183
– Бір амалы табылар, – деді Нұржан. Бұдан соң үшеуі
бір- дей кейін шегініп, жып-жылы
қолдарын қойындарына
тығып жіберді. ауыздарынан ұшқан бу ай сәулесінде көк түтін
болып будақтайды. Белуардан қар кешіп келді де, трактордың
табанына секіріп қайта шықты.
Әншейінде аузына маржан салғандай, қалғып, үн-түнсіз
отыра беретін Бақытжан тым-тым сөзшең болып кетті. Әлде
ішкі бір қорқынышын жасырғаны ма, әлде шарасыздықтың
торына қамалған соң, «енді бәрібір» деген тәуекелі ме? Кім
білсін. Қазір де трактор
табанына қарғып қайта шыға
салысымен екі қолын кезек сермеп: – Қар – мұхит; трактор –
кеме, үш батыр айқасқа шықты тілсіз жаумен, – деп елеуреп,
тақпақтай жөнелді.
– атаңның басы, – деді аманжан ит жыны ұстап. – аппақ
дастарқанның бетіндегі сасық қоңызбыз. Тарақанбыз
өрмекшінің торына шырмалған. Қанатын әумесер бала жұлып
алған дәрменсіз шыбынбыз. Тырбанамыз келіп, содан соң...
тырапай асамыз...
Үнсіздік
басты.
алыстан...
тым-тым
алыстан
шыңшыңдаған бір сыңсу талып жеткендей. Сол жұмбақ үнді
тек қана Нұржан естіп, елегізеді.
– апамдар тамағын ішіп баяғыда жатып қалған шығар,–
деді Бақытжан аяқ астынан мұңға беріліп.– Сендерге бекер
ердім, әкри... «Ойбай,
мына тұрған жер, шауып барып алып
келеміз», – деген соң...
– Сені қойып, өзім де өкініп отырмын, – деді аманжан
оның сөзін бөліп. Үнінде зіл, әлдекімге кіжіну бар. – Осының
бәрі Қоңқай қақбастың кесірі... Қысты күні бұл кербаққан
тұстан айыртауға асар жол жоғын сезіп едім.
– Сезсең неге айтпадың? – Бақытжан шап ете қалды. –
Сол үйден
ауылға кері қайтып кетсек, төбемізге шай
қайнатардай шошындың... Ендігі мұрнымыз шуылдап өз
отымыздың басында, сораптап сорпа ішіп отырар едік. Енді
міне... айдала, аппақ қар, қырық градус суықта бойымыз суып
бара жатқаны. – Оның көзіне тығылып жас келіп қалып еді, ол
осалдығын жасырған жоқ, кемсеңдеп қоя берді. – Құдайым-
ай, елден екі елі ажырауға болмайды екен-ау... – Оған қой деп
жұбату айтқан ешкім болмады.
Әркім өз ойымен арпалысып
отыр еді.
184
Аманжан: – Әттең, бәрі кеш,– деді тісін шықырлата
қайрап.– Бір сұмдықтың боларын жүрегім сезіп еді. Сенгім
келмеп еді сол шалға. Енді міне адалдықтан адасып отырмыз.
Әкеңнің... сол Қоңқайдан бастап, бүкіл
әлемді трактормен
таптап өтер ме едім. – Көңілі қанша пәс болғанымен,
аманжанның сөзіне еріксіз күліп жіберді Бақытжан. мырс етті
де:
Достарыңызбен бөлісу: