Жиі қолданылатын файлдарға жарлықтар құру
1 әдіс:
1. Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)
2. Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Создать ярлык
2 әдіс
1. Объектті белгілеу (файл, программа, папка және т.б.)
2. Ерекшеленген объектте тышқанның оң батырмасын басу. Отправить-Рабочий стол командасын орындау.
Жарлықтың параметрлерін өзгерту үшін тышқанның оң батырмасымен жанама менюін таңдап, Свойства командасын таңдау керек.
Жаңа папка құру
1 әдіс
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу.
2. Менюден Файл - Создать, содан соң Папка пунктін таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.
2 әдіс
1. "Мой компьютер" папкасында немесе Проводник терезесінде жаңа папка құратын папканы ашу.
2. Бос орында тышқанның оң батырмасын басу. Жанама менюден Создать – Папку командасын таңдау. Терезеде аты келісім бойынша аталған папка пайда болады. Жаңа атты енгізіп, <Enter>-ді басу.
Достарыңызбен бөлісу: |