Онтуганова шынар шералиевна



Pdf көрінісі
бет69/94
Дата13.04.2024
өлшемі6.99 Mb.
#498564
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94
11.04.2023.disser

«Ой қорытындысы» тақырыбында индукциялық және дедукциялық ой 
қорытындыларының мазмұны мен формасы түрлі жақтан қарастырылады. 
Индукциялық ой қорытындылары – құбылыстар мен нәрселердің арасындағы 


142 
себепті байланыстарды анықтау үшін қарапайым әдістерді қолдана отырып 
баяндалуға тиісті. Мысал ретінде қолданылатын ондай материалдарды химия 
мен физика, математика мен биология, тарих пен өзге де пәндер ашқан ғылыми 
жаңалықтарды логикалық тұрғыдан талдай отырып түсіндірген жемісті болмақ. 
Индукциядағы қарапайым әдістер арқылы себепті байланыстарды анықтау 
мақсатымен жүргізілетін оқыту үдерісіндегі эксперименттердің ерекше маңызы 
бар. 
«Дәлелдеу теориясының логикалық негіздері» тақырыбында тікелей, жанама 
дәлелдеулер мен бекерлеу тәсілдерін сипаттайтын формалардың, жалпы 
ережелердің мән-жайы баяндалады. Онда тәсілдерді мектепте оқыту үдерісінде 
қолданып отырудың жолдары түсіндіріледі. Әсіресе оқушылардың ғылыми 
көзқарастарын қалыптастыруға дәлелдеу мен оларды негіздеу әрекеттерінің 
рөліне ерекше тоқталып, ұстаздардың лекторлық қызметі мен үгіт-насихат 
ісіндегі маңызы баса көрсетіледі.
«Гипотеза» (жорамал) тақырыбын оқыту оның жалпы сипаты мен құрылу 
тәсілдерін талдап түсіндіріп, ғылым мен оқыту үдерісінде қолдануын 
жорамалдардың расталуы мен бекерленуін әр түрлі мысалдар арқылы 
қарастырылуы көзделген. 
«Логиканың оқу үдерісіндегі рөліне» тақырыбында бастауыш мектептегі 
оқу-тәрбие жұмыстарында логика пәнінің атқаратын рөлі туралы көшпелі-
тәжірибелі сабақ ұйымдастырылады. КТС-та бастауыш мектеп оқушыларының 
логикалық ойлауын дамытудың амал-тәсілдері сөз болып, бастауыш мектеп 
оқушыларының ойлау жүйесін дамытудың жолдары қарастырылады.
Бастауыш мектеп мұғалімдерімен жүргізілген сабақтарының үлгі 
жоспарлары әзірленді. Біз ғылыми-әдістемелік семинарда келесі оқыту 
формаларын қолдандық (кесте 30): 
Кесте 30 – Оқыту формалары мен ерекшеліктері 
Оқыту формасы 
Мақсаты мен ерекшелігі 
Тренинг, 
коучинг
- қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді 
біліктер мен даідыларды игеруге бағытталады; 
- үйренудің ең тиімді жолдарын игеру. 
Семинар 
- тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі; 
- қатысушылар теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды 
практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады; 
- тақырыпты жан-жақты зерттеу арқылы білімін бекітеді.
Пікірталас
- қатысушылардың аудиторияда немесе шағын топ ішінде нақты бір 
мәселе бойынша өзіндік көзқарастарымен, пікірлерімен алмасып, 
оларды дәлелдеп, өзге позицияларымен толықтыру әрекеттері;
- таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын, 
қандай да болмасын мәселе бойынша қарама-қарсы пікірлерді келтіру 
арқылы ақиқатқа жету әдісі. 
Рөлдік ойындар 
- қатысушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселені 
солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді «өз қолдарымен» жасауды 
меңзейтін оқу/үйрену әдісі. 


143 
Қорыта келгенде, ғылыми-әдістемелік семинарда мұғалімдер: бастауыш 
мектеп оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы мен тілін дамыта 
оқытуда олардың тапсырманы өздігінен ізденіп орындауы, дұрыс ой қорытынды 
жасауына бағыттап, ойлау қабілетін дамытып, ғылыммен айналысуына ынта-
ықыласын туғызады; белсенді ізденіс тудыруға ынталандыратын тапсырмалар, 
танымдық қажеттіліктерді өтеу үшін ойлау амалдарын пайдалануды талап ететін 
әрекеттер нәтижесінде жаңа, бұрын белгісіз білімді ашады; ойлау дағдыларын 
қалыптастыру тапсырмасының белгілері: мәселенің болуы және оны дәлелдеу 
талаптары, шешу үшін ғылыми таным әдістерін қолдану, нәтижесінде жаңа 
білімдермен және іс-әрекет тәсілдерімен жұмыс істеп, оларды орындайды; 
семинар барысында орындалатын тапсырмалар белсенді ойлау іс-әрекетін 
тудырады және өткізілген тренинг, коучинг, рөлдік ойындар, интеллектуалды 
шоу барысында мұғалімдердің ойы мәселелерді шешуге бағытталып, дербес 
кәсіби құзыреттіліктері дамиды.
Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған «Логика элементтерін 
бастауыш білім беруде қолдану» тақырыбындағы ғылыми-әдістемелік семинары 
аяқталған соң мынадай қорытынды шығарылды: егер бастауыш мектеп 
мұғалімдері логикалық амал-тәсілдерді бастауыш мектеп оқушыларының ой мен 
тілін дамыта оқытуда қолдануға әдістемелік білімдерін қалыптастырса, онда 
мұғалімдердің білімі мен біліктілік сапасын арттырып, тереңдетуге қолайлы 
жағдай жасайды.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті деңгейін біз бастапқы кезеңде 
анықтаған болатынбыз. Алынған диагностикалық тапсырма нәтижелері 
бойынша оқушыларда талдау, салыстыру және жалпылау сияқты логикалық 
ойлау амалдары төмен деңгейде қалыптасқанын көрсетті.
Олай болса, қалыптастырушы кезеңіндегі алдымызда тұрған келесі бір 
кезең: логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту мақсатында «Логикалық 
сауаттылық» атты факультативтік курсын ұйымдастыру. 
Осыған байланысты бастауыш мектептің 3-ші сыныптарына арналған 
«Логикалық 
сауаттылық» 
факультативтік 
курсын 
ұйымдастырудың 
бағдарламасы түзілді.
Сондықтан арнайы әзірленген бағдарламаның мақсаты – математика 
сабағында логикалық амал-тәсілдерді қолдану арқылы бастауыш мектеп 
оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту. Сол арқылы бастауыш сынып 
оқушыларының тиянақты білім алып, біліктілігі мен дағдыларды 
қалыптастыруды мақсат етіп қоя отырып, оларды ойлау мен сөйлеуге үйрету, өз 
бетінше білімдерін толықтырып, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен қаруландыру, 
алған білімдерін теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешуге саналы түрде 
қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту. Бастауыш мектеп 
оқушыларына жүргізілген бұл курста мынадай міндеттер анықталды: 
- бастауыш мектеп оқушыларының логикалық амал-тәсілдер арқылы ойы 
мен тілін дамыта оқыту; 


144 
- бастауыш мектеп оқушыларына ұғым қалыптастыру, пайым және дұрыс 
ой тұжырым жасау және дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру; 
- бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытып, ойлау және 
сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. 
- теориялық білімді тәжірибеде, талдау үдерісінде қолдана білу. 
Арнайы түзілген тапсырмалар сипаттамаларына үш құрылымдық 
компоненттер кіреді:
- логикалық амал-тәсілдермен байланыстыру үшін қажетті ойлау іс-әрекеті;
- тапсырмаларда қолданылатын математикалық білім мазмұны;
- ойлау амалдары арқылы шешуге тиісті мәселе ұсынылған мәтіндер мен 
тапсырма түрлері.
Ұсынылған мәселелерді шешу кезіндегі ойлау іс-әрекетті сипаттау үшін 
бастауыш мектеп оқушылары қолданатын ақыл-ой міндеттерін көрсете отырып, 
дағдылардың келесі топтары анықталады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет