7
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Елімізде бүгінгі таңда қоғамда, жеке әлеуметтік
өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер болашақ ұрпаққа білім беру жүйесінде
жаңа да күрделі талаптар қоюда. Оқушы тұлғасының ақыл-ойын жетілдіруде
білім беруді сапалылығына, озық дамуға бағытталған педагогикалық ғылым мен
тәжірибедегі жаңа идеяларды ұсыну, оны жүзеге асыру, оқушыларда білім-
біліктер жиынтығын қалыптастырумен ғана шектеліп қоймастан, баланың
бойындағы белсенді, өз бетінше ойлай білетін, шығармашыл, ақыл-ойы жетілген
тұлғалық мүмкіндіктерді дамытуға бағытталған нақты әрекеттердің болуын
талап етеді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «... жеке
адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру,
даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» - деп беріледі
[1]. Ендеше бәсекеге қабілетті ұлт, ұлттық сана-сезімі мол, жан-жақты, ақыл-ойы
дамыған, білімді ұрпақ қалыптастырудағы іс-әрекеттерге басымдық берудің
қажеттілігін көрсетуде.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму
жоспарындағы жалпыұлттық басымдық, сапалы білімге байланысты:
«Оқушылардың ойлау дағдыларын қарапайым деңгейден (білу, түсіну,
қолдану) жоғары деңгейге дейін (талдау, синтездеу, бағалау) қалыптастыру
маңызды» – деп ел дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адам капиталын
дамыту бағыттарын көздейді [2]. Демек, мемлекет білім беру жүйесінде ақыл-ой
әрекеттерінің нәтижелілігі мен дамыту деңгейін көтеруді қажет етіп отыр.
Себебі, бүгінгі Қазақстанның даму кезеңінде ғылым мен білімнің өзара
байланысы, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басты
қозғаушы күші болып отырғандығы анық.
Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31
қазандағы №604 бұйрығы): «Бастауыш білім берудің мақсаты: білімді
функционалдықпен және шығармашылықпен қолдана білу, білім алушы
тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына сын тұрғысынан ойлай алатын,
коммуникацияның түрлі тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды меңгеру,
топпен және жеке жұмыс істеу сияқты кең ауқымды дағдылар негіздерін
меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы
білім беру кеңістігін жасау, оқытудың, тәрбие мен дамытудың біртұтастығын
қамтамасыз ету» деп көрсетілген [3]. Аталған міндеттерді жүзеге асыру
мектептің бастауыш сатысынан басталады. Бұл тұстағы бастауыш білім берудің
мақсаты бастауыш жасындағы баланың ойы мен тілін дамыта оқытуда
бағдарламалық субъективті идеяларды туындатып, сол арқылы бастауыш білім
тәжірибесінде оқушының ойы мен тілін дамытуды міндеттейді.
Олай болса, бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны,
құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, қазіргі заманғы
8
тәсілдер қажет. Байқап отырғанымыздай, заманауи тәсілдерді бастауыштағы оқу
мазмұны мен бастауыш мектеп оқушыларының жас және психологиялық
ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Бастауыш мектеп жасындағы ойлау – бала дамуының негізгі құралы. Ал
баланың ойы мен тілін дамытуға әсер ететін логикалық амалдар (талдау,
жинақтау, салыстыру, жалпылау, логикалық пайымдау тізбегін құру, гипотеза)
мектеп бағдарламасының пәндері бойынша білімді ойдағыдай меңгеруге қажетті
танымдық құралдар болады. Ендеше бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен
тілі дамып, қалыптасуы үшін қоғамның жаңа талаптарына бағытталған
логикалық амал-тәсілдерді құрал ретінде пайдаланудың маңызы жоғары.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты
ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды.
Білімнің әрбір бөлігі оқушының ақыл-ойын, тілін дамытуға септігін тигізе
отырып, олардың ойлау жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс.
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығына
байланысты ой мен тілді дамыта оқыту пәндегі берілетін білім бойынша
нақтылана түсетіні белгілі, бастауыш сыныптарында оқытылатын «тіл және
әдебиет», «математика және информатика», «жаратылыстану» білім
салаларының пәндерінде қарастырылады.
Біз философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерді зерделеу
барысында көптеген ғалымдардың, зерттеушілердің еңбектері осы мәселені
шешуге бағытталғанын аңғардық. Теориялық еңбектерді зерделеу нәтижесі
философия, психология мен педагогика ғылымдарындағы ой (ойлау) мен тіл
(сөз, сөйлеу) мәселесінің ғылыми бағыттарының қырларын ашуға мүмкіндік
берді. Атап айтсақ:
-«ой
мен тіл» туралы тұжырымдардың дамуы және ғылым
терминологиясына «логика» ұғымының енуі Аристотель [4], Демокрит [5],
Анаксогор [6], Сократ [7], Гераклит [8], Парменид [9], шығыс даналары Әл-
Фараби [10] және Ибн-Сина [11], Омар Хаям [12] еңбектерінде зерделенеді,
жаңару кезеңінің ойшылдары Томас Гоббс [13], Р.Декарт [14], Дж.Локк [15], П.
Николь, Арно [16], Спиноза [17], Кант [18] және орыстың ойшылы
Л.В.Рутковский [19], қазақ ойшыл-зиялылары Ж.Баласағұн [20], А.
Құнанбайұлы [21], Ш. Құдайбердиев
22
, С. Торайғыров
23
, М.Ж.Көбеев
24
,
А.Байтұрсынов [25
, М.Дулатов [26], М. Жұмабаев [27
және т.б. ой мен тіл,
ойлау мен сөйлеуді философиялық және педагогикалық тұрғыдан тереңінен
зерттегендігі, тұлғаның ақыл-ойын, ашылмаған мүмкіндіктерін дамыту жайлы
идеялар, құнды ой-пікірлер келтіргендігі анықталды. Бұл аса көрнекті
тұлғалардың ойлаудың танымдық қырын ашатын пікірлері ойдың
құндылықтарды дамытуға ықпал ететіндігіне айғақ бола алады.
Қазіргі философиялық зерттеулер тұрғысынан біздің тақырыпқа қатысты
ой-пікірлер мен көзқарастар Ә.Нысанбаев [28], С.Б.Бөлекбаев [29],
Ә.Тұрғынбаев
[30],
Т.Есімханов,
Д.Раев
[31],
Н.Иманқұл
[32],
Қ.М.Мұхамбетқалиев
[33],
Т.Ғабитов
және
Р.О.Ысқақованың
[34]
9
зерттеулерінде келтіріледі. Бұл еңбектерінде ғалымдар логикаға байланысты
айтылған пікірлерді сараптап, «логика» терминіне кеңінен талдаулар жасалған;
-«ой мен тілдің» психологиялық мәні, функциялары және тұлғаны
дамытудағы оның маңызы жайлы С.Л.Рубинштейн [35], Л.С.Выготский [36],
П.Я.Гальперин [37], А.Н.Леонтьев [38], Б.П.Есипов [39], В.Ф.Паламарчук [40],
П.И.Пидкасистый [41], А.В.Усова [42], С.А.Шапоринский [43], С.И.Якиманский
[44], И.М.Сеченов [45], И.П.Павлов [46], Ж.Аймауытов [47], Г.А.Уманов [48],
Қ.Б.Жарықбаев [49], М.Мұқанов [50], Т.Тәжібаев [51], Ә.Алдамұратов [52],
С.Бапа [53], Ж.И.Намазбаева [54], С.М. Жақыпов [55] және т.б. ғалымдардың
еңбектерінде талданады;
- оқу үдерісіндегі тұлғаның ой мен тілді дамыту саласындағы дамыта
оқытуды әдіснамалық, дидактикалық тұрғыдан дамытқан В.В.Давыдов [56],
Л.В.Занков [57], Д.Б.Эльконин [58], Б.Г.Ананьев [59], Т.С.Сабыров [60], Р.М.
Қоянбаев [61], А.Жапбаров [62], Н.Құрманова [63], А.Е. Жұмабаева [64]
А.Тұрғынбаева [65] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде дамыта оқыту
тұжырымдамасын негізге алынады;
- бастауыш мектеп оқушыларын дамытуда әдіснамалық, технологиялық,
дидактикалық
және
әдістемелік
аспектілері
Ш.Х.Құрманалина
[66],
К.А.Аймағамбетова [67], С.Р.Рахметова [68], А.Е.Жұмабаева [69], Ә.С.Әмірова
[70], Т.Қ.Оспанов [71], Қ.А.Сарбасова [72], Ж.Т.Қайыңбаев [73], Г.И.Уәйісова
[74], А.Б. Ақпаева [75], А. Тұралбаева [76], М.Ермекбаев [77] және т.б.
зерттеулерінде көрініс тапқан;
Пәндік білімдерді оқыту барысында оқушылардың логикалық білімдерді
өздігінен ұғынуы қиынға соғады. Сондықтан оқушыларды ғылыми танымның
әдістерімен, логикалық амал-тәсілдерімен таныстырудың жолдарын анықтауды
қажет етеді.
- Логикалық амал-тәсілдердің маңыздылығы мен оны оқытудың қажеттігі
туралы Д.В.Вилькеев [78], Л.Я.Зорина [79], Ж.Икрамов [80], Р.Г.Лемберг [81],
И.Я.Лернер [82], Д.Рахымбек [83], А.Жапбаров [84], Н.Құрманова [85] өз
еңбектерінде ерекше атап өткен;
- Бастауыш мектеп оқушысының логикалық ойлауын дамытуды
қарастырған Я.А.Коменский [86], Л.С.Выготский [87], В.А.Сухомлинский [88],
К.Д.Эльконин [89], А.А.Люблинская [90], А.М.Матюшкин [91], Л.Ю.Огерчук
[92], А.Есназар [93], Л.М. Искакова [94], және т.б ғалымдар өз зерттеулерінде
оқу үдерісінде белсенді әсер ететін факторлардың ішінде жетекші рөл
оқушының ойлау қабілетіне тиесілі екендігін нанымды түрде көрсетеді.
Бастауыш білім беру жүйесін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы
зерттеулердің, оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дамыту мәселелеріне деген
жалпы қызығушылықтың барына қарамастан, бастауыш мектеп оқушыларының
ойы мен тілін дамытуды нәтижелі етуде:
- логикалық амал-тәсілдердің бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен
тілін дамыта оқытуда тиімділігі мен бастауыш білім беруде логикалық амал-
тәсілдердің ғылыми-дидактикалық тұрғыдан жүйеленбеуінің арасында;
10
- логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы
мен тілін дамыта оқытудың мүмкіндіктері және осы тұрғыдағы тәжірибелік
әдістер мен амалдардың қолданылу әлеуетінің жоқтығы арасындағы қарама-
Достарыңызбен бөлісу: |