Ортаның химиялық құрамы.
Микроорганизмдер
тіршілігінде ортаның химиялық құрамының маңызы зор.
Бұлай болатын себебі ортада микроорганизмдерге
қажетті заттармен бірге, зиянды
улы заттардың да болуы
мүмкін. Олар клеткаға еніп, цитоплазмамен байланысып,
осыньің нәтижесінде
микрорганизм клеткасының
тіршілігін жойып жібереді.
Бұл заттардың улылық әсері ерітінді концентрациясы
мен ерітінді температурасына,
олардың әсер ету
мерзіміне және микроорганизмдердің түріне
байланысты. Әлсіз ерітінді микробтар тіршілігін өршітуі
де ықтимал, ал күшті ерітіндіде микроорганизмдердің
тек вегетативті
денелері ғана қырылады,
концентрациясы күшті ерітінділер спораларды да
қырып жібереді. Белгілі бір химиялық қосылыстың өзі
әр түрлі микробтарға түрліше әсер етуі мүмкін.
Кейбір
металдар ерітіндісі белгілі бір микробтарды қыра
алатын болса, қалғандарына тіпті әсер де ете алмайды.
Микроорганизмдер тіршілігін жоятын улы заттардан
ауыр металдардың тұздарын (сынап, күміс т. б.) атап
өтуге болады.
Сонымен қатар, ауыр металдар (күміс,
мыс, мырыш т. б.) және хлор, йод, сутек пероксиді,
мырыш қышқыл калий, күкіртті газ, күкіртті қышқыл,
көміртек
тотығы және көмір қышқыл газы, спирттер,
органикалық қышқылдар және басқа да заттар иондары
да микроорганизмдерге күшті әсер етеді.
Практикада
бұл заттарды
Достарыңызбен бөлісу: