Білім беру мазмұны - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, педагогикалық адаптацияланған білім, іскерлік, дағдылардың, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен эмоционалдық-жігерлік қатынас тәжірибесінің жиынтығы немесе жүйесі.
Оқыту әдістемесі мына мәселелерді зерттейді:
1) мақсаттары (не үшін оқыту керек?);
2) мазмұны (нені оқыту керек?);
3) ұйымдастырылуы (қалай оқыту керек?);
4) құралдары (ненің көмегімен оқыту керек?);
5) оқыту кезінде оқушылардың білімді меңгеру деңгейі, ақыл-ойының дамуы мен тәрбиеленуі арасындағы ұштастық мәселелері. Бұл проблемаларды шешу мектепте тәрбие мен білім берудің жалпы мақсаттарын белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |