ОЖ тағы бір маңызды қасиеттерінің бірі онда көп процессорлы өңдеуді қолдау құралдары – мультипроцессорлеудің болуы немесе болмауы болып табылады. Мультипроцессорлеу ресурстарды басқару алгоритмдерін күрделендіруге әкеледі. Есептеу үдерісін ұйымдастыру тәсілі бойынша ОЖ асимметриялық және симметриялық болып бөлінуі мүмкін. Есептеу үдерісін ұйымдастыру тәсілі бойынша ОЖ асимметриялық және симметриялық болып бөлінуі мүмкін. Асимметриялық ОЖ қолданбалы тапсырмаларды басқа процессорлар арасында үлестіре отырып, жүйе процессорлардың тек бірінде ғана орындалады. Симметриялық ОЖ толығымен орталықсыздандырылған, сонымен қатар жүйелік және қолданбалы тапсырмалар арасында процессордарды бөле отырып, процессорлардың барлық мүмкіндігін пайдаланады. ЭЕМ жіктеудің тағы бір маңызды білгілерінің бірі оларды жергілікті және желілікке бөлу. ЭЕМ жіктеудің тағы бір маңызды білгілерінің бірі оларды жергілікті және желілікке бөлу. Жергілікті ОЖ автономды ДК немесе компьютерлік желілерде клиент ретінде қолданылатын ДК пайдаланылады. Жергілікті ОЖ құрамына қашықтатылған ресурстармен қызметтерге қатынауға арналған бағдарламалық қамтамасыздандырудың клиенттік бөлігі кіреді. Желілік ОЖ ресусртарын ортақ пайдалану мақсатында желіге қосылған ДК ресурстарын басқаруға арналған. Олар ақпаратқа қатынауды, оның біртұтастығын шектеудің маңызды құралдарын және де желілік ресурстарды пайдаланудың басқа мүмкіншіліктерін ұсынады. Желілік ОЖ ресусртарын ортақ пайдалану мақсатында желіге қосылған ДК ресурстарын басқаруға арналған. Олар ақпаратқа қатынауды, оның біртұтастығын шектеудің маңызды құралдарын және де желілік ресурстарды пайдаланудың басқа мүмкіншіліктерін ұсынады. Желілік ОЖ құрамында автономды ОЖ мүлдем қажет емес байланыс желілері арқылы компьютерлер арасында хабарламалар жіберу құралдары бар. Осы хабарламалардың негізінде желілік ОЖ желіге қосылған қашықтатылған компьютерлер арасында компьютер ресурстарын бөлуді қамтамасыз етеді. Хабарламаларды жіберу функциясын орындау үшін ОЖ арнайы бағдарламалық компоненттер бар. Олар IP, IPX, Ethernet және т.б. сияқты танымал коммуникациялық хаттамаларын жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |