Онтуганова шынар шералиевна


Сұрақтар  Шындыққа қол  жеткізетін ойлаудың  бір бөлшегі Сұрақтар



Pdf көрінісі
бет35/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94
11.04.2023.disser

Сұрақтар 
Шындыққа қол 
жеткізетін ойлаудың 
бір бөлшегі
Сұрақтар
Дедуктивті жүйе 
арқылы ой 
қорытындысына 
бастайтын негізгі 
жол
Сұрақтар 
Қарсы пікірлер 
тудыратын немесе 
дәлелдемелер 
арқылы қорғалатын 
қарама-
қайшылықтар


83 
- ақыл-ойды, логиканы дамытады, сол арқылы оқушының тілі де дамып, 
сөздік қоры молаяды, тапсырмалар орындауға құштарлығын арттырады, 
психикалық қасиеттерді (зейін, ес, қабылдау, ой, қиял, т.б.) жетілдіреді. 
- оқушының дүниетанымын байытады, оқудың өмірмен, тәжірибемен 
байланысын көрсетеді. 
Сонымен осы айтылғандарды негізге ала отырып, логикалық амал-
тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылатын тапсырмалардың педагогикалық 
мүмкіндіктерін ашып көрсетуге болады:
- оқушылардың сөздік қорын байытудағы логикалық амал-тәсілдер зат 
және құбылыс туралы түсініктері мен ұғымдарын жеңілдете түсу жолымен 
байыту, балалар қолданған сөздің мәнін айқындап, жаңа сөздерді өз ойларын 
жүйелеуді жиі қолданып, сөздердің дұрыс айтылуын игерту арқылы 
дамытады; 
- пайымдауды меңгеруде логикалық амал-тәсілдер оқушыларға өзін анық 
және айқын ойлауын, сондай-ақ жаңа білімдер қабылдау үшін, қорытқан ойды 
басқаға дұрыс, дәл, түсінікті етіп жеткізе білу шеберлігін қалыптастырады. 
2.2 
Логикалық 
амал-тәсілдер 
арқылы 
бастауыш 
мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың жүйесі 
Оқу-тәрбие үдерісінде адамның аса маңызды қабілеттерін мұғалімдер 
тасымалдаушы ретінде жүзеге асырып, оқушылар жалпы оқу әрекеті түрінде 
меңгереді. Жалпыға бірдей оқу әрекетін, дүниені танып-білу негізінде оқушы 
тұлғасын дамыту мектептегі білім берудің мақсаты мен негізгі нәтижесі болып 
табылады. Осылайша дамыту педагогикалық үдерістің негізгі сөзіне, оқытудың 
маңызды, терең ұғымына айналады. Олай болса, қазіргі кезеңде дамыта оқыту 
өзіндік ерекшеліктері бар үдеріс болып табылады.
В.В.Давыдов «түсіну» үдерісін күрделі деп санайды. Ол былай дейді: «Сам 
процесс «понимания» весьма сложен и противоречив. При этом в зависимости 
от целей и средств совокупной познавательной деятельности он может 
относиться к двум разным, хотя и тесно связанным, переходящим друг в друга, 
моментом предметной деятельности и ее воспроизводства. Так в рациональном 
виде может выражаться непосредственная, внешняя сторона действительности, 
ее наличное бытие. Но, кроме того, понятии может быть воспроизведено 
опосредстванное, внутреннее бытие предметов, их сущность. Это определяет 
различие содержания «понимания» , что приводит и к различным формам его 
выражения – к различию эмпирического и теоретического мышления как двух 
ступеней познания» [56,б. 64]. Автордың ойынша, адам өзін қоршаған тылсым 
дүниені қаншалықты деңгей мен дәрежеге дейін тани алса, сол деңгей мен 
дәреже – адам танымының жемісі болып табылады. Бұдан адам біріншіден, 
практикалық қызмет, әрекет субъектісі десек, екіншіден, адам – таным субъектісі 
болады деп қорытынды шығарамыз. 
Мұндағы «түсінудің» екі түрлі сәті туралы айтылған ойға мынаны қосқымыз 
келеді. Нәрсенің болмысын танып түсіну оны тану желісін одан әрі қарай дамыта 
отырып, түйсікпен қабылдауға, яғни түсінуге алып келеді. Бастауыш сынып 


84 
оқушыларын оқыту барысында оқу материалын түсінікті етіп, түсіндіру 
доминант міндет болып жүргені белгілі. Сырт белгіні танып-білу оны 
жаттандылыққа дейін алып барғанымен, сол заңдылықты дамыту туралы ойға 
көп жетелей бермейді. Оның себебі құбылыстың ішкі заңдылықтарын түйсікке 
әбден орнықтыру жүргізілмегендіктен. Ал адам түсінген нәрсесін түйсікпен 
қорыту арқылы ғана оны дамытып, өзгерту туралы ойлайды және ол ойын жүзеге 
асыруға тырысады. 
Ойлау таным мен өзін-өзі дамытуда үлкен рөл атқарады. Ойлау - барлық 
танымдық іс-әрекеттің өзегі. Жаңа нәрсені білуге, оны түсінуге деген ұмтылыс - 
бұл ойлау үдерісін тудыратын итермелеу, ынталандыру. Сондықтан, бастауыш 
сынып оқушыларын оқыту кезінде мұндай мәселені, сұрақты нақты тұжырымдау 
үлкен рөл атқармақ. «Оқушылардың танымдық қызметін белсендіруде қандай 
таным әдістері жетекшілік ете алады?» деген сұрақ қойылып, зерттеу 
жұмысымыздың мазмұны соларды шешуге бағытталды [152]. 
Ой мен тілді дамыта оқытуға байланысты «Ұлттық аударма бюросы» 
қоғамдық қорының «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша дайындалған Дейл 
Х.Шунктың «Оқыту теориясы» атты еңбегінде: «дауыстап ойлау – оқушылардың 
қандай да бір тапсырманы орындау барысында өз ойларын, әрекеттерін, 
сезімдерін сыртқа шығаруы. Ойды дауыстап айтуды немесе вербалдауды 
зерттеушілердің таспаға жазып отыруы түсіну деңгейін анықтауға көмектеседі. 
Яғни бұл тәсіл респонденттерден ойды дауыстап айтуды талап етеді. Көп оқушы 
сабақта дауыстап ойлауға әлі үйренбеген. Осыған байланысты зерттеушілер 
олардың еркін білдіруі үшін бар мүмкіндікті жасауы қажет» деп түсіндіреді 
[153]. Осы орайда берілген пікірмен келісе отырып, бастауыш сынып 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда дауыстап ойлаудың маңызының 
жоғары екендігін алға шығарамыз. Алайда мектептердегі оқыту үдерісінің 
жаңаруы әдіс-тәсілдер мен педагогикалық технологияларды тиімді пайдалануды 
жүйелі ұйымдастыру қажет болады. Бізге логикалық амал-тәсілдер арқылы 
бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың жүйесін 
дайындау жолға қойылады. 
Қандай педагогикалық теорияларды қарастырсақ та, олардың жүйесін 
жасауға авторлар тек практикалық тәжірибелерді жинақтау, талдау, қорыту 
жолымен ғана келмегенін байқаймыз. Көп жағдайда белгілі бір әдіснамалық 
көзқарастар тұрғысынан келген. Осындай ізді басшылыққа ала отырып, оқыту 
барысында бастауыш сынып оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту 
әдістемесінің өзіндік болмысын философиялық-танымдық тұрғыдан анықтауға 
және ойлау мен сөйлеудің ерекше табиғатын тануға алдыңғы орын береміз. 
Таным теориясының оқушыларды оқыту әдістемесіне негіз болуында 
екіжақты қажеттілік бар. Оның бірі – таным теориясы теориялық ойлаудың 
ерекшеліктерін танытар болса, екіншісі таным теориясының заңдылықтарын 
оқыту үдерісімен байланыстырып, оқушыларға жаңа әдістерді дағдыландыру 
үшін керек. 
Білім алушыда қандай да бір ұғым қалыптастыру, шындығында әр сабақтың 
көздейтін мақсаты. Дидактика ұғымды қалыптастыруды ойлауды дамытумен 


85 
байланыстыра қарастырған ғалымдар еңбектері белгілі (Э.В.Ильенков, 
А.М.Матюшкин, Д.Пойо т.б.). Оқыту әдістемелерінде «ұғымды қалыптастыру» 
деген түсінік болғанымен оның нақты жолдары талданып көрсетілген еңбек 
жоқтың қасы. Өйткені, ұғымды қалыптастыру үшін, ұғымды танып алудан 
бастау алу керек. Ал көп әдістемеліктерде «түсінік беру» мен «ұғым 
қалыптастыру» дегенді синоним ретінде қолдану етек алып кеткен. 
Барлық рухани қызметтің жекелеген бөлшектері, қарапайымнан бастап, 
теориялық ілім түріне дейін, таным қызметі барысында алынып отырған 
объектінің мәнін түйсінуге жетелейді. Оның сыртқы эксплициттік формасын 
ұғымның логикалық формасы білдіреді. Оқытудың әдіснамалық бастау 
көздерінің бірі ретінде қарастырылатын логикалық негіздерінің анықталуы, 
сонда, «оқушылардың барлық деңгейінде ойлау мен сөйлеуін дамыту» 
ұғымының логикалық негізі бола алады. 
Қазақ тілі мен математиканы оқыту барысында логика ілімін негіз етудің 
көзі ретінде соңғы жылдары педагогикадағы логика заңдарын дербес немесе 
жекелеген пәндермен байланыстыра оқыту тәжірибелері алынып отыр. Бұл ретте 
А.Жапбаровтың «Логиканы қазақ тілін оқытуда қолдану» монографиясын [84,б. 
19], Н.Құрманованың «Логика және оны қазақ тілін оқытуда қолдану» 
әдістемелік құралын [85,б. 56] және Д.Рахымбектің математикадан 
«Оқушылардың логика-методологиялық білімдерін жетілдіру» [83,б. 74] 
әдістемелік құралын атауға болады. Алайда, бастауыш сыныптағы пәндерді 
оқыту барысында логиканы қолдану туралы әдістемелік құралдарда мәселеге 
дербес зерттеу нысаны қойылмай келе жатыр. 
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы мен сөйлеу тілін дамыта оқытуда 
олардың жүйелі ойлауы, ойларын белгілі бір теориялық пайымдаулар мен ой 
қорыту түрінде жеткізе алуға дағдыландыру – маңыздылығы дау жоқ мәселе. 
Әрине, оқушылардың ойы мен тілін дамыта оқыту деген мәселе оқыту әдістемесі 
үшін жаңалық емес. Десек те, логиканың мүмкіндіктерін қолдануды арнайы 
қарастыру арнайы әдістемеде орын алмаған. 
Дамыта оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының ой мен тілін 
дамыта оқытуды неден бастап, қалай бастап, логика туралы қандай білім 
мазмұны арқылы дамытып жүргізу үлгісін дайындауға мүмкіндік беріледі (сурет 
26). 
Сурет 26 – Логикалық білімді ұйымдастыру үлгісі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет