Орындаған: Дүйсенбі Наазерке пмно-31-21к студенті Пәні: Инклюзивті білім беру



бет2/2
Дата23.05.2024
өлшемі21 Kb.
#501730
түріБағдарламасы
1   2
Қарағанды қалалық мекемелері

55 білім беру ұйымында 408 сынып ашылды, онда 582 оқушы оқытылыды.
7 мектепке дейінгі ұйымда 57 баланы қамтитын 16 инклюзивті топ жұмыс істейді.
49 мектептерде және 10 мектепке дейінгі ұйымдарында логопедтік пункттерде 2021 бала қамтылған.
Ерекше білім қажеттілігі бар оқушыларды жалпы білім беру бағдарламасы бойынша жеке немесе қысқартылған оқу бағдарламасы психолого-медико-педагогикалық кеңес қорытындысына сәйкес ұйымдастырылады. Инклюзивті сыныпта ерекшелігі бар екіден көп емес бала оқи алады. Инклюзивті және арнайы сыныптарда оқитын ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін арнайы педагогтермен жеке немесе топтық түзету сабақтар өткізу көзделеді. Жаңартылған мазмұн шеңберінде оқыту нәтижелерін бағалау критериалды бағалауды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
Үшінші бағыт -бұл оқушыларды үйде оқыту. Бұл санатқа бала кезінен мүгедек балалар, сондай-ақ ауруға, жарақатқа байланысты мектепке уақытша бармайтын балалар кіреді. Бұл жағдайда, әдетте, оқыту жақын маңдағы білім беру мекемесінің мұғалімдерінің күшімен жүзеге асырылады.
2020-2021 оқу жылының басында Қарағандыда қаланың 53 мектебінен 176 бала үйде оқиды.
Оқушылар үйде жалпы білім беру, жеке, қысқартылған, арнайы бағдарламалар бойынша оқытылады
Инклюзияны дамытудың бастапқы кезеңі 27 мектеп пен "Алмагүл"балабақшасының базасында өткізілген облыстық және қалалық эксперименттер мен жобалар болды. Бұл мектеп пен балабақшада ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен дамытуға арналған әдістемелік платформаның белсенді дамуына ықпал етті. Осы ұйымдардың педагогтары ерекше тәсілді талап ететін балалармен оқу-дамыту процесін тиімді ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік кешендер, бағдарламалар әзірледі. №27 мектеп жұмысы республика деңгейінде оң деп танылды, мектеп инклюзивті білім беру бойынша ресурстық орталық болып табылады, №25"және №54" мектептер стажерлық алаңдар болып табылады. Қаланың барлық мектептері білім бөлімінің бұйрығы бойынша стажерлық алаңдарға бекітіліп магнит мектептері болып саналады.
Барлық ерекше білім беру қажеттілгі бар балалар оқитын білім ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі жұмыс жасайды. Оның құрамында: арнайы мұғалімдер, пән мұғалімдері, әлеметтік педагогтер, психологтар.
Облыстық психологогиялық-медициналық-педагогикалық кеңес ұсынысы бойынша білім алатын балаларға Қарағанды қаласының білім бөлімінің бұйрығына сәйкес инклюзивті сыныптар ашылып қажеттілігіне қарай қосымша штаттық бірліктері бөлінеді.
Қалада "психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті" 2 мектеп (№10 және 48 мектептер) базасында 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
"Дамуында проблемалары бар балаларды оңалту және әлеуметтік бейімдеу» және
"Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету".Көмек басқа мемлекеттік білім беру ұйымдарында түзету қызметімен қамтылмаған 0 жастан 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетіледі.
Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінде логопед, дефектолог, тифлопедагог, сурдопедагог, емдеу-дене шынықтыру кабинеттері ұйымдастырылған.
Барлық мамандар біліктілікті арттыру курстарының сертификаттарына ие.Сондай-ақ, ТК 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға арналған қысқа мерзімді топ жұмыс істейді және ақаудың күрделі құрылымы бар балаларды тасымалдауға арналған инватакси қызметті атқарылады.
2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың қаңтарына дейін барлығы 89 бала көмек алуда.
Барлық нормативтер бойынша бөлімшеде кедергісіз орта құрылған: пандустар, кең есік ойықтары, табалдырықтардың болмауы, түсті сигналдар, тұтқалар. Мамандардың кабинеттері заманауи оңалту жабдықтарымен (тік тіреулер, жүруді үйретуге арналған құрылғы, тербелмелі платформа, швед қабырғасы, "Забава" кешені, тербелмелі баспалдақ, "Дельфа" логопедтік тренажері, "Мульти кит" оқыту жүйесі тағы да басқа )материалдарымен жабдықталған.
Оқу-тәрбие және дамыту процесін ұйымдастыру үшін арнайы мамандардың –үйлесімді жұмысы қажет. Оқушыларды алып жүру қызметіне балалар психиатрлары да кіреді (№25, 27 жалпы орта мектептерде). Олардың барлығы арнайы дайындыққа ие, курстар мен әдістемелік іс-шараларда өз біліктіліктерін жүйелі түрде арттырады. Бүгінгі таңда инклюзивті және арнайы сыныптар мен топтарда жұмыс істеу үшін 100% кадрлық қамтамасыз ету бар.
2018-2019 оқу жылының басынан бастап "№ 102 МГ " базасы мен №5 мектептерде "әр бала мектепке лайық" республикалық жобасының "Болашақ" Корпоративтік қорымен бірлесіп 2 инклюзияны қолдау кабинеті ұйымдастырылды, онда бүгінгі күні аутизммен ауыратын 20 бала айналысады. Әр балаға ілесіп жүретін педагог-ассистенттер бекітілген.
Сондай-ақ, "№ 36 жалпы орта мекткбінде және "№ 25 мектеп базасында."Дара" қайырымдылық қорының қолдауымен инклюзивті білім беруді іске асыру бойынша "Ресурстық орталықтар" ашылды. Аталған орталықтар ЕБҚ бар оқушылармен және олардың ата-аналарымен, инклюзивті практиканы іске асыратын педагогтармен жұмысты көздейді. Орталықтың материалдық және әдістемелік жабдықталуы сүйемелдеу қызметінің жұмысын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл қазіргі заманғы кеңістік, оның ішінде 4 аймақ: сөйлеу , психологиялық, релаксация және дефектолог-мұғалім аймағы.
Қазіргі уақытта орталықтар ЕБҚ бар оқушылармен түзету-дамыту сабақтарын өткізу үшін белсенді пайдаланылады.
Жоғарыда аталған мектептердің әрқайсысына дефектолог - мұғалімдер мен логопед-мұғалімдердің қосымша штаттық бірліктері бөлінген.
Соңғы жылдардағы клиникалық және психологиялық-педагогикалық зерттеулер денсаулықтың әртүрлі проблемалары бар әртүрлі жастағы балалар санының көбеюін көрсетеді. Баланың дамуындағы проблемаларға әкелетін себептер әртүрлі: қолайсыз тұқым қуалаушылық, ішілік дамудың зияндылығы, перинаталды патология, баланың орталық жүйке жүйесінің ерте зақымдануы және басқалар.
Мектептерді материалдық қамтамасыз ету, кедергісіз орта құру – инклюзияны дамытудағы басты мәселелердің бірі. Айта кету керек, олардың шешімімен Қарағанды қаласының білім бөлімі тұрақты жұмыс істейді.
Бүгінгі күні ақыл-ой кемістігі бар , инклюзивті және үйде оқитын оқушыларға 600-ден астам жиынтық көлемінде және 4 000 000 теңгеден астам сомаға әдістемелік өніммен жабдықталды ( оқулықтар, жұмыс дәптерлері және әдістемелік құралдар).
Қаланың барлық 80 жалпы білім беретін мектебі пандустармен жабдықталған.
2020 жылдың басынан бастап білім беру ұйымдарында 29 млн.теңгеден астам сомаға қажетті материалдық-техникалықтармен жабдықталды, 27 мектепке 1500000 сомағаақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін "Қыш ісі" арнайы жабдығы орнатылды.
Әрине, инклюзивті білім беруді сапалы дамыту үшін педагогикалық қоғамдастық та дайын болуы керек, сондықтан инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайын мұғалімдерді даярлау міндеті бүгінгі таңда бірінші кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.
Ол үшін білім бөлімі Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Жазғы мектеп шеңберінде 2019 жылдың маусым айынан бастап инклюзивті білім беруді іске асыратын Қарағанды қаласының педагогтері үшін 30 педагогті қамтитын кәсіби шеберлікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Күзгі,қысқы, көктемгі және жазғы мектептер аясында білім бөлімі 36 сағатқа есептелген проблемалық курстарды ұйымдастырды.
Болашақта 600-ден астам педагогты оқыту жоспарланып отыр.
Инклюзивті білім беретін сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің Барлығы 1590 педагог және арнайы білім беретін 50 педагог. Оларға тиісті қосымша ақы төленеді.
Бүгінгі таңда №27 мектепте "Қашықтықтан оқыту" және "Қосымша білім беру"жобалары жүзеге асырылуда. Осы жобалар аясында семинарлар, шеберлік-сыныптар және вебинарлар, воркшоптар өткізіледі.
Қалалық білім бөлімінің ӘК жоспары бойынша Инклюзивті білім беру бағытында жұмыс істейтін пән мұғалімдері, маман-логопед –мұғалімдер, дефектологтар, психологтар үшін педагогикалық шеберлікті жетілдіру мақсатында жыл сайын білім беру ұйымдарында түрлі іс - шаралар өткізіледі: семинарлар, шеберлік-сыныптар, воркшоптар, вебинарлар, фестивальдар, конференциялар, "дөңгелек үстелдер", байқаулар .2020 жылдың басында арнайы педагогтар қауымдастығы құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Қарағанды қаласының білім бөлімімен жыл сайын ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жобалар іске асырылуда.
2019 жылы Қарағанды қаласының білім бөлімі "Новое время" жеке меншік мекемемен бірлесіп "Рухани жаңғыру "бағдарламасы шеңберінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу бойынша" Мейірімділік "Еріктілер орталығын құру" жобасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік іске асырылатын түрлі іс-шаралар өткізді: қалалық мәслихат депутаты Сыздыкова Сайран Биғалиқызы, Қарағанды қаласының білім бөлімінің өкілдері, қалалық қоғам өкілдері шақырылды. Іс-шараға Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің және қазіргі заманғы көпсалалы колледж студенттері қатарынан еріктілер тартылды
Барлық балалар "Мейірімділік" еріктілер орталығынан, "Нәтиже" ЖШС, Сүт фабрикасы және "Қарағанды металл бұйымдары зауыты"ЖШС сыйлықтар алды.
2020 ж.Білім бөлімінің ММ жоспары бойынша Қарағанды қаласының барлық білім беру ұйымдарында толеранттылық онкүндігі өткізілді, оған Қарағанды қаласының барлық мектепке дейінгі және мектептегі білім беру ұйымдары қатысты. Онкүндік шеңберінде: «Әдептілік Күні», "Отбасылық қонақжай", "кітаптар мейірімділікке үйретеді", тақырыптық сабақ , ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың өмірі туралы фильмдер көру, қызықты адамдармен кездесу, түлектермен және педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу, "мейірімділік күні.
Фестивальге шақырылғандар: Құрбанбаева Гульнар Туретаевна - "Қарағанды облысының Азаматтық Альянсы "Қауымдастығы" ЗТБ президенті; Контаев Сабит Сеитович - Қарағанды облысының РО ОӘО жанындағы ШЖМ дамыту зертханасының жетекшісі;
АРДА қауымдастығы (Аутист балалардың ата-аналар қауымдастығы) балалармен бірге, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және педагогикалық еңбек ардагерлері.
Фестивальдің әр қатысушысы белсенді қатысқаны үшін грамоталармен, сертификаттармен, сыйлықтармен марапатталды
Осы жоба аясында "Жылдың үздік еріктісі" байқауы өткізілді, оған "Инклюзивті волонтерлік мектептері" жасағының еріктілері қатысты. Жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жаңа жылдық мерекеге арналған жоба аясында арнайы сынып оқушылары сыйлықтар алды, 150 бала қамтылды.
Қарағанды ​​«Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасына қосылды. Оның аясында 27-ші мектептің оқушылары жаттықтырушысымен бірге БОЧЧО секциясына барады, бұл дене кемістігін түзету және осы санаттағы балалардың ақыл-ой дамуының көрсеткіштерін жақсарту үшін тиімді ойын әдісі болып табылатын БОЧЧО доп ойыны.

Мәліметтердің растығын анықтайтын құжаттар:


Қарағанды қаласының білім бөлімінің – сайытынан алынған.
Құжат: Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім беруді жүзеге асыру

  • «Инклюзияны қолдау кабинеттерін әдістемелік сүйемелдеу» жобасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға техникалық сипаттама. 20 тамыз, 2021жыл




  • Қарағанды облысы білім басқармасының «Қарағанды қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет