнес бастамаларды қолдау және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту бойынша іске асырылатын болады.



1. Бағдарлама қатысушысына қойылатын өлшемдер
1. Мынадай өлшемдерге сәйкес келетін кәсіпкерлік субъектілері Бағдарламаның «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші бағытының қатысушылары бола алады:

осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде экономиканың басым салаларында инвестициялық жобаларды іске асыратындар және (немесе) іске асыруды жоспарлайтындар;

машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату бойынша қызмет көрсету саласында инвестициялық жобаларды іске асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда (ЭҚЖК коды 33), осы Бағдарламаның 2-қосымшасына ұсынылған өнімдерді өткізетіндер және (немесе) шығаруды жоспарлайтындар және тау-кен өндірісі және мұнайгаз салаларындағы техникалық қызметтер көрсететіндер (ЭҚЖК коды 09);

қаржылай тұрақты (банк(тер) немесе банк(тер) филиалы(дары) алдында барлық міндеттеме түрлері бойынша мерзімі өткен берешегінің және салықтық берешегінің болмауы және басқалар);

инвестициялық жобаның кешенді жоспары бар (инвестициялық жобаның кешенді жоспарын өтінім берушінің жеке өзі немесе Бағдарлама әкімшісі бекіткен тізбеден консалтингтік компанияны тарту арқылы әзірлеуі мүмкін).

Инвестициялық жобаның кешенді жоспары мына көрсеткіштерге қол жеткізуді көздеуі тиіс:

инвестициялық жобаның қаржылық өтемділігі;

еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша салалық орташа деңгейден бір жарым еседен кем емес немесе жаңа инвестициялық жобалар бойынша салалық орташа деңгейден үш есе арттыру;

өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өнім).

2. Бағдарламаға «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» атты екінші бағыт шеңберінде қатысу кәсіпкерлік субъектілері үшін мәлімдемелік сипатқа ие. Әрбір құрал шеңберінде қатысушыға талаптар жеке қойылады.


2. Бағдарламаға қатысу тәртібі
Бағдарламаға «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші бағыт шеңберінде қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау келесі схема бойынша ұсынылады:

1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес тізбедегі консалтингтік компаниямен бірлесе отырып әзірленген немесе консалтингтік компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын) ұсынады.

2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыдан және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстырудан, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы тиіс.

3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.

4. Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес кешенді инвестициялық жобаның жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.

5. Одан әрі өзге де құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторларына жүгінеді.

6. Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:

тараптардың құқықтары мен міндеттері;

құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;

құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.

8. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады.

9. Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.

Бағдарламаға «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» атты екінші бағыт шеңберінде қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау жеке ұсынылады.


3. Консалтингтік және тренингтік компанияларға, техникалық диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі кеңесшілерге қойылатын өлшемдер


  1. Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін бірінші бағыт шеңберінде тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында біліктілігі мен кемінде 3(үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында кемінде 3 ірі жобаның болуы;

салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.


  1. Екінші бағыттың «еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін ұлғайту сұрақтары бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін ақы төлеу» құралы шеңберінде тартылатын тренингтік компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

компанияның кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді ұйымдастыру саласында біліктілігі мен кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

компанияның активінде кәсіпорынды басқару саласында дөңгелек үстелдер, семинарлар, оқыту тренингтерін өткізуді ұйымдастыру саласында кемінде 3 (үш) ірі жобаның болуы;

салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы салымдары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.


  1. Екінші бағыттың «кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді бірлесіп қаржыландыру» құралы шеңберінде тартылатын техникалық диагностика жөніндегі кеңесшілер мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

өнеркәсіптік кәсіпорындарда салалық құзыры бойынша техникалық диагностика, энергия аудитін, техникалық және технологиялық аудит және т.б. жүргізу саласында біліктілігі және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

активінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда техникалық диагностика, энергия аудитін, техникалық және технологиялық аудит және т.б. жүргізу саласында кемінде 3 ірі жобаның болуы;

салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.


  1. Екінші бағыттың «еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу бойынша шығыстарды өтеу» құралы шеңберінде тартылатын еңбекті нормалау жөніндегі кеңесшілер мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:

өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу саласында біліктілігі және кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;

активінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу саласында кеміннде 3 ірі жобаның болуы;

салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.

5. Консалтингтік және тренингтік компаниялар, техникалық диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі кеңесшілер тізбесін Бағдарламаның операторы компаниялар мен кеңесшілер өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.

6. Консалтингтік және тренингтік компаниялар, техникалық диагностика жөніндегі және еңбекті нормалау жөніндегі кеңесшілер тізбеден Бағдарлама операторының ұсынысымен шығарылады және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
4. Бағдарлама құралдары
Бағдарламаның бірінші бағытының құралдары.

Бағдарламаны «жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту (техникалық қайта жарақтандыру) және бәсекеге қабілетті жаңа өндірістерді құру» атты бірінші бағыт шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:

инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;

ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;

инновациялық гранттар беру.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.

Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін шығыстарының 50%-ы, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде төлеу көзделген.

Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:

1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.

2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.

3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.

4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.

Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну.

Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «ҚДБ-Лизинг» акционерлік қоғамы.

Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15%-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.

Лизинг мәнінің жалпы құны кемінде 150 млн. теңге болуы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін - 75 млн. теңгеден кем емес).

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011– 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.

Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:

1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.

2. Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.

3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.

Инновациялық гранттар беру.

Инновациялық гранттар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:

инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;


      біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;

консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;

басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бағыттары бойынша беріледі.

Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.


      Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламаның екінші бағытының құралдары.

Бағдарламаны «кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдау» атты екінші бағыт шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:

инновациялық гранттар беру;

топ-менеджерлер үшін еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша оқу ақысын төлеу;

кәсіпорынның техникалық диагностикасын жүргізуді бірлесіп қаржыландыру;

еңбекті техникалық нормалау бойынша шығындарды өтеу;

халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.

Мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.

Инновациялық гранттар беру.

Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:

біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;

консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;

инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;

басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу;

өнеркәсіптік зерттеулер (ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конкструкторлық жұмыстар) жүргізу;

технологиялар сатып алу;

бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызметті қолдау;

шетелде және (немесе) аймақтық патенттік ұйымдарда патент беру;

технологияларды 2 кезең бойынша коммерцияландыру (жоба тұжырымдамасын негіздеу және өнеркәсіптік прототип жасау).

Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.

Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру қағидаларына, Технологияларды сатып алуға, өнеркәсіптік зерттеулер жүргізуге, бастапқы даму кезеңінде жоғары технологиялық өнiм өндiру жөніндегі қызметті қолдауға, шет елдерде және (немесе) өңірлік патенттік ұйымдарда патенттеуге инновациялық гранттар беру қағидаларына және Технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Еңбек өнімділігін және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша топ-менеджерлерді оқыту үшін төлеу.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде төлем тренингтік компаниялардың кәсіпорындардың топ-менеджерлерін оқытуға жұмсаған шығындардың (жол жүру және тұру шығындарын есепке алмағанда) 60%, бірақ 1 (бір) топ-менеджерге жылына 1,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде және 3 (үш) топ-менеджерге жұмсалған шығындар төленеді.

Бағдарлама әкімшісінің оқу үшін төлем тетіктері:



  1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.

  2. Бағдарлама операторы өтінім берушінің құжаттар пакетін қарастырады, сонымен қатар Бағдарламаның 1 және 2 қосымшаларына сәйкестігін тексереді.

  3. Өтінім беруші топ-менеджерлерді оқытуды өткізуге арналған Тізімге сәйкес тренингтік компанияны өзі айқындайды.

  4. Өтінім беруші тренингтік компаниямен оқыту бойынша қызметтерді ұсынуға арналған шартты жасайды.

  5. Өтінім беруші Бағдарлама операторына сертификатты және топ-менеджерлерді оқыту жөніндегі өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттар пакетін ұсынады.

  6. Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторының өтінімі, сертификат және топ-менеджерлерді оқыту жөніндегі өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген ақша қаражатын Бағдарлама операторына аударуды жүзеге асырады.

  7. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған ақша қаражатын аударуды толық көлемде жүзеге асырады, бұл ретте, өтінім берушіге ақша қаражатын аудару үшін Бағдарлама операторына сыйақы көзделмеген.

Кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде 80% мөлшерде, алайда шағын және орта кәсіпорындар үшін 8 млн. теңгеден аспайтын, ірі кәсіпорындар үшін 16 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде кәсіпорындарға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру көзделеді.

Бағдарлама әкімшісінің кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізуді бірлесіп қаржыландыру тетігі:


  1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.

  2. Бағдарлама операторы өтініш берушінің құжаттар пакетін, соның ішінде Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігін қарайды.

  3. Өтінім беруші Бағдарлама операторымен бірлесіп бекітілген Салалық құзырет бойынша тізбеден техникалық диагностика жөніндегі кеңесшіні айқындайды.

  4. Бағдарлама операторы, өтінім беруші және техникалық диагностика жөніндегі кеңесші кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу жөніндегі үш жақты шарт жасасады.

  5. Өтінім беруші техникалық диагностика жөніндегі кеңесшіге кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу қызметі құнының 20 % мөлшерінде аванстық төлемді жүзеге асырады.

  6. Техникалық диагностика жөніндегі кеңесші жасалған үш жақты шарт талаптары мен мерзімдеріне сәйкес, кәсіпорынға техникалық диагностиканы жүзеге асырады.

  7. Техникалық диагностика жөніндегі кеңесші кәсіпорынның техникалық диагностикасы жөнінде есепті ресімдейді және оны Бағдарлама операторы мен өтінім берушіге ұсынады.

  8. Бағдарлама операторы, өтінім беруші және техникалық диагностика жөніндегі кеңесші кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу бойынша орындалған қызметтер актіне қол қояды.

  9. Бағдарлама операторы Техникалық диагностика бойынша есеп, кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу бойынша орындалған қызметтер акті және шот-фактура негізінде Бағдарлама әкімшісіне кәсіпорынға техникалық диагностика жүргізу үшін техникалық диагностика жөніндегі кеңесшінің қызмет құнының 80 % мөлшерінде бюджеттік қаражатты аударуға өтінім жолдайды.

  10. Бағдарлама әкімшісі бюджеттік қаражатты Бағдарлама операторының есептік шотына аударады.

  11. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде техникалық диагностика жөніндегі кеңесшіге аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына техникалық диагностика жөніндегі кеңесшілерге қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.

Қажетті құжаттар тізбесін, өтінім мен үш жақты шарттың нысандарын, техникалық диагностика бойынша есепке қойылатын талаптарды Бағдарлама операторы әзірлейді және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.

Еңбекті техникалық нормалау бойынша өтеу.

Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу кезінде келтірілген шығындарды 50% мөлшерде, алайда ірі кәсіпорындар үшін 5 млн. теңгеден аспайтын және шағын және орта кәсіпорындар үшін 2 млн. теңгеден аспайтын мөлшерде төлеу көзделеді.

Бағдарлама әкімшісінің еңбекті техникалық нормалау шығындарды өтеу тетігі:



  1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін ұсынады.

  2. Бағдарлама операторы өтініш берушінің құжаттар пакетін, соның ішінде Бағдарламаның 1 және 2-қосымшаларына сәйкестігін қарайды.

  3. Өтінім беруші еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу үшін бекітілген Еңбекті нормалау жөніндегі кеңесшілер тізбесінен еңбекті техникалық нормалау жөніндегі кеңесшіні өз еркімен айқындайды.

  4. Өтінім беруші мен еңбекті нормалау жөніндегі кеңесші еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізу шартын жасасады.

  5. Өтінім беруші Бағдарлама операторына қажетті құжаттар пакетін ұсынады.

  6. Бағдарлама операторы еңбекті техникалық нормалау жүйесін енгізуге өтінім берушінің шығыстарын растайтын құжаттар пакеті негізінде Бағдарлама әкімшісіне бюджеттік қаражатты аударуға өтінім жолдайды.

  7. Бағдарлама әкімшісі бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген ақша қаражатын Бағдарлама операторына аударуды жүзеге асырады.

  8. Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына техникалық диагностика жөніндегі кеңесшілерге қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.

Қажетті құжаттар тізбесін, өтінім мен шарттың нысандарын Бағдарлама операторы әзірлейді және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу.

Құрал операторы – «NADLoC» «Жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы.

Халықаралық стандарттарға (ISO, API, ASTM, GMP, EN және басқалар) сәйкес өнімді сертификаттау және сапа менеджменті жүйелері бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта жылжыту бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.

Бағдарлама құралдарын іске асыру мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары жүзеге асырады.



6. Қажеттi ресурстар және оларды қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 134 050 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.

Бағдарламаны одан әрi қаржыландыру тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат, сондай-ақ мемлекеттiк қолдаудың жеке құралдары бойынша тартылған сыртқы қарыздар шеңберiнде жүзеге асырылады.
7. «Өнiмдiлiк 2020» бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (I-кезең)


Р/с


Iс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орын

дау мерзiмi



Болжанатын шығыстар (мың теңге)

Қаржыла нды

ру көздерi



Бюджеттiк бағдарлама нөмірі (егер бар болса)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1.

Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде  ведомствоаралық комиссия құру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделiмемлекеттiк орган

Дар




2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

2.

Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржылан

дыру тәртiбiн әзiрлеу



құрал операто рының шешiмi

құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм

бойынша)



2011 жылғы наурыз

талап етiлмейдi

3.

Қазақстан Республика

сы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновация

лық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу


Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы

ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

2011 жылғы қыр

күйек


талап етiлмейдi

4.

Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi  құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрі өзектілендіру

ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)


2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай

92 810

103 367

116 000

116 000

116 000

РБ

011 «Өнiмдiлiк  2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп  тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»

5.

Консалтинг

тiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрі өзектілендіру



ИЖТМ бұйрығы

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия


2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай

6.

Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау

ИЖТМ-

ге ақпарат



«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)


келiп түсуiне байланысты

7.

Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткізу

сараптамалық қорытынды

«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi

келiп түсуiне байланысты

8.

Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы

құрал операторының шешiмi

құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)


келiп түсуiне байланысты

9.

Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу

ИЖТМ-

ге ақпарат



«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)


үнемi

10.

Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу

ИЖТМ-

ге ақпарат



«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)

үнемi







11.

Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну

шарттар

ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары 

(келiсiм бойынша)



қажеттілігіне қарай

672 100

30 000

18050

187 500

187 500

РБ

011 «Өнiмдiлiк  2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп  тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»


15 000 000













РБ

051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен  орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»




















10 000 000










РБ

052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi

мен орны


қтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»

12

2012 жылғы 9 тамыздағы №1035 Инженерлiк-техникалық персоналдың шетелде біліктілігін арттыруға, жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндiрiстiк технологияларды енгiзуге инновациялық гранттар беру қағидаларына өзгерістер енгізу

Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысының жобасы

ИЖТМ, «ТДҰА» АҚ (келiсiм бойынша)

2013 жылғы II-тоқсан

талап етiлмейдi

Ескертпе:


аббревиатуралардың толық жазылуы:

ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi

ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау

министрлiгi

РБ - республикалық бюджет

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы

«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы».

2. Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.




Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі С. Ахметов



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет