167
бәрібір ештеңе көре алмады. Қараңғыға көзі үйренгенде ғана
барып, сонау төменнен – жер астынан жарық сәулеленгенін
байқады. Сөйтсе, қораның ішінен қазылған жертөле бар ексн.
Шешінген
судан тайынбас дегендей, тәуекел деп жақындай
түсті. Жертөленің қақпағы ашылып, төмен түсер саты бар
екен. май шам онда да жанып тұр. Қоңқай шалдың көлеңкесі
абажадай болып көрінеді. Өзі самогон ба, сыра ма, әйтеуір,
сарғыштау сусынды, дәу ағаш шелектің шүмегінен ағызып
алып, сіміріп отыр. Байлықтың көкесін Нұржан,
осы жер
астындағы үйден көрді. адамның жанынан өзгенің бәрі бар
сықылданды көзіне. Тіпті шындап іздесе, адамның жаны да
табылар ма деп қалды. Сонда оның есіне баяғыдағы бір
ауылда естіген әңгіме оралып еді. Өзі құралпы Орынбай деген
жас жігіт, бөлімшеде есепші болып істейтін. Осы өткен жазда
өздері келе жатқан айыртаудың арғы бетінен пішен
дайындаған. Сонда әңгімеден әңгіме шығып,
Орынбай бір
сырдың шетін қылтитқан. айыртаудың асуында бір жұмбақ
шал бар екен. Өзі талай кісінің, атуға болмайтын аңның
обалына қалған жауыз көрінеді. Керек десең паспорты да жоқ.
Бірақ ешкімнен қорықпайды. Қорықпайтын себебі, оны бүкіл
аудан, облыс басшылары жақсы біледі-мыс. Білетін себебі,
әлгі шал оларды аңның терісі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз
етеді екен. Бір үлкен қызметтегі кісі аты
жаман аурудан өлгелі
жатқаңда, вертолетпен ұшып келіп, әлгі шалдың үйінде ай
жатып емделіпті... Жазылыпты. Егер шын ниет қылса, өлген
адамды тірілтіп алатын көрінеді. Әуелі... шамасы тайып,
қуатынан айрылған дөкейлер ептеп әлгіден... қоздыратын бір
пәле бар екен ғой, содан да алып тұрады дейді... Әрине, содан
соң ол шал құдайдың өзін тыңдамайды. Бірақ өзі керемет
қатыгез, қанішер көрінеді...
– «Бұл сол шал болды» – деп ойлаған Нұржан шегіне
берем дегенде, жер үйдің
ішіне жылқының тоң боп
домаланған қиын құлатып алды. Шал селк етіп, жоғары
қарады да, май шамды үрлеп сөндіре салды. Бірақ «бұл кім?»
– деп дауыстамады. Кім екені бесенеден белгілі...
Осы күні түнде Нұржан да, Нұржанды аңдыған шал да көз
ілген жоқ. Бірімен-бірі іштей арбасып, іштей атысып жатыр
еді.
168
Шал ойлады: – «Үш жігіттің ішіндегі ең қауіптісі –
Нұржан. Қалған екеуі, көзінің алдындағыны ғана көретін
дарақылау, ойлары таяз. Не істеу керек?
айыртаудан асатын
төте жол бар деп, жөн сілтеп жіберсем ғой, үшеуі де құриды.
ал айналма жолға түсірсем аман-есен жетеді. аман-есен
жеткен соң, менің бүкіл сырымды, байлығымды мұқым елге
жаяды. Жайғанына қорықпаспын, ұрлыққа түсуі мүмкін ғой.
Не істеу керек?» Жігіттер шаршап келіп қатты ұйқтап қалған
еді, таңертең жұлқылап жүріп Қоңқайдың өзі оятты. Нұржан
да әбден таң сыз бергенде көз іліндірген-ді. Орындарынан
атып-атып тұрған трактористер,
беті-қолын жумастан далаға
шықты. аппақ шағырмақ қардың ортасында меңдей болып
қарайып ДТ-54 тұр, қасқыр жемепті. моторды қыздырып,
жанармайды жылыту үшін шалдан отын сұрап еді, қарсылық
білдірген жоқ. Темір пештің үстіне бір шелек су құйып қойып,
оны да ысытып радиаторына құйды. Көп әуреленген жоқ,
тракторды әп-сәтте от алдырып, енді аттанамыз деп жатқанда,
Нұржан шалдан ендігі бағыттың ыңғайын сұрады.
– алдарыңда екі жол бар, – деді шал қабырғасын тырт-
тырт қасып.– Біреуі алыс та болса – жақын. Екіншісі жақын –
жақын да болса – алыс. Егер айыртауды айналып жүрсеңдер
өте ұзақ жүресіңдер... ал мынау бір – Үлкен Қоңқай асуы
арқылы жүрсеңдер, екі-үш сағатта іздеген шөптің үстінен
түсесіңдер. Шөпті аман-есен
тиеп алып, қайтарда айыртауды
айналып желе-жортып ауылдарыңа барасыңдар. Сондықтан
менің ақылым – үлкен Қоңқай арқылы асудан өту.
Тракторларың мықты, дендерің сау, сайдың тасыңдай жас
жігіттерсіңдер, қиындық деген не тәйірі.
Достарыңызбен бөлісу: