181
– Жанармай таусылып қалса, ертең мынау ит өлген
жерден шыға алмай, сеспей қатпаймыз ба?– деді Нұржан.
– мен де бекер сұрап отырғаным жоқ.
Осы бірдеме
айтсам, шаптарыңа шоқ түскендей, тулайтындарың не?
моторды өшірсек трактордың суы қатып қалмай ма?. Содан
соң радиа- тормен мәңгілікке қоштаса бер. ал радиатормен
қоштасқаның – өміріңмен қоштасқаның. – Бақытжан ана екеуі
аузын ашса тағы да дауласайын деп, іштей ширығып
дайындалып еді, олар үндемеді. Өйткені Бақытжанның
«таптым» деген логикасы бұлар үшін
әлімсақтан белгілі
қарапайым нәрсе. Ендеше, бас қатырып, дәлелдеп қайтеді...
Басқа ғой жандарын қинап отырған... басқа-суды ағызарлары
сөзсіз. Бірақ ертең қалай қыздырады тракторды, радиаторға
құятын ыстық суды қайдан алады?..
Шарасыздықтың торына қайта қамалып,
асығыс көтеріл-
ген айдан жылу дәметкендей телміріп біраз тұрды.
– Ура! – деді Бақытжан теріден тігілген биялайын бір-
біріне ұрып. Өзі жерге ұшып түсе жаздады.– Ура! ананы
қараңдар. От көрінеді.
Ол нұсқаған жаққа жалт қарасып еді, сол бүйірдегі
аласалау таудың иығында бір нәрсе жылтырап жанып тұр
екен. алғашында шынымен от екен деп ойлап қалған, от
болған күннің өзінде тым-тым алыста еді.
– От емес,–
деді аманжан саспай,– таудың көк
желкесінде қай ағайының қазан асып жатыр еді. Жұлдыздың
шеті. мылқау үнсіздік қайта басты. Тек ДТ-54 қана дамыл
таппай зіркілдейді. ақшарбыланған айналадан өлімнің суық
иісі сезілгендей бір түрлі қорқынышты, самсап шыққан
жансыз жұлдыз, қиналған, азап шеккен адамзат үшін
осыншалық
пайдасыздығын
сезінгендей
жасқана
жымыңдайды. Нұржан ақ түс –
сәулені тұңғыш рет өлердей
жек көрді. Бойын ептеп қорқыныш билеген. Ол осалдығын
жолдастарына сездіргісі келмеді. Сол секілді ол алғаш рет
қарнының ашқанын сезінді, жылы төсек, ыстық сорпаны
сағынды, жұтқынып барып өз әбестігін жөткірініп жасырды.
ат жалын тартып мінгеннен
бері жақсы менен жаманның, ақ
пен қараның екеу арасына шекара қойып көрмеген ұлан
өмірдің тауқыметі үлкенге де, кішіге де ортақ, бас та, жас та
талғамайтын оспадарлығын әрі әділдігін бағамдаған. Бағамдап
182
тұрып, әр нәрсе өз тұсында керемет екеніне ой көзін жіберген.
Соғысқа барып бір құлағын беріп қайтқан бригадир Қадыл
қанша рет жер-жебір, жекен суына жетіп ұрсып еді-ау. айтары
жалғыз сөз болатын:– Біз не көрмедік, жаумен алыстық.
Жамбастан сыз, аяқтан ызғар өтті. Жоқшылықтың зардабын
тарттық. Иә, біз не көрмедік.
Кейінгі жастар ғой мұңсыз-
қамсыз, күнде ойын, күнде той, еркелепесіріп жүріп жатқан.
Енді ойлап тұрса, онысы бекер, әншейін бая-шая байбалам
екен. «Біз не көрмедік? Ендеше, мына біз не көрмедік?
Ендеше, мына біз, бейбіт өмірдің сіз көзге шұқып, жазғыра
берер ерке ұлдары не көрмедік? Қайда қиындық –
сонда
жатыр. айқайлаған үнімізді естіп, кеңірдектен қар кешіп,
бойымыз суып бара жатқанын кім естіп, көріп тұр бұл
жалғанда», – деп айтқысы-ақ келді.
Достарыңызбен бөлісу: