31
|
Бояу қолданғанда жоғалуы
|
_
|
|
_
|
_
|
_
|
_
|
+
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
+
|
_
|
+
|
32
|
Бояу кез-е жаңа образ пайда болуы
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
+
|
_
|
_
|
33
|
Сым сияқты иілу сызығын қолдану
|
+
|
+
|
_
|
+
|
+
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
_
|
+
|
_
|
_
|
+
|
Мысалы, № 45 мектепте 2-сынып оқушыларының ертегіге иллюстрация салған жұмыстарын зерттеу жолдарында айқын байқалады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісіне иллюстрация салған жұмыстарының композициялық шешімдерінде екі фризді, жұмысқа қарағанда бір фризді шешім басымырақ. Бір фриз дегеніміз - бір сызықтың бойында бейнелеуді білдіреді.
Жұмыстардың жалпы барлығы дерлік мағыналы байланыста жақсы келтірілген. Бірақ оқушылардың ішінен перспектива элементін қолданғандары шамалы. Ертегідегі басты кейіпкерге көбінесе мысық бейнесін алған. Біраз шығармашылық жұмыстың композициялық шешімдерінде, мысық шағын ғана және құйрығы шолақ қылып салынған. Бұл 6 -7 жас шамасындағы балалардың суреттерінде кішкентай бөлшектерді көп салатындығын дәлелдейді. Сонымен қатар оқушылардың ертегіні қызығып, мұқият тыңдағандары байқалады. Жұмыстардың ішіндегі ерекше шешімдер:
Мысалы, Оралханның композиция шешіміндегі ерекшелік, артқы фонда үйдің ішкі көрінісін бейнелегенде, сол жақта ұлттық сандықтың үстінде, әр түрлі түстегі төр көрпелер жинақталып салынған. Алдыңғы жоспарда - оң жақта қатықты төккен шолақ құйрықты ызаланған мысық көрінісі бейнеленген. Ал, оң жақтағы мақта қыз екі бүйірін таянған қалпында, мысықтың кесіп алған құйрығын ұстағаны бейнеленген. Жерде сыпырғыш жатыр, жалпы сурет дәптерінде ашық жер қалдырылмай, күлгін түске боялған. Осы композициялық шешімде, мақта қыз өзінің шартын айтып жатқаны анық байқалады.
Гүлімнің суретінде, мұңайған мысық бейнесі айқын көрініп тұр. Бұл жұмыста бір сызық бойында екі көрініс суреттелген. Талдың шартын естіген мысық және он жақ шетке қарай шелек ұстаған екі қыз бейнеленген. Төменгі жақ жасыл түспен біркелкі боялған, оның үстіне қанық түспен боялған гүлдерді салған.
Нұрболдың жұмысында, оң жақта қоңыр ұзын, қара мұртты ашуланған мысық қатықты төгіп жатыр, ал оң жақ шетте тұрған суырмаға мақта қыз қайшы алуға бара жатыр, бұл әрекетте қолды алдыға созған қимылы және суырма жаққа адымдаған аяқ алысы көрініп тұр. Жұмыстың орта тұсында диван, екі жақ шетінде орналасқан терезелерде сары перделер ілінген, айнала ақшыл көк түске боялған.
Ақеркенің композиция шешімінде, сурет дәптерін ерекше көлденең алған. Оң жақ бөлігінде көк түспен боялған, үйдің төменгі жағында ойылған тесікке тышқан қорқып, кіріп бара жатқаны бейнеленген. Сол жақтағы мысықтың кейпі: «тез дән алып шық» дегендей суреттелген.
Қорыта айтқанда, әлемдік білім беру жүйесі ХХІ ғасырда жаңарып, жаңа бағытта дами бастағаны бәрімізге белгілі. Мұндай зерттеу барысында дайындалған теориялық қағидалар мен зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған мәліметтер келесідей қорытынды мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Қазіргі жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сыныптарда тәрбие мен оқу үрдісін жетілдіруде, оқушылардың бейнелеу өнеріндегі композиция шешімдерінің ғылыми – психологиялық және педагогикалық ерекшелігін зерттеуге назар аудару орынды да, қажет. Қазақ халқын, оның мәдениетін дүние жүзі мойындауы үшін ұлтымыздың тілін, дінін, салт-дәстүрін, ұлттық өнерін бағалай білуіміз керек. Денсаулығы мықты, білім деңгейі жоғары оқушыдан ғана болашақта білікті маман иесі шығады.
Әдебиеттер
1.Н.Н.Ростовцев. Методика преподавания изобразительного искусства в школе, М.:-Агар, -1997,
2. С.А.Аманжолов. Бейнелеу өнерін оқыту технологиясы, Астана, ЕҰУ, 2006
Достарыңызбен бөлісу: |