Біріншіден, студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекеті ұлттық өнер арқылы сана-сезімін оятып, тәрбие беретін, үлгі өнеге көрсететін дәрежеге көтерілуі.
Екіншіден, студенттер өз ұлтының дарынды өнерпаздары мен белгілі ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, ақыл-ой өрісін жетілдіре түседі.
Үшіншіден, студенттер үшін ұлттық өнерден дәріс берудің әдістемесін жетілдіруде, тақырып таңдауда үлкен талғам қажет.
Әсіресе, өрнек өнерінің стилизациялануын сәтті алынған тақырып, студенттердің көңілін өзіне бірден аударады, олардың шығармашылық ой пікірлерінің өркен жаюына жағдай жасайды.
Осылайша, қазіргі кезеңде ұлттық өрнек өнерінің әдістемелік жүйесін жасауда алдымызда тұрған міндеттер өте көп және әртүрлі.
Ұлттық өнердегі өрнек өнерін оқытып үйретудің әдістемелік жүйесінің жасалу жолдары мен сол өнерге студенттердің қандай үлес қосатынын, қандай әдістемелік тәсілдермен баратындығын бағдарлайды.
Сонымен, біз студенттердің бейнелеу өнері пәнінде ұлттық өрнек өнерінің шығармашылық дамуын, оқытып-үйретуде шығармашылық стилизациялаудың белгілі бір ерекшелігі іздестіру саласының салыстырмалы белгісіздігіне және олардың дамуының көпнұсқалы болатындығын анықтадық. Дегенмен, кез келген өрнек элементтерінің шығармашылық ойлау құрылымы үш құрамнан тұрады. Оған образды ойлау әрекетінің ұғымдық, ұқсастық (теориялық) образды (көрнекілік) және шығармашылық іс-әрекет өрнек элементтерінің өзара байланысы жатады.
Ұлттық мәдени мұрамыздағы өрнек өнерінің стилизациялануы, жанрлық формалардың дамуы, өзгеруі, жаңғыруы туралы әлі айтылмаған пікірлер, жасалмаған тұжырымдар баршылық. Фольклор мен ұлттық қолданбалы қолөнері, оның ішінде өрнек өнеріне байланысының өзі қат-қабат. Қазіргі ұлттық өрнек өнерінің жанрлық формасына әдеттегі еуропалық өнермен бағалау қиын, одан гөрі өрнек өнерінің стилизациялануын жаңа жанрлық форма деп тану ақиқатқа жақын келеді.
Жалпы ұлттық өрнек өнерінің көркем шығармашылығы өз ішінде түлемей, түрленбей, ілгерілемей тұрмайды. Ал сол, түрлену дегеніміз – көркемдік даму ықпалымен болса, онда ондай өзгерістер (шығармашылықтар), сөз жоқ, қандай өнер болса да ұлттық өнерден басталады.
Әрине бұл пікірді біз зерттеп отырған өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың жан-жақты ашу үшін оны басқа өнер түрлерімен салыстырмалы тұрғыда көрсету (ұқсастығын, сабақтастығын, үндестігін т.б.) зертеу жұмыстарының құндылығын арттырмаса, кемітпейді.
Осыған орай ұлттық өрнек өнерінің атқарар міндеті ең алдымен сурет, бейне жасау, адамның көңіл-күйімен өнерге деген ынта-жігерін білдіру, жер, су, табиғат құбылыстарын адамның шығармашылық әрекеттерімен шынайы жеткізе білу, жалпы өрнек өнерінің қалыптасуы, белгілі нормалы сипаттарға ие болуы, халықтың өнеріндегі әлеуметтік бетбұрыс жағдайларға байланысты.
Біз білім жүйесіндегі мемлекеттік тұжырым концепциясын сөз еткенде, осы уақытқа дейін жинақталған өрісі әлемдік, берісі отандық озық ғылыми-педагогикалық тәжірибелерді жатсынбаймыз. Біз қазақтың дәстүрлі тәлім-тәрбиесі мен ғылыми-педагогикалық төл ізденістеріне айрықша мән береміз. Сондай-ақ, білім сатыларының сабақтастығы мен білім мазмұнын пәндік жүйеге негіздеу арқылы, жалпыға бірдей міндетті орта білім саясатының мемлекеттік деңгейінде шешілуін мойындаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |