Опабекова Гүлзия Жүрсінқызы Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға психологиялық әсері



бет2/2
Дата13.06.2016
өлшемі428.06 Kb.
#131809
түріДиссертация
1   2

Экспериментіміздің үшінші кезеңінде біз педагогикалық-психологиялық тренингтер жүргізу арқылы тұлғалық ерекшеліктер, яғни, өзіндік бағалауға әсер етуші жағымды қасиеттерді дамыту көзделді.

  • сәлемдесу;

  • менің бойымдағы «жақсы» және «жаман» үш қасиет;

  • 5-9 сынып оқушыларының жеке тұлғасын дамытуға арналған тренинг

Кесте-11 .5-9 сынып оқушыларының қарым-қатынас деңгейінің көрсеткіштері (N-90)





Эксперименттен кейінгі кезең

Көрсеткіш-тер

Бақылау топ

Оқушы саны




Эксперименттік топ

Оқушы

саны


1

2

3



43 %

20 %


26 %

45

1

2

3



78 %

48 %


37 %

45

Эксперименттің бұл кезеңінде біз екінші кезеңде жүргізілген әдіс негізінде парақтың оң жағына «жақсы», сол жағына «жаман» қасиеттеріңізді тізіп жазуын сұрадық. Бұған 3 минут уақыт берілді.

Мақсаты: Өзімізді, басқаларды танып білу, бойымыздағы жаман қасиеттерді жойып, жақсы қасиеттерді асыру болып табылады. Тренинг барысында төмендегідей сұрақтар талданды.


  1. Қандай қасиеттеріңізді көп жаздыңыз?

  2. Қайсысын өзіңіз көбірек таптыңыз?

  3. Осыған дейін осы жайлы ойланып көрдіңіз бе?

  4. Бұдан былай жиі есіңізге түсіріп отырасыз ба?

Келесі тренинг атауы «Жұдырықты аш».

Сыналушыларға мынадай нұсқау берілді: жұптаса бөлініңіздер. Жұптағы біреу жұдырығын қатты жұмады. Екінші адам оны ашуға тырысады. Қолды немесе дененің кез келген жерін ауыртуға болмайды. Кейін ойыншылар орындарын ауыстырады. Күш көрсетпей қолданған амалдар талқыланады: келісім сөздер, өтініштер

Жоғарыда жүргізілген тренингтер қортындысын біз төмендегі кестеде ұсынып отырмыз:
Кесте- 12.Тұлғааралық қарым –қатынасқа қатысты жағымды қасиеттер көрсеткіші (N-90)





5 сынып

9 сынып

Көрсеткіштер

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ

Қайырымдылық

34 %

56 %

36 %

49 %

Сергектік

45 %

59 %

37 %

43 %

Талапқойғыштық

46 %

58 %

21 %

48 %

Асқақтық

18%

39 %

35 %

49 %

Адамгершілік

29 %

37 %

41 %

39 %

Ілтипаттылық

28%

49%

43%

56%

Қорыта келе, оқушылардың өзіне қатынасы, яғни, өзіндік бағалауы қалыптасуына қарым-қатынастың әсері бар екені дәлелденді және оның жағымды, жағымсыз қалыптасуына тұлғааралық қарым-қатынастың үлкен мәні бар. Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық тренингтер арқылы оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынаста жағымды атмосфера құрып, әрбір мүшесінің өз әлеуетін толығымен пайдалану мүмкіндігіне ие болатындығын айта аламыз. Мұндай жағымды жағдайлар тұлға өзіндік бағалауына да оң әсер етеді де, адекватты түрі көрініс берері сөзсіз. Тренинг нәтижесінде тұлға өзінің ішкі жан дүниесіне бағдарлана отырып, өзінің тұлғааралық қарым-қатынасқа түсу барысында бойында кездесетін кемшіліктерін қабылдап, оны түзету мақсатында қарай бағдарланары сөзсіз.

Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынаста коммуникативті тренингтерді пайдалану, жеткіншектердің өзіне, ересектерге деген жағымды қатынас орнауына оң әсерін тигізеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жаһандану жағдайындағы ғылыми-техникалық бетбұрыстар кезінде тұлға құрылымын психологиялық тұрғыда жаңа сипатта қарастыруда талап етіп отырғаны белгілі. Осы орайда, өзіндік сана компоненттерінің бірі өзіндік бағалау тұлға дамуы барысында құрылады. Өзіндік бағалау біртіндеп әлеуметтік тәжірбиені меңгеру процесінде қайта құрылып, тұлғаның өзіндік санасын қалыптастыра отырып, оның құрылымына кіреді.

Психологиялық әдебиеттерде көрсеткендей, өзіндік бағалау дегеніміз тұлғаның өз орнын бағалауы болып табылады. Әрине, психология ғылымында өзіндік бағалау жеткілікті түрде қарастырылған. Дегенмен өзіндік бағалауға оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың әсері әлі де толық қарастырылмаған.

Жалпы алғанда өзіндік бағалау арқылы тұлғада өзіне сенімділік нығая түседі. Тұлға кез-келген іс-әрекетте өз мүмкіндігін толық пайдаланып, өзінің күшіне деген сенімділігі артады. Өзіндік бағалау тұлға өмірінде маңызды бола отырып, оның өзі туралы ойлануы, өзінің жақсы және жаман жақтарын айқындау мәселесі туындайды.

Тұлғаның өзіндік бағалауы әлеуметтік институттардың ықпалына әрдайым кезігіп отырады. Бұл жағдай тұлғаның адаптация процесінде дифференциялданатынын көрсетті. Біз зерттеу жұмысымызда жеткіншектік кезеңдегі оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынастың өзіндік бағалауға әсері бар екендігін анықтап отырмыз.

Эксперименттік бөлімде педагогтың, анасының және өзіндік бағалаулары

салыстырмалы талданып, статистикалық талдауы берілді.

Өзіндік реттелу механизмдерінің жеткіншектердің мінез-құлқын реттеудегі рөлі жоғары болып табылады. Тұлғаның өзіндік бағалауы мінез-құлықты реттеудің ішкі факторы болып саналады. Жеткіншектердің мінез-құлқын өзгертуге бағытталған өзіндік бағалау олардың өзіне деген қатынастарына әсер етеді де, өзіндік бағалаудың өзгерістерінде көрінеді.

Тұлғаның өзіндік бағалауы күрделі құрылым ретінде анықталып, неғұрлым өзіне деген сенімділік жоғары болған сайын, оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынаста жағымды эмоциялық қатынас артады. Оқу-тәрбие процесіндегі тұлғааралық қарым-қатынаста адекватты өзіндік бағалау орнықса, онда үйлесімді тұлға дамуға мәнді әсер етеді.

Біздің зерттеулеріміздің негізінде сонымен қатар, тұлғаның жүйкелік психикалық дамуының бұзылуы олардың өзіндік бағалауларында көрініс беретіндігі анықталды. Кейбір зерттеулерде психикалық даму ауытқуларының кешенді коррекциялау мәселесі ұсынылады. Мұндай зерттеулер баланың қалыпты психикалық дамуын қамтамасыз етуде рөлі ерекше болып табылады.

Тұлға әрдайым әлеуметтік ортаның ықпалында болады. Әлеуметтік институттегі жағдайлар белгілі бір дәрежеде психикалық дамуды қамтамасыз етеді. Керісінше оның дамуына кері ықпалын да тигізеді. Осы орайда, баланың қалыпты психикалық дамуын тікелей бақылау, оны бүгінгі күнгі жаңа зерттеулер негізінде жүзеге асыру қажетті жағдайлардың бірі екені сөзсіз.

Жеткіншектік кезеңде олар өздерінің ішкі жан дүниесіне, өзіне ден қоя бастайды. Оның үлкендердің педагогтардың, жолдастарының, онымен жұмыс істейтін мамандардың пікірлердің нәтижесінде өзіндік бағалау қалыптасады.

Мінез-құлық тәсілі процесінде өзіндік бағалаудың пайда болуы және мұнымен байланысты іс-әрекеттің туындауына байланысты мәселелер тұлғалық құрылымынан тәуелді болады. Жалпы алғанда жеткіншек тұлғасы өмір барысында пайда болады да, қоршаған ортамен өзара қатынаста белгілі бір қызмет атқаратын тұтас психологиялық құрылымға иеленеді.

Жалпы педагог-психолог жұмыс жасағаннан кейін жеткіншектердің өзіндік бағалаулары жоғарылайды. Өйткені, бұл кезде бала өте қиын кезеңдермен қарама-қайшылықтарды басынын кешеді. Есеюге ұмтылу, өз орнын табу, өз пікірін дұрыс деп санау ішкі дүниесін ашуға ұмтылу кезеңі.

Жеткіншектің өзін сәйкес келмейтін бағалауларының негізгі себебі олардың саналы түрде өздерінің келешектерін көргісі және мойындағысы келмейтіндігі емес, керісінше жеткіншектердің оларды көретін жағдайының, басқа адамдардың дұрыс әсерінің жоқтығына байланысты болып келеді.

Оқушының өзіндік төмен бағалауы оқу тапсырмалары орындаудағы қиындықтарды сезінген, пәндердің бір қатарынан үлгірмеген, жолдастарымен дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмаған, ата-аналары балаларын түсінбеген және т.б жағдайларда пайда болады.

Зерттеу жұмысымызды қорытындылвй келе төмендегідей қорытынды жасаймыз:



  1. Жеткіншектік кезең қарым-қатынаста сензитивті кезең болып табылады;

  2. Өзіндік бағалау әлеуметтік орда диференциациаланады және қоршаған ортаға тәуелді болып келеді;

  3. Оқу-тәрбие процесінде қарым-қатынас тренигтері арқылы өзіндік бағауға әсер етуге болады;

  4. Тренингтер арқылы жеткіншектердің өзіндік сенімін күшейту жағымды қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Осы кезде педагог-психолог мен педагогтар дер кезінде оқушылармен тиімді жұмыс жасаса, онда оқушылардың өзіндік бағалаулары төмендемей өзіне деген сенімділік туады, алдыға мақсат қойып, оған ұмтылуға тырысады. Егер әркім өзінің кем немесе қолы жеткен табыстарын дұрыс бағалай алса, осының өзі бұдан дұрыс корытынды жасап, алдағы кезде өзінің ісін одан әрі жақсартуға мүмкіндік беруі төмендейді. Сондықтан тұлғааралық қарым-қатынас барысында жеткіншектердің өзіндік сенімі мен өзіндік бағалауларын дұрыс қалыптастыруда психологиялық қолдау болуы басты шарттардың бірі болып табылады.

Жұмысымыздың теориялық және эксперименттік бөлімін қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстар ұсынамыз:


  1. Оқу-тәрбие процесінде педагогтар мен жеткіншектер арасында жағымды қарым-қатынас орнатуға ерекше мән берілсе;

  2. Қарым-қатынас арқылы өзіндік бағалауға әсер етуде жеткіншектердің өзіне сенімділігі күшейтілсе;

  3. Мектеп педагогикалық ұжымында жағымды психологиялық ахуал құрылса;

  4. Педагог-психолог қарым-қатынасты дамыту бойынша педагогикалық-психологиялық тренингтер кешенін әзірлеп, оны өткізуге ерекше мән берілсе;

  5. Мектеп педагог-психологтары мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін арнайы педагогикалық-психологиялық тренинг сағаты бөлінсе.

Диссертация тақырыбы бойынша жариялаған еңбектер тізімі
1.Тұлғаның кәсіби өзіндік санасы мен өзіндік анықталуы.

// «Жас ғалымдардың жинағы» Қорқыт Ата атындағы Қызылорда

мемлекеттік университетінің 75 жылдыққа арналған (баспада).//

2.Тұлғааралық қарым- қатынастағы өзіндік бағалау ерекшеліктері.

//«Жаңа форматизациядағы педагогтарды даярлау мақсатында

инновациялық технологияларды оқу тәрбие үрдісіне енгізу

мәселелері» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік

конференциялардың материалдары. І том.-83-88 б.

Шымкент-Мәскеу,2012//


Опабекова Гульзия Журсиновна

Психологическое влияние меж личностей коммуникации к самооценке в учебно –

воспитательном процессе

6М010300-«Педагогика и психология»

Подготовлен для получения звания научно-педагогический степень магистра
Цель исследования: теоретический исследовать и делать эксперименты на психологическое влияние меж личностей коммуникации к самооценке в учебно - воспитательном процессе

Задачи исследования:


  1. Теоретический анализировать особенности самооценки и коммуникации в науке

  2. Делать эксперименты на психологическое влияние меж личностей коммуникации к самооценке в учебно - воспитательном процессе

  3. Подготовить результаты эксперимента, заключении.

Объект исследования: особенности самооценки у подростков

Предмет исследования: психологическое влияние меж личности коммуникации к самооценке в учебно - воспитательном процессе .

Научный прогноз исследования: если разбивать коммуникацию между индивидами с помощью педагогических и психологических тренингов, тогда это адекватно влияет на формирование самооценки в учебно – воспитательном процессе

Методы исследования: теоретически анализировать педагогическую и психологическую литературу согласно с проблемой исследовательской работы.

Следующие методы были использованы, чтобы определить уровень коммуникации.



  • Методология Р.Ф.Ряховского для определения уровень коммуникации;

  • Методология М.Снайдера для оценки самого себя в коммуникации;

  • Анкетирование.

Применяются следующие методы для определения самооценки:

  • Проективный метод «Дом.Человек.Дерево.» для определения особенности эмоции подостков

  • Самооценку подростков можно опрделить методом ступенькаи самооценка.

  • Еще были использован метод статистического анализаи коэфицентый анализ Пирсона

Научная новизна исследования:

-определено, что межличностная коммуникация влияет на самооценку в учебно- воспитательном процессе

-систематизация психо – педагогических тренингов в учебно-воспитательном процессе

Практическая значимость: результаты исследования можно использовать в диагностике самооценки личности, чтобы преодолевать трудности, в вузах, консультировать родителей.



Заключении для защиты:

  1. Самооценка индивида в процессе адаптации различается и будет зависеть от природы.

  2. Если коммуникация развивается с помощью педагогических и психологических тренингов, тогда самооценка развивается тоже в учебно-воспитательном процессе

  3. Самооценка являясь сложной структурой помогает развивать уверенность в себя и при этом будет легче общаться с окружающими.

Opabekova Gulziya Jursinkyzy

Psychological acts of inter relations of personal to self-appraisal

in the process of teaching

6М010300-Pedagogic and psychology

It is prepared for receiving a scientific and pedagogical

Degree of the master
The aim of the research: to investigate theoretically and do experiments to psychological acts of inter relations of personals to self-appraisal in the process of teaching.

Tasks of the research:

  1. Theoretically analyze the self-appraisal and relation in psychology science;

  2. do experiments to psychological acts of inter relations of personals to self-appraisal in the process of teaching;

  3. conclude the given materials.

The object of the research: The peculiarities of self-appraisal in pupils

The subject of the research: Psychological acts of inter relations of personal to self-appraisal in the process of teaching

Scientific forecast of the research: if communication between personals is developed by pedagogical and psychological trainings, then it will help in forming self-appraisal adequately.

Used methods: theoretically analyze pedagogical and psychological literatures according to the research.

The following methods are used to define the level of communication:



  • R.F.Ryahovskii’s communication level of methodology;

  • M.Shider’s methodology in controlling yourself;

  • Interview.

Methods which used to value yourself:

  • Projective method “House. Man. Tree.” was used to define the pupils’ emotions as a self communication;

  • “Step by step”, “Value yourself” methods were used to define the peculiarities of self-appraisal of pupils;

  • Taken materials were analyzed statistically and Pirson’s correlation method was used.

The novelty of the research:

-communication between personals and self-appraisal processes interrelated with each other in education process;

-pedagogical and psychological trainings were ordered which were used in the process of communication in the system of education.

Theoretical value of the research: Theoretical value of the research is linked with enlarging of the theoretical meanings of self-appraisal and using it in the system of education.

Have done conclusions can be used in checking self-appraisals, in psychological works which were organized to overcome difficulties, in the institutes of increasing qualification and to give advice to the teachers.

Methods which were used in the theoretical and experimental pert can be used in practice, and in the courses of “Developing psychology”, and “Practical psychology” which is connected with psychology.

Suggested options for protection:

-Differentiates the person’s self - appraisal in the process of adaptation and depends on environment;

- If communication is developed by pedagogical and psychological then self-appraisal process will be widened in the teaching process.

-If person feel himself confident, communication between personals will be strongly.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет