2. Бағдарламаға қатысу тәртібі
Бағдарламаға қатысу мәлімдемелік сипатқа ие және мемлекеттік қолдау келесі схема бойынша ұсынылады:
1. Өтінім беруші Бағдарлама операторына жүгінеді және қажетті құжаттар пакетін (оның ішінде белгіленген талаптарға сәйкес тізбедегі консалтингтік компаниямен бірлесе отырып әзірленген немесе консалтингтік компанияның сараптамасы бар инвестициялық жобаның кешенді жоспарын) ұсынады.
2. Бағдарлама операторы ұсынылған құжаттар пакетіне сараптамалық бағалау дайындайды. Сараптамалық бағалау Мемлекеттік бағдарламаның, салалық бағдарламалардың басымдықтарына, Бағдарламаның 1және 2-қосымшаларына сәйкестігі, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындыдан және еңбек өнімділігі мен энергия тиімділігінің көрсеткіштерін салыстырудан, сондай-ақ консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарының немесе консалтингтік компания әзірлеген инвестициялық жобаның кешенді жоспарын сараптамалық бағалау негізінде жаңғыртуды өткізу және мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну қажеттілігі туралы ақпараттан тұруы тиіс.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.
3. Бағдарлама операторы сараптамалық бағалауды Бағдарлама әкімшісіне, өтінім берушіге және құрал операторына жібереді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.09.01 № 999 Қаулысымен.
4. Сараптамалық бағалау оң болған жағдайда Бағдарлама операторы Бағдарламаның осы бөлімінің «Бағдарлама құралдары» деген 4-кіші бөліміне сәйкес кешенді инвестициялық жобаның жоспарын әзірлеу немесе сараптау кезінде келтірілген шығындардың бір бөлігін қатысушыға төлейді.
5. Одан әрі өзгеде құралдарды алу қажет болса, өтінім беруші құрал операторларына жүгінеді.
6. Құрал операторы белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық жобаға сараптаманы жүзеге асырады. Құрал операторы өтінім берушіні және Бағдарлама операторын қабылданған шешім туралы хабардар етеді.
7. Құрал операторының оң шешімі болған кезде Бағдарлама операторы, құрал операторы және қатысушы мониторинг туралы тиісті келісім жасасады, онда мыналар көзделеді:
тараптардың құқықтары мен міндеттері;
құралды енгізу нәтижелерінің индикаторлары;
құрал операторының және қатысушының жауапкершілігі және т.б.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.
8. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингін Бағдарлама операторы мен құрал операторлары инвестициялық жобаның барлық іске асырылу мерзімінде жүзеге асырады. Бағдарлама қатысушыларының инвестициялық жобаларының іске асырылуының мониторингінің нәтижелері ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылады.
9. Бағдарламаны іске асыру регламентін, өтінім нысандарын, өтінім беруші ұсынатын құжаттар тізбесін, өтінімдерді қарау мерзімдерін, келісімнің үлгілік нысанын, жалпы Бағдарламаның және жеке құралдардың іске асырылу мониторингінің нысандарын және мерзімін, инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге қойылатын талаптарды ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
3. Консалтингтік компанияларға қойылатын өлшемдер
Инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптау үшін тартылатын консалтингтік компаниялар мынадай өлшемдерге сәйкес келуі тиіс:
компанияның инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында біліктілігі мен кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
компанияның активінде инфрақұрылымдық жобалар мен өңдеуші өнеркәсіп жобалары бойынша бизнес-жоспарларды, ТЭН, ЖСҚ әзірлеу саласында кемінде 3 ірі жобаның болуы;
салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болмауы.
Консалтингтік компаниялар тізбесін Бағдарламаның операторы консалтингтік компания өтінімдерінің негізінде қалыптастырады, ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарламаның әкімшісі бекітеді.
Консалтингтік компаниялар тізбеден Бағдарлама операторының ұсынысымен шығарылады және ведомствоаралық комиссия қарағаннан кейін Бағдарлама әкімшісі бекітеді.
Ескерту. 3-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 Қаулысымен.
4. Бағдарлама құралдары
Бағдарлама шеңберіндегі мемлекеттік қолдау мынаны білдіреді:
инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер;
ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды беру;
инновациялық гранттар беру.
Мемлекеттік қолдау шараларын беру мынадай түрде жүзеге асырылады.
Консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлемдер.
Бағдарлама шеңберінде консалтингтік компанияның инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін кеткен шығыстардың 50%-ы, бірақ 7,5 млн. теңгеден аспайтын мөлшерінде төлеу көзделген.
Бағдарлама әкімшісінің қатысушыға консалтингтік компанияның кешенді жоспарды әзірлегені немесе сараптама жүргізгені үшін төлем тетіктері:
1. Өтінім беруші инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу үшін бекітілген тізбеден консалтингтік компанияны өз еркімен айқындайды.
2. Өтінім беруші және консалтингтік компания инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жүргізу туралы шарт жасасады.
3. Өтінім беруші Бағдарлама операторына құжаттардың толық пакетін ұсынады.
4. Оң сараптамалық бағалау және инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеуге немесе сараптамаға қатысушының шығыстарын растайтын құжаттардың негізінде Бағдарлама әкімшісі Бағдарлама операторына бюджеттік бағдарлама шеңберінде бөлінген қаражатты аударуды жүзеге асырады.
Бағдарлама операторы Бағдарлама әкімшісі аударған қаражатты толық көлемде қатысушыға аударуды жүзеге асырады, бұл ретте Бағдарлама операторына қатысушыларға қаражатты аударғаны үшін сыйақы көзделмеген.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды қатысушыға құрал операторы ұсынады. Құрал операторы - «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымы «БРК-Лизинг» акционерлік қоғамы.
Өтінім беруші ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру құралын пайдаланғанда жобаны іске асыруда лизинг мәнінің жалпы құнының кемінде 15%-ы мөлшерінде ақша қаражатымен қатысуды қамтамасыз етуі тиіс.
Лизинг мәнінің жалпы құны кемінде 150 млн. теңге болуы тиіс (жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары үшін - 75 млн. теңгеден кем емес).
Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру 10 жылға дейiнгi мерзiмге берiледi. Қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы ставкасы қатысушы үшін 5 %-ды құрауы тиiс, бұл ретте құрал операторының бюджеттік кредит пен өзге де қорландыру құралдарының арасалмағы 80/20 құрауы тиіс. Осы талаптар 2011 – 2012 жылдары жасалған шарттарға да қолданылады.
Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну тетігі:
1. Құрал операторына ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруға өтінім беруді қатысушы Бағдарлама операторының оң сараптамалық қорытындысын алғаннан кейін белгіленген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
2. Құрал операторы өтінімді белгіленген тәртіппен қарайды және ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну (ұсынбау) туралы шешім шығарады.
3. Құрал операторының оң шешімі болған жағдайда құрал операторы мен қатысушы қаржылық лизинг шартын жасасады.
Инновациялық гранттар беру.
Инновациялық гранттар жаңа индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және ұлғайтуға бағытталған іске асырылып жатқан индустриялық-инновациялық жобаларға:
инженерлік-техникалық персоналдың біліктілігін шетелде арттыру;
біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тарту;
консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тарту;
басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізу бағыттары бойынша беріледі.
Құрал операторы – технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты.
Инновациялық гранттарды беру Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Инженерлік-техникалық персоналдың біліктіліктерін шетелдерде арттыруға, біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға, консалтингтік, жобалық және инжинирингтік ұйымдарды тартуға, басқарушылық және өндірістік технологияларды енгізуге инновациялық гранттар беру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.04 № 738 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 06.03.2013 № 220 қаулысымен.
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.03.2013 № 220 қаулысымен.
Бағдарламаны iске асыруға республикалық бюджеттен 2011 жылы 15 764 910 мың теңге, 2012 жылы – 10 133 367 мың теңге, 2013 жылы – 303 500 мың теңге, 2014 жылы – 303 500 мың теңге, 2015 жылы – 303 500 мың теңге көзделiп отыр.
Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат, сондай-ақ мемлекеттік қолдаудың жеке құралдары бойынша тартылған сыртқы қарыздар шеңберінде жүзеге асырылады.
7. «Өнімділік 2020» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (I кезең)
Ескерту. 7-бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.03.2013 № 220 қаулысымен.
Р/с
№
|
Iс-шара
|
Аяқтау нысаны
|
Орындауға жауаптылар
|
Орындау мерзiмi
|
Болжанатын шығыстар
(мың теңге)
|
Қаржыландыру көздерi
|
Бюджеттiк бағдарлама нөмірі
(егер бар болса)
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
1.
|
Кәсiпорындарды жаңғырту жөнiнде ведомствоаралық комиссия құру
|
ИЖТМ бұйрығы
|
ИЖТМ, ЭБЖМ, мүдделi мемлекеттiк органдар
|
2011 жылғы наурыз
|
талап етiлмейдi
|
2.
|
Ұзақ мерзiмдi лизингтiк қаржыландыру тәртiбiн әзiрлеу
|
құрал операторының шешiмi
|
құрал операторы (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)
|
2011 жылғы наурыз
|
талап етiлмейдi
|
3.
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 6 тамыздағы № 1202 қаулысымен бекiтiлген Инновациялық гранттар беру ережесiне өзгерiстер енгiзу
|
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысының жобасы
|
ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)
|
2011 жылғы қыркүйек
|
талап етiлмейдi
|
4.
|
Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi құжаттардың нысандарын әзiрлеу және бекiту, одан әрі өзектілендіру
|
ИЖТМ бұйрығы
|
ИЖТМ, ЭБЖМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)
|
2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай
|
92 810
|
103 367
|
116 000
|
116 000
|
116 000
|
РБ
|
011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»
|
5.
|
Консалтингтiк компаниялардың тiзбесiн қалыптастыру және бекiту, одан әрі өзектілендіру
|
ИЖТМ бұйрығы
|
ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), ведомствоаралық комиссия
|
2011 жылғы мамыр, қажеттілігіне қарай
|
6.
|
Бағдарламаға қатысу туралы өтiнiштер қабылдау
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)
|
келiп түсуiне байланысты
|
7.
|
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын өлшемдерге сәйкестiгi туралы сараптама өткізу
|
сараптамалық қорытынды
|
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), өтiнiш берушi
|
келiп түсуiне байланысты
|
8.
|
Қатысушылар өтiнiмдерiн құрал операторларының қарауы
|
құрал операторының шешiмi
|
құрал операторлары (келiсiм бойынша), «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша)
|
келiп түсуiне байланысты
|
9.
|
Жобаны iске асыру барысына мониторинг жүргiзу
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)
|
үнемi
|
10.
|
Ақпараттық-насихаттық жұмыс жүргізу
|
ИЖТМ-ге ақпарат
|
«ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)
|
үнемi
|
|
|
11.
|
Мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну
|
шарттар
|
ИЖТМ, «ҚИДИ» АҚ (келiсiм бойынша), құрал операторлары (келiсiм бойынша)
|
қажеттілігіне қарай
|
672 100
|
30 000
|
187 500
|
187 500
|
187 500
|
РБ
|
011 «Өнiмдiлiк 2020» бағыты шеңберiнде жаңа өндiрiстерді құруды, жұмыс iстеп тұрғандарын жаңғырту мен сауықтыруды қолдау»
|
15 000 000
|
|
|
|
|
РБ
|
051 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»
|
|
|
|
|
|
|
10 000 000
|
|
|
|
РБ
|
052 «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгi мен орны орнықтылығын қамтамасыз ету үшiн «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ кредит беру»
|
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
ИЖТМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгi
РБ - республикалық бюджет
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
«ҚИДИ» АҚ - «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» акционерлік қоғамы
«Өнімділік 2020» бағдарламасына
1-қосымша
Бағдарламаның қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесі
ЭҚЖЖ коды
|
Атауы
|
1
|
2
|
Агроөнеркәсіптік кешен
|
10
|
Тамақ өнімдерінің өндірісі
|
11.07
|
Минералдық сулар мен басқа да алкогольсіз сусындар өндірісі
|
Тау-кен өндірісі
|
09
|
Тау-кен өндірісі өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер
|
09.1
|
Мұнай және табиғи газды өндіру саласындағы техникалық қызметтер
|
09.10
|
Мұнай және табиғи газды өндіру кезіндегі техникалық қолдау
|
09.9
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және жерасты жұмыстарының басқа да салалары үшін техникалық қолдау
|
Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі
|
13
|
Тоқыма бұйымдарының өндірісі
|
14
|
Киім өндірісі
|
15
|
Тері және оған жататын өнімдер өндірісі
|
16
|
Ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі, жиһаздан басқасы;
Сабаннан және өруге арналған материалдардан жасалған бұйымдар
|
17
|
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі
|
31
|
Жиһаз өндірісі
|
Химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіп
|
19.20
|
Мұнай өңдеу өнімдерінің өндірісі
|
20
|
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі
|
21
|
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі
|
22
|
Резеңке және пластмассалық бұйымдар өндірісі
|
Құрылыс материалдары мен өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі
|
23
|
Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі
|
Металлургия, металл өңдеу, машина жасау
|
24
|
Металлургия өнеркәсібі
|
25
|
Дайын металл өнімдерінің өндірісі, машиналар мен жабдықтардан басқасы
|
26
|
Компьютерлер, электронды және оптикалық өнімдер өндірісі
|
27
|
Электр жабдықтарының өндірісі
|
28
|
Басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі
|
29
|
Автокөлік құралдарының, трейлерлердің және жартылай тіркемелер өндірісі
|
30
|
Өзге де көлік құралдарының өндірісі, 30.4 басқасы
|
33
|
Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
|
33.1
|
Дайын металл бұйымдарын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу
|
33.2
|
Өнеркәсіптік техникалар мен жабдықтардың монтажы
|
Өнеркәсіптің басқа да секторлары
|
32
|
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі
|
35.11
|
Электр энергиясы өндірісі
|
38.21
|
Қауіпті емес қалдықтарды өңдеу және жою
|
38.32
|
Сұрыпталған материалдарды кәдеге жарату
|
Көлік және қоймаға қою
|
50
|
Су көлігі
|
51
|
Әуе көлік
|
52
|
Қойма шаруашылығы және көмекші көлік қызметі
|
Ақпарат және байланыс
|
61
|
Байланыс
|
62
|
Компьютерлік бағдарламалау, консультациялар және басқа ілеспе қызметтер
|
«Өнімділік 2020« бағдарламасына
2-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |