Оразгүл хасенқызы мұхатова


БАҒДАРМАЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата24.07.2023
өлшемі0.49 Mb.
#475799
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
treatise18760

БАҒДАРМАЛАМА БОЙЫНША БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- 
ЗЕРТТЕУ/ 
ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
- магистерлік диссертация тақырыбы бойынша мұрағат құжаттарын анықтау;
- деректану, мұрағаттану, тарихнама және археографияның теориялық және 
ғылыми негіздерін қарастыру;
- Қазақстан тарихының деректерін зерттеу бойынша деректанулық зерттеулер 
жүргізу; 
- құжаттану, мұрағаттану, археография, деректану салалары бойынша ғылыми-
зерттеу тәжірибесін өткізу; 
- докторлық диссертация бойынша тақырыптық бағдарлама дайындау; 

құжаттану, 
мұрағаттану, 
археография 
және 
деректану 
бойынша 
республикалық, халықаралық жобаларға қатысу; 
- мұрағаттану және құжаттану мәселелерін кешенді түрде зерттеу, 
құжаттамамен қамтамасыз ету саласы бойынша зерттеулер жүргізу. 
 
 
Жалпы ережелері
1.1. Магистерлік диссертация дайындау бойынша әдістемелік нұсқау 
Қазақстан Республикасының «Білім беру», «Ғылым туралы» Заңдарына 
және «Жоғары білімнен кейінгі білім беру. Магистратура 5.04.033 – 2011 
ЖМББС, ҚР білім және ғылымы министрлігінің бұйрықтары мен 
нормативті актілеріне сәйкес құрастырылған. 
1.2. Бұл нұсқау «Магистерлік диссертация туралы» деп аталатын, ҚазҰУ-дың 
ғылыми-әдістемелік кеңесі 09.06.2006 ж. №9 хаттамасымен бекіткен 
ережесінің 
орнына 
енгізілген 
«Магистратурадағы 
қорытынды 
аттестацияның талаптары» атты ҚазҰУ-дың ғылыми-әдістемелік 
кеңесінің мәжілісінде 28.01.2010 ж. №3 хаттама бектіліген ережесін 
сәйкес дайындалған.
1.3. Ережеде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың магистратурасында білім 
алатындардың кәсіби оқу бағдарламасын орындаудағы дайындалатын 
диссертацияның 
құрылымына, 
мазмұнына 
және 
безендірілуіне 
қойылатын міндетті талаптар анықталған. 
1.4. Магистерлік диссертация – бітірушінің білікті кәсіби ғылыми жұмысы, ол 
магистранттың мамандыққа сәйкес өзекті мәселе бойынша ішкі бірлігі 
және таңдап алынған тақырыпты зерттеудің барысы сен нәтижелерін 


көрсететін өзіндік зерттеудерінің қорытындысы болып табылады.
1.5. Магистерлік диссертация – магистранттың бірнеше жыл бойына 
жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындысы. Магистерлік 
диссертацияны қорғау магистрді дайындаудың қорытындылаушы сатысы 
болып саналады. 
1.6. Магистерлік диссертацияның мақсаты – магистранттың ғылыми 
біліктілігінің деңгейін көрсету, оның өзбетінше ғылыми ізденіс жұргізе 
алатын, нақты ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шеше және оларды 
шешуде анағұрлым жалпы әдістер мен тәсілдерді пайдалана алатын 
қабілетін тексеру. 
1.7. Магистерлік диссертация бітірушіге мамандыққа сәйкес магистр 
дәрежесін берудің негіздемесі болып саналады. Ол магистратураны 
бітірушіні шығармашылық тұжырым жасау және ғылыми, тәжірибелік
мәселелерді шешу қабілеті бар зерттеуші ретінде көрсетуі тиіс.
1.8. Магистерлік диссертация қорғауға дейін бітіруші кафедрада плагиатқа 
тексеріліп, алдын ала қорғаудан өткізілуі қажет. Диссертациялық 
жұмыста саналы түрдегі плагиатті дәйектейтін куәгерлік болған жағдайда 
ізденуші диссертацияны қорғауға жіберілмейді және белгіленген тәртіп 
бойынша университеттен шығарылады.
1.9. Магистерлік диссертацияларды қорғау тәртібі ҚР БжҒМ нормативті 
құжаттарына және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Магистратура мен 
докторантурадағы қорытындылаушы мемлекеттік аттестацтя туралы» 
Ережесіне сәйкес өткізіледі. Қорғалған магистерлік диссертациялар 
белгіленген тәртіп бойынша университеттің мұрағатына сақтауға 
өткізіледі. 

Магистерлік диссертацияның мазмұнына қойылатын талаптар
 
2.1. Магистерлік 
диссертацияның тақырыбы кафедра мәжілісінде, 
факультеттің Ғылыми кеңесінде қаралып, оқудың алғашқы екі айының 
ішінде 
университет 
бойынша 
бұйрықпен 
бекітіледі. 
Бірауақытта 
магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысын іске асыруға және магистр 
дәрежесін алу үшін дайындалатын диссертацияға жетекшілік ететін
жетекшісі 
тағайындалады. 
Магистерлік 
диссертация 
әртүрлі 
ммандықтардың қиылысында орындалатын жағдайда ғылыми консултант 
және диссертациялық зерттеудің қосалқы жетекшісі тағайындалады.
2.2. Бітіруші 
кафедра 
ұсынатын 
магистерских 
диссертациялардың 
тақырыптары жыл сайын 30% жаңартылып отырылуға тиіс және 
магистранттарға диссертациялық зерттеулерді бітіруші кафедра бойынша 
орындалатын ғылыми жобалар, университет көлеміндегі іргелі, қолданбалы 
ғылыми зерттеу бағдарламалары шеңберінде дайындауды қамтамасыз ету 
қажет.
2.3. Магистрантқа 
магистерлік диссертацияның тақырыбын таңдауға, 
зерттеудің қажетті негіздемесімен өз тақырыбын ұсынуға құқық беріледі.
2.4. Магистратураның ғылыми және педагогикалық бағыттарында кәсіби оқу 


бағдарламалары бойынша білім алатындардың ғылыми-зерттеу жұмыстары: 
– 
қорғалатын диссертация мамандықтың негізгі мәселелеріне 
сәйкес болуы ; 
– 
өзекті, ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңызы болуы; 
– 
ғылым 
мен 
практиканың 
заманауи 
теориялық 
және 
технологиялық жетістіктеріне негізделуі;
– 
заманауи зерттеу әдістеріне пайдалана отырып орындалуы; 
– 
өзінің таңдап алған білім және ғылым саласының халықаралық 
алдыңғы қатарлы тәжірибесіне сүйенуі тиіс.
2.5. Кәсіби оқу бағдарламалары бойынша магистратураның профильді 
бағытында білім алатындардың экспериментальды-зерттеу жұмысы: 
– 
қорғалатын диссертация мамандықтың негізгі мәселелеріне 
сәйкес болуы ; 
– 
заманауи ғылым мен техниканың, өндірістің жетістіктеріне 
негізделуі және нақты тәжірибелік, басқару, сондай-ақ өзге де 
міндеттерді шешуге байланысты ұсыныстары болуы; 
– 
алдыңғы қатарлы инновациялық технологияларды пайдалану 
арқылы дайындалуы;
– 
негізгі қорғалатын тұжырымдары эксперименталды-зерттеу 
(әдістемелік, практикалық) бөлімдерінен тұруы тиіс. 
2.6. Ғылыми-зерттеу жұмысын немесе магистерлік диссертацияны дайындау 
бітірушінің бойында мынадай құзыреттіліктерінің қалыптасуына ықпал 
етуі:
– 
Ақпаратты іздеп табу, өңдеу және оны кәсіби мақсаттарда 
пайдалана білуі; 
– 
Ғылыми зерттеулерді жүзеге асырудың, кәсіби міндеттерді 
шешудің негізі бағыттары болып саналатын алдыңғы қатарлы 
жоғары білікті теориялық және практикалық білімді меңгеруі;
– 
Эмипирикалық материалды өңдеудің методологиясы мен 
әдістемесін білуі және оларды ғылыми-тәжірибелік қызметте 
пайдалана алуы; 
– 
Кәсіби білімді сыни ой елегінен өткізе және кәсіби, соның ішінде 
пәнаралық сипаттағы білімді пайдалана алуы;
– 
Ғылыми зерттеулерге немесе инновацияларға және жаңа білімді, 
әдістерді 
қалыптастыру, 
әртүрлі 
салалардағы 
білімді
интеграциялау мақсатындағы мәселелерді шешуге қажетті
маманданған машығы болуы;
– 
коммуникативті қабілеті, логикалық тұрғыда және дәйекті түрде 
өзінің ойын жеткізе алатын, командада жұмыс істей білетін
өзінің кәсіби білім мен кәсіби қызметіне үлес қосуда 
жауапкершілік арта алуы; 
– 
таңдап алған мамандығы саласындағы мәселені нақты түбегейлі 
шеше алатын қабілеті болуы; 
– 
күрделі және болжауға келмейтін, жаңа стратегиялық 
бағыттарды талап ететін ахуалды басқара және реттей алуы тиіс. 


2.7. Магистерлік диссертация мына төмендегі талаптарға сәйкес келуі тиіс: 
– 
жұмыста зерттеу жүргізілуі немесе белгілі бір ғылым саласының 
өзекті мәселесі шешілуі тиіс;
– 
жұмыс маңызды ғылыми мәселеге және оны шешуге негізделуі 
тиіс;
– 
шешімдер ғылыми негізделген және дәлелденген, ішкі бірлігі 
болуы тиіс;
– 
диссертациялық жұмыс дара, әрі дербес орындалуы тиіс. 
2.8. Магистерлік диссертацияның мазмұны дәйектелген тың факторларды, 
құбылыстарды, заңдылықтарды сипаттайтын немесе бұрын-соңды белгілі 
тұжырымдарды соны қырынан, жаңа аспектіде көрсететін материалды 
қорытудан тұруы тиіс. 
2.9. Магистерлік 
диссертацияның мазмұны ғылыми зерттеудің алғы 
шарттарын, барысын және алынған нәтижелерін айқын көрсетіп тұруы тиіс. 
Магистерлік диссертацияда кез келген диссертациялық жұмысқа тәне 
белгілері болуы тиіс. Диссертацияның мазмұнында таңдап алған 
тұжырымдамаға сәйкес дәйекті дәләлдер, талданған деректер, тұжырымды 
мәліметтер болуы тиіс. Өзіне қарсы пікірлер мен көзқарстар жан-жақты 
талданып, сыни баға берілуі тиіс. Пікір-таластық және балама, санқырлы 
көзқарастар диссертацияның элементтері болып саналуы тиіс.
2.10. Магистерлік диссертацияның мазмұнына мына төмендегі ережелер 
енгізілуі тиіс:
– 
зерттеу тақырыбының өзектілігі, теориялық және тәжірибелік 
маңызы негізделуі тиіс; 
– 
зерттеу бағыты бойынша мәселенің зерттелк деңгейі анықталуы 
тиіс; 
– 
зерттеу мақсаты мен міндеттері қойылуы қажет;
– 
зерттеудің нысаны мен пәні айқындалуы тиіс;
– 
зерттеудің таңдап алынған методологиясы мен әдістері 
сипатталуы қажет;
– 
зерттеу үрдісінің кезеңдері мен сатылары сиаптталуы тиіс;
– 
тұжырымдары түйінделіп, алынған нәтижелері бағалануы қажет;
– 
алынған нәтижелері негізделіп, дәйектеліп, ғылыми жаңалығы 
анықталуы тиіс.
2.11. Қорғауға 
шығарылған 
магистерлік 
диссертацияның 
нәтижелері 
жариялануға тиіс. Жарияланған еңбектердің минималды көрсеткіші – үш 
мақала, соның ішінде екеуі ҚР БжҒМ білім саласын бақылау комитеті 
бекіткен тізімге енген журналдардың беттеріндегі еңбек болуы тиіс. 
Жарияланымдар болып халықаралық, республикалық және аймақтық 
ғылыми конференциялардағы баяндамалар, тезистер, талдауға негізделген 
шолулар саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет