Организационно-педагогические условия развития профессиональной компетентности будущих учителей изобразительного искусства в процессе изучения специальных дисциплин



бет12/45
Дата08.06.2024
өлшемі1.32 Mb.
#502435
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Конференция журнал,,

Әдебиеттер:
1. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Республикалық мұғалімдер съезінде» жасаған баяндамасы.
2. Молоков Ю.Г., Молокова А.В. Актуальные вопросы информатизации
3. Образования //Образовательные технологии: Сб. науч. ст. Вып.1./Под ред. И.М. Бобко. Новосибирск: СИОТ РАО, 1997, с.77-81.
4. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования// Под ред. Е.С. Полат.-М., 2000.
5. Е.Қ. Балапанов, Б.Б. Бөрібаев, А.Б. Дәулетқұлов. «Жаңа информациялық технологиялар. Информатикадан 30 сабақ» 242-380 бет, 2003 жыл.
6. Г.К. Абдрашева «Информатика: Оқу құралы»-Астана, 2007 жыл. 298-302 бет.
7. Д.Ш. Матрос, Д.М. Полев, Н.Н. Мельникова. Управление качеством образования на основе новых информационных технологий; М:; 2001; 30-33 бб.
8. Дистанционное обучение: Учебное пособие для вузов /Под ред. Е.С. Полат. – М., 1998
9. Васильева И.А., Осипова Е.М., Петрова Н.Н. Психологические аспекты применения информационных технологий // Вопросы психологии. 2002, №3


Ж.Ш. Балкенов
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор
Ж.Ә. Кожиков
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
аға оқытушысы
СТУДЕНТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАДАҒЫ ӨРНЕК ӨНЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА БАУЛУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазіргі кезеңде студенттерге өрнек өнерінде шығармашылық іс-әрекетке оқытуды қалыптасқан оқу процесіне ауналдыруды мазмұнды педагогикалық жүйесі мен моделдік құрылымын қажет етеді [1]. Сондықтан да соңғы кезеңдердегі ғылыми-педагогикалық концепция ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықты оқытуда теориялық білім берудің түрлі принциптерінде қарастырады.
1. Ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықта ұсынылған теориялық деңгейлерді әрбір пәнде қарастыруды көздейді. Сол себепті әрбір пәннің ерекшелігі мен аралық байланыстың мазмұндық ерекшеліктері ескеріліп отырады [2].
Бірінші деңгейде өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа оқытудың үлгілі жоспары бойынша теориялық моделдік негізі анықталады. Студенттерге өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетті меңгерудің моделін жоспарлы түрде ұсына отырып қарастыру. Бұл деңгейде өнер түрлері сарапталып оларды өткізудің мазмұны мен мүмкіншіліктері жүйеленеді [3].
Нәтижесінде студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың жоспарлары жасалады.
Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқыту әрекеті моделінің бірінші деңгейі өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық құрылымды анықтау, яғни көркем шығармашылықтағы ерекше мазмұнды жүйені қалыптастыру.
2. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың екінші деңгейі ұсынылған әрбір өрнек тақырыбындағы негізгі көркемдік мазмұнды ашу болып табылады. Бұл деңгейдегі негізгі мақсат өрнектерді көркем образдың өрнек элементтерімен сәйкес келуі, яғни шығармашылықты оқытудағы бағдарламаның жасалуы.
3. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытуда үшінші деңгей көркемдік материалдың ерекшеліктерін қарастырады. Яғни, үшінші деңгейдің моделдік әрекеті өрнек өнеріндегі көркемдікті қабылдаудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру, көркемдік әрекеттердің жаңа аспектілерін жетілдіріп дамыту [4].
Жоғарыда аталған үш деңгейде студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың теориялық моделі жасалынып, көркем шығармашылықтың ұғымы ғылыми-педагогикалық жүйеде қалыптасады. Жалпы, көркем шығармашылықтың негізінің танымал 3 белгісі бар: көркемдік ой, ойды көркем өңдеу, көркем ойды іске асыру. Ал жоғарыда аталған әрбір деңгейлердегі көркем шығармашылық әрекеттеріндегі ерекшеліктер белгілі бір кезеңдерде әсерлі мазмұндық қажеттіліктер пайда болады.
Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықтың даму кезеңдерінің бірінші көрінісі – көркемдік ой. Көркемдік ойдың ролі студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекет нәтижелерінің көрінісі. Өрнек өнерінде кез-келген көркемдік ойлау, өрнектегі образды қабылдаудан басталады да шығармашылық әрекетпен аяқталады. Ал өрнек өнеріндегі шығармашылық әрекеттің негізгі бөлімі – көркемдік шешім қабылдау. Өрнек өнерінде көркем шығамашылыққа оқытудың теориясы мен практикасында көркемдік таным белсенділігінің үш деңгейі бар: репродутивтік демеу, көркемдік ізденушілік және шығармашылық. [4,5].
Репродуктивтік деңгейде өрнек өнерінің көркемдік танымы дайын үлгі арқылы жүзеге асырылады. Түсіндірмелі-көрнекілік көркем шығармашылыққа оқыту әдістемесінде осы тұрғыдағы ғылыми-педагогикалық ақпараттарды қабылдау жағдайында өтеді [6]. Яғни, студенттер бірінші деңгейде аталған өрнек өнерінің теориясы мен әдіснамалық іс-тәжірибені жетілдіре отырып көркем шығармашылықтың негізін дамытады [7].
Көркем шығармашылық әдіс – студенттерді өрнек өнерінде дайын үлгі бойынша емес, жаңадан қалыптасқан көркемдік әдіс-тәсілдердің негізінен шығармашылық іздену жұмысын жүргізу. Осы кезеңде өрнек өнерінде көркем шығармашылық ойлау қалыптасады.
Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытуды көркем-графика факультеттеріндегі оқу жоспарларында өнерге үйретудің мазмұны моделдік негізде ұсынылады [8].
Жалпы алғанда, өрнек өнері арқылы көркем шығармашылыққа даярлау жүйесін моделдеуге белгілі бір мақсатты шарттар келесі талаптарға жауап беру қажет:
1. Өрнек өнерінің көркем шығармашылық мақсаты, өрнектің көркемдік сипатын анықтайтын теориялық білімдер көлемімен қоса шеберлікті жете меңгеруді қарастырады. Сондықтан студенттердің өрнек өнеріндегі шығармашылық әрекеттердің барлық түрлерінде арнайы білім мен іскерлікті дамытатын тапсырмалар алуы керек.
2. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмалардың мазмұны студенттерге түсінікті болып, оларға шығармашылық қызығу туғызатын көркемдік жағдайлар жасауы қажет. Көркемдік жағдайдың негізі студенттердің өздерінде бар білімдер мен көркемдікті шешу тәсілі арасындағы қайшылықта болуы керек.
Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмаларды моделдеудің бұдан басқа да маңызды шарты - өрнек өнерін көркемдікпен стилизациялаудың көп варианттылығы болып табылады.
3. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырма студенттерге тәжірибе жинақтау, оны қайталап ой елегінен өткізу стилизацияланатын өрнектердің аналогтары мен ұқсас түрлерін талдау және көркемдік шешімнің ұтымды варианттарын таңдау мүмкіншіліктерімен байланысты шығармашылық әрекеттерді өрнек құрылымына енгізуі керек.
4. Студенттерді өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық іс-әрекетке оқытуда өрнек тақырыптарын таңдауға және графикалық, көркемдік материалдарға ерекше талаптар қойылады. Бұл талаптарға өрнектің көркемдік қызметі мен өрнек формаларының шығармашылық мүмкіндіктерін көркемдікпен стилизациялау түрлерін меңгеру, үлгілерді ұсыну мен арнайы тапсырмалар беру кіреді.
5. Өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық тапсырмалар студенттердің теориялық білімдерінің жоғары сатысына сай келеді, сондықтан да білім мен іскерлікті өрнек өнерінде көркемдікті табуға пайдалана білуі керек. Бірақ та студенттердің өрнек өнеріндегі көркем шығармашылық әрекеттері жекелеген элементтерді стилизациялау ертерек кезеңдерінде де кездесуі мүмкін.
Өрнек өнеріндегі осындай тапсырмалар түрлерін олардың көркемдік бағытына қарай жекелеп қарастырайық. Бірінші деңгейге кіретін барлық тапсырмалар көркемдік образы толық емес өрнек түрлерін берілген тақырып бойынша графикалық моделдеу, яғни коп вариантты көркемдік әрекет (комбинаторлық) таңдауға мүмкіндік береді. Екіншіден, өрнек өнерінде ұсынылған көркемдік тапсырмаларды әр түрлі өрнек элементтерінің жекелеген бөлімі үшін графикалық іскерлікті қалыптастыру, бекіту және алған білімді жаңа жағдайда қолдау мақсатында пайдалануға жағдай жасады. Студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқыту барысында қалыптасатын көркемдік ойлау сапасы, одан күрделі деңгейлердегі көркем шығармашылық тапсырмаларды шешу барысында қолданылады. Сонымен қоса, өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықты меңгеру техникалық іскерлік пен арнайы мақсат қойылатын іс-әрекеттердің элементтері бар тапсырмалар жатады.
Біздің пікірімізше, ұлттық өрнек өнеріндегі көркем шығармашылықпен оқытып-үйрету, әдіс-тәсілдерін қалыптастыруды шартты түрде мынадай төрт топқа бөлуге болады:

  • нақтылы шығармашылық іс-әрекеттің құрылымын сипаттайтын;

  • нақтылы шығармашылық іс-әрекеттің әдістемесін ашып көрсететін;

  • оқытудың көркем шығармашылық пайымдауын және оған деген қабілетті дамытуға байланыстар;

  • студенттер өрнек түрлерінің жекелеген элементтерін таба білу әдістемесіне өрнек мазмұнына арналғандар;

1. Студенттердің өрнектерді стилизациялау процесінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуіміз керек:
а) идеяны сезіну және негіздеу студенттерге өрнек өнеріндегі бұрыннан белгілі көркемдік әдіс-тәсілдерді қайталап келіп, жаңа ерекшеліктерді меңгеру қабілетін дамытумен ерекшеленеді;
ә) өрнекті стилизациялауды образды қабылдау мұнда өрнектерді стилизациялау түрлі көркемдік әдіс-тәсілдер арқылы іс жүзінде асырылдаы. Студенттер өрнектердің тақырыптарына қатысты түрлі образдарды күрделендіре түсіп, оның мақсатын, шартын, көркемдік ерекшелігін анықтау әрекеті қалыптасады;
б) өрнектерді (белгілі тақырып бойынша), стилизациялауға практикалық жұмыс істеу студенттердің ізденімпаздығы, нақтылы шығармашылыққа ұлысып, жаңа өрнек күрделі көркемдік пен стилизация пайда болады. Яғни, өрнек өнерінде шығармашылық қалыптасалды.
2. Өрнектерді стилизациялауда образдың (көркем ойлаудың) айқын көрініс тапқан нәтижесі болады, бірінші кезеңде ол, ойға қонымды, ұғымды және қабылданған идея тапсырма болып табылады; екіншісінде – идеяны іс-тәжірибе жүзінде іске асыру мүмкіндігіне дейін жеткізу; үшіншісінде – образды ойды шығармашылықпен шешімді талдау және дамыта түсу.
3. Өрнектерді көркем шығармашылықпен стилизациялаудың әрбір кезеңіндегі процестердің, оның нәтижесінің ықпалы тиген ерекшеліктері болады.
4. Студенттердің түрлі өрнектерді стилизациялауда щығармашылық іс-әрекеттерге кірістіріп қосуды, олардың шығармашылыққа даярлығы мен интеллектік белсенділік деңгейін ескере отырып, көркем шығармашылық процестің әрбір дара кезеңінде жүзеге асыруға болады.
Алайда осы аталған дәлелдеулер, көркем шығармашылық процесс деп шығармашылықтың толық циклін, яғни қажеттіліктің көрініс табу сәтінен бастап (өрнек элементтерінің образды стилизациялауын сезіну және идеяны қабылдау), оны шығармашылық іс-әрекетке асырғанға дейінгі жоғарыда аталған барлық негізгі төрт кезеңі қабылданған жағдайда ғана іске асыруға болады. Бұл студенттердің алған теориялық білімі мен шығармашылық қабілетін педагогикалық пратикада іске асыруға өте қажет.
Ұлттық өнердегі өрнек өнерінің шығармашылық дамуын студенттердің шығармашылық іс-әрекетке процеске деген елеулі түрдегі ынта-ықылас, қазіргі кездегі ұлттық өрнек өнерінің танымдық қызметін қалыптастыру және осы мақсатта көркем шығармашылықты меңгерудің проблемалық әдістемелерін кеңінен қолдану арқылы көрініс беруде [9, 10, 11]. Ұлттық өрнек өнерінің бейнелеу өнеріндегі басқа жанрлардан басты айырмашылығы оның өзіндік бейнелеу әдісі (метод) атқаратын қызметі, көркемдеу тәсілдері мен құралдары бар. Мәселен, өрнек өнерінің негізгі көркем шығармашылық әдісі романтикалық дәріптеу (идеялизация) мен күрделі көркем жинақтау (типизация) болып табылады. Рас жинақтау әдісін біз стилизация деп дәлелдейміз. Себебі стилизация - әрбір өрнектің даралығы деген сөз. Олай болса өрнек өнерінде әрбір өрнек элементінің көркем стилизациялануы – қайталанбас тұлға, образ.
Мәдени-этникалық білім студенттерге, бәрінен бұрын мынадай қасиеттерді: жеке маман иесінің серіктігін, шығармашылық ойдың байсалдылығын, қарым-қатынастардың байланысын, сезімдердің тез өзгеруін қалыптастырады.
Өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа студенттерді оқытудың моделі өрнек өнерінде көркем шығармашылыққа қойылатын талаптарды орындау тәсілдерін білу ғана емес, оған қоса көркемдік ойлау қабілетінің ерекшеліктерімен, образды өрнек элементтерін ойша моделдей білуді анықтайды. Бәрінен бұрын бұған себеп интеллектуальді ойлау жағына талаптың туу және шығармашылық қабілеттің өсуі, яғни образды өрнек өнерін ойша моделдеуге дағдылануы, өрнек формаларын өзгертуге және осы образдарды игеру барысында көркемдікпен елестетуге қалыптасуы.
Соңғы кезеңдерде ғылыми-педагогика саласының екпінді дамуы ұлттық өнер дәстүрінде, білім беру саласының күрделенуі, оқыту материалдарының әдіс-тәсілдерінің жаңаруы, оқытудың ғылыми әдістемелік, жаңа шығармашылықтардың пайда болуы, әртүрлі мамандық саласындағы аса мол қуаттардың шоғырлануы, мұның барлығы студенттерге өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетті, ғылыми әдістемелік, шығармашылық деңгейінде оқыту талап ететін даусыз.
Болашақ мамандар бұл талаптарға сай келуі үшін жоғары оқу орындарында кәсіби білімді, көркем шығармашылық іс-әрекеттің танымдық және іс-тәжірибелік мәселелерін моделдейтін жоғары кәсіптік білім беру стандарттары арқылы көлемді теориялық және іс-тәжірибелік жаңа оқыту әдістемелерін іздестіруді қажет етеді.
Соңғы жылдары студенттерді өрнек өнеріндегі шығармашылық іс-әрекетке оқытудың теориясы мен практикасын зерттейтін педагогикалық еңбектер шыға бастады.
Педагогикалық зерттеулер нәтижесінде теориялық әдіснамалық негіз қаланды (В.В.Краевский, В.Оконь, М.Н.Скаткин, Н.Д.Хмель), студенттердің кәсіби бағытталуын қалыптастырудың педагогикалық негіздері қалыптасты (Л.А.Ивахнова).
Бүгінгі кезеңде ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету анықтап айтсақ, шығармашылық іс-әрекеттердің түрленуі, жанрлық пайымдаулық құрылымының соны мүмкіндіктерін іздеп табуға деген танымсыз әрекет, толассыз қарбалас еңбек қажет.
Халық мұрасындағы ұлттық бейнелеу өнерін тану ғылымының осал буыны, жете зерттелмеген объектісі ұлттық ою-өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің шығармашылық танымының қалыптасуы.
Студенттерге қазіргі ұлттық бейнелеу өнерін оқытып, үйрету бағдарына назар аударғанда, көркемдік формалардың баюын, шеберлік әрекеттердің (бейнелеу, ажарлау, әсерлеу, құбылту, даралау, айшықтау, жинақтау т.б.) көркемделуін атау қажет. Сондықтан да өрнектердің стилизациялануы мен түрлі реңктердің танымдық үлгілері, шығармашылық әдістемелік тұрғыда талдана отырып дамуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет