Орындаған: Бауыржанқызы альфия Тобы: тпп206 Қабылдаған: Алтенов А. Микроорганизмдерге әсер ететін жағдайларды (факторларды) негізінен үш топқа бөлуге болады: физикалық, химиялық және биологиялық факторлар


Күн сәулесінің өзі бірнеше құрам бөліктен тұрады



бет5/8
Дата11.03.2022
өлшемі0.98 Mb.
#456166
1   2   3   4   5   6   7   8
микробиопрактика (Al” (копия)

Күн сәулесінің өзі бірнеше құрам бөліктен тұрады

  • Бұлардың ішінде ультракүлгін, күлгін және көк бөліктерінің әсері күшті. Ультракүлгін сәуле тура түскенде микроорганизмдер тез қырылады. Бұл сәуленің осындай әсері суды, сүтті, тағамдық басқа да заттарды және аздап бөлмелерді залалсыздандыруда (стерилизация) тұрмыста кеңінен қолданылады. Ультракүлгін сәуле микроорганизмдердің тек вегетативтік клеткаларын ғана емес, спораларьш да қырады.
  • Ультракүлгін сәуленің мұнымен қатар кемшілігі де бар. Ол залалсыздандырылатын заттардың терең қабатына өте алмайды. Олардың беткі жағындағы микробтарды және спораларын ғана жоя алады.

Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде радий және рентген сәулелері микроорганизмдердің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ал, ол радий және рентген сәулелерінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кетсе микроорганизмдер қырыла бастайды. Осының керісінше, кейбір микробтарға белгілі бір мөлшерде осы сәулелермен әсер еткенде, клеткасындағы май, нуклеин қышқылдары, антибиотиктер және витаминдердің мөлшері арта түседі. Мұны қазіргі кезде кейбір микробиологиялық өнеркәсіпте қолданып жүр.

  • Сонымен қатар белгілі бір мөлшерде радий және рентген сәулелері микроорганизмдердің өсуіне және дамуына қолайлы жағдай туғызады. Ал, ол радий және рентген сәулелерінің мөлшері шамадан тыс көбейіп кетсе микроорганизмдер қырыла бастайды. Осының керісінше, кейбір микробтарға белгілі бір мөлшерде осы сәулелермен әсер еткенде, клеткасындағы май, нуклеин қышқылдары, антибиотиктер және витаминдердің мөлшері арта түседі. Мұны қазіргі кезде кейбір микробиологиялық өнеркәсіпте қолданып жүр.

Химиялық факторлардың микроорганизмдерге әсері

  • Түрлі химиялық заттар әр түрлі микроорганизмдерге түрліше әсер етеді. Мәселен, ішінде шіріту бактериялары бар суға алдын ала пептон заты бар шыны капилляр түтікті малса, бірнешесекундтан кейін осы араға бактериялардың барлығы жиналады. Мұндай құбылысты оң хемотаксис деп атайды. Бұдан басқа теріс хемотаксис болуы мүмкін. Мұнда керісінше, бактериялар жаңағы зат толтырылған капилляр түтігі малынған жерден қашықтап кетеді. Пептон, минерал тұздар және фосфор қышқылы тұздары ортада өте аз мөлшерде болса, әдетте оң хемотаксис реакциясын көрсетеді. Ал қышқылдардан сілтілер мен спирттердің әсерінен көп бактериялар теріс хемотаксис реакциясын көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет