Қазақ тіліндегі жалғау түрлерін оқыту ерекшеліктері туралы жазыңдар.
Мәтінмен жұмыс жасау туралы мәліметпен, үлгісімен танысыңдар. 5 сыныпқа арналған мәтін таңдап, жұмыс түрлерін құрастырыңдар.
Орыс мектептерінде қазақ тілін жүргізу мұғалімдерден үлкен жауапкершілікті талап етеді.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сабақтың тақырыбына сай нақты міндет қою - мұғалімнің шеберлігі. Өйткені оқушыларды терең әрі жүйелі біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білім алуына дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімге ой салып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Мәтінді оқып, оны өз бетінше меңгеруі әдіс- тәсілдердің тиімділігіне байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.
Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең негізгі жұмыс түрлерінің бірі - сабақта мәтінмен жүмысты ұтымды үйымдастыру. Көбінесе мәтіннен оқушылар алғашқы ақпаратты ғана алып жүр. Тиімдісі қосымша материалмен танысуы. Бірақ та оқушылар оқу үшін қосымша материалдардың болмауынан, мұндай мүмкіндікке қолдары жетпей қалуы мүмкін. Ол үшін өз тәжірибемде оқушыларға бір нәрсені оқуға берердің алдында оқылған мәтін негізінде құрылған жаттығуларды орындауды тапсырамын. Мысалы, өз бетімен оқу, жұптаса оқу, топта немесе сынып бойынша төменде берілген сұрақты талдау.
Сұрақ қойғанда жабық сұрақтардан гөрі ашық сұрақтардың қойылғаны тиімді.
Бастауыш сыныпта:
- Әңгіме кім жайлы болды;
- Кім не істеді;
- Мәтіндегі кейіпкерлер мен заттар қандай екен;
- Кейіпкерлер жайлы пікірлерің қандай;
- Сендер нені өзгертер едіңдер;
- Басқа оқушылар үшін олардан сұрақтар дайындауын сұрау.
Жоғары сыныпта:
- Олардың көзқарастары бойынша мәтіннің негізгі жағдайы қандай:
- Не жаңа болды немесе таңқалдырды;
- Олар немен келіспейді;
- Сіздің қойған сұрағыңызға жауап табу;
- Оқушылар қойған сұраққа жауап табу;
Тапсырманы орындаудың алдында оқушылардың мәтінді кем дегенде екі рет оқып шығуын талап ету кернек. Бірінші оқығанда жалпы идеяны тауып, анықтап, бөлімде қандай мәселенің көтерілгенін білу үшін олар мәтінді тез оқып шығуы мүмкін, ал екінші рет мұқият оқиды. Алған мәліметті талқылаудың алдында қайтадан ойланады. Мәтінмен жұмыс сабақта өтілетін әр түрлі жүмыстардың жиынтығынан құралады
Менің оқушыларым үшін мәтін қиын болса, мен не істеймін?
Өз тәжірибемде шешімін былай таптым:
Мәтінді оқу: дауыстап оқу-оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі оқушылар бірінің қатесін бірі естіп түзетіп отырады.
іштей оқу - бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау.
Мәтінді қарап шығып, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін табу сұралады. Содан соң сол сөздердің мәнін көршісінен сұрасын. Әлі де анықталмаса сынып бойынша талқылауға болады. Егер де сынып болып бұл сөздерді білмесе, онда мұғалім көмекке келеді. Бұл INSERT әдісімен іске асырылғаны.
Мәтінді оқып, төмендегідей белгілермен белгі қойып отырады.
«V» - бұл маған белгілі;
«+» - бұл мен үшін жаңа;
«?» - түсінбедім;
«!»- өте қызықты, ол туралы сыныптастармен әңгімелесуім керек.
Мазмұнына қарау: мәтінде қарастырылған бөлімнің негізгі идеясы қандай, нені білгенін айтады. Олар мәтіндегі негізгі тірек сөзден бастайды. Тәжірибе барысында «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны пайдалы болды. 10 шақты тірек сөзді айтады. Одан кейін мұғалім өзі дайындаған түйінді сөздерімен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келетін сөздері көп болса, сол жеңеді.
Миға шабуыл: оқушылардың қиын бөлімді түсінулері үшін, мәтінді оқудың алдында миға шабуыл жасап алған тиімді. Сұрақ: «Бұл бөлім не туралы деп ойлайсыңдар?» Осылайша оқушылар бір – бірімен сөздік қорларымен және білетін мәліметтермен ой алмасады.
Сұрақ қою: өз көзқарастарымен сұрақ құрастырып, оған ойланып жауап нұсқаларын ұсынады. Жауаптарын тексеру үшін қайтадан миға шабуыл жүргізуге болады.Сұрақтарды Блум таксономиясына салу.
Оқығанды айту: бөлімді сынып алдында дауыстап оқу, тоқтап мазмұнын және мәтіннің мәнін талдау.
Достарыңызбен бөлісу: |